Аузын жауып, жертөлеге сүйреп апарған: Алматы облысында ер адам көршісінің баласын ұрлап әкетіп ұрып, зорлаған

0

Алматы облысында үйдің жертөлелерінің бірінде ер адам көршісінің баласын ұрып, зорлаған.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бала зорлаған педофилге үкім шығарды.

«Қарсылығына және айқайына қарамай, аузын жауып, оны оны ешкім көре алмайтын және тоқтата алмайтын жеке тұрғын үйдің жертөлесіне сүйреп апарып, жұдырығымен ұрған », — деп атап өтті сотта.

Күдіктінің кінәсі куәгерлердің сөзі мен сараптамалардың нәтижесі арқылы дәлелденсе де, ол сотта өз айыбын мойындамаған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы мен зардап шеккен тараптың өкілдері ер адамды қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды.

Іс материалдары мен айғақтарды зерделеген сот күдіктінің кінәсін жеңілдететін ешбір жәйт таппаған. Ал ер адамның қылмыс жасаған кезде мас болуын оның айыбын ауырлататын жағдай деп таныды.

Сонымен, соттың шешімімен аса ауыр қылмыс жасаған Алматы облысының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.