Айғырларды пішу

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………. 6

Негізгі бөлім

1.1 Айғырларды пішу………………………………………………………………………….. 7

1.2 Ашық тәсілмен пішу операциясының техникасы……………………………. 9

1.3 Жабық тәсілмен пішу операциясының техникасы………………………….. 11

1.4 Айғырды түрегеп тұрған жайда пішу…………………………………………….. 12

1.5 Еркек малды пішу және піштіру әдістері……………………………………….. 13

2. Өзіндік зерттеу……………………………………………………………………………….. 19

Техника қауіпсіздігі……………………………………………………………………………. 20  

Қорытынды………………………………………………………………………………………… 21

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………. 22

3. Тіркелген мәліметтер………………………………………………………………….. 23-24 

3.1 Айғырларды пішу (1- сурет)………………………………………………………….. 23

3.3   Айғырларды пішуге арналған аспаптар (2-сурет)………………………….. 24

Аннотация

 

Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, техника қауіпсіздігі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде айғырларды пішу туралы жалпы түсінік қамтылған.

Негізгі бөлімінде айғырларды пішу, айғырларды жатқан жайда пішу, айғырларды түрегеп тұрған жайда пішу, ашық тәсілмен пішу операциясының техникасы, жабық тәсілмен пішу операциясының техникасы, еркек малды пішу және піштіру әдістері туралы жалпы түсінік қамтылған.

Техникалық қауіпсіздік бөлімінде малдарға операция жасайтын хирургия бөлімінде операцияны дұрыс орындау, және оны орындағанда сақтық шаралары, қауіпсіздік ережелері жөнінде айтылады.

Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап айғыр пішу кезіндегі операцияның тиімді жолын қарастыру туралы айтылады.

Тіркелген мәліметтер бөлімінде айғырларды пішу, айғырларды пішуге арналған аспаптар туралы графикалық суреттер көрсетілген.

Айғырларды пішу

Айғырларды қанды тәсілмен пішеді. Ашық әдіс практикада жиі қолданылады. Егер кейбір айғырлардың шап сақиналары кең болса, ондай малды жабық әдіспен пішеді.

Айғырларды пішу алдында шап сақиналарын тексеру керек, сонан соң мал дәрігері керекті тәсілді таңдап алады. Айғырды орыс немесе қазақ тәсілімен көгал жерге сол жағына жығады. Ол үшін айғырдың алдыңғы екі аяғын біріктіріп тұсайды да, артқы оң аяғын арқанмен іліп алып, малдың бауырына қарай қатты тартып жығады. Сосын төрт аяғын байлайды. Сонан соң ұманы зарарсыздандырады да, екі еніне 10 мл 4 проценттік новокаин беріп жансыздандырады. Сонан соң ұманы екі жерінен тіліп, оның ішкі кілегей қабығын қоса жарады да желбезегін кеседі. Сонан соң шәует бауын Занд қысқашымен мыжып, 5-6 минут ұстап тұрады да, екі енін кесіп тастайды. Операцияның соңында теріден аққан қанды тампонмен тазартып алып тастайды. Жараның ішіне йодоформ немесе стрептоцид ұнтағын себеді. Осылай ашық тәсіл орындалады.

Шап сақиналары кең айғырларды жабық тәсілмен пішеді. Бұл әдістің бір ғана ерекшелігі бар. Ұманы жарғаннан соң ішкі кілегей қабықтың үстінен оны жармай қалақша арасына салынады немесе шәует бауы жібектен жасалған жіп немесе жібек жіппен мықтап байлап тастайды.

Айғырларды пішкен кезде мынандай асқыну болуы мүмкін. Терінің қан тамырларынан қан атқыласа, оны қан тоқтатқыш пинцетпен қысып тоқтатуға болады немесе жібек жіппен байлап тастайды. Егер кесілген ұрық таспасынан қан атқыласа, онда қан тоқтатқыш пинцетті тығып, байлайды. Егер ертеңіне жараның ішінен жалпы қынап кілегей қабығы салбырап шығып тұрса, онда жараны ашып, сыртқа шығып тұрған қабықты кесіп тастайды.

Айғырларды (есектерді және қашырларды) әдеттегі ашық тәсілмен пішеді, яғни жалпы қынаптық қабықты тілумен. Ішкі шаптык сақиналары үлкейген, периорхитте немесе жалпы қынаптық қабық шеменінде малды жабық тәсілмен пішеді. Операцияны ашық тәсілмен жатқан немесе тұрған түрде орындауға болады.

Айғырды жатқан жайда пішуі. Малды орыс немесе Решетняк тәсілімен жығып, сол жағына жатқызады, оң жамбас аяғын жығатын қайыс арқаның сақинасына немесе арнайы жылқының мойынына киілген жіпке тартып операция орнын ашып қояды. Қалған аяқтарын бірге байланыстырады. Жығар алдында малдың ұма аумағын ластамау үшін, құйрық шаштарын бинтпен орап байлайды.

Жансыздандырудың маңызы өте зор оны әсіресе жауыз және күшті малды жығардан бұрын және пішу алдында жасалынады. Ол үшін аралас наркозды қолданады. Жергілікті жансыздануды төменде айтылған тәсілдермен істейді.

1) қолмен ұманы берік қысып ұстап алып, ұма терінің түптеріне 5%-тік йод ерітіндісін жағады. Осы орындарға әрбір ұмаға 10 мл 4 % — тік новокаин ерітіндісінің инъекциялайды бұл Л.С. Сапожниковтің интратестикулярдық жансыздану тәсілі.

2) новокаин ерітіндісін қосалқының сыртқа шығып тұрған құйрығынан денесіне бағыттап жібереді;

3) ұманы қолмен берік ұстап инені қосалқының басынан қадап, оның жең бауына қарай 4 см жылжытып 10 мл 4 % — тік новокаин ерітіндісін енгізеді.

4) Ұма мойындағы ұлпаларды инемен тесіп, ен бауының қалыңдығына сол мөлшерде новокаин ерітіндісін енгізеді.

Жансыздану 5-6 минуттан кейін болады. Егер алдын ала хлоралгидрат берілсе онда ұманы қосымша жансыздандыру қажеттілігі жоқ. Хлоралгидрат қолданбағанда тілетін орынға тері астынан 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру қажет.

Ашық тәсіл операцияның техникасы. Операцияны бірыңғай жоспармен әртүрлі пішуге арналған қысқаштарды немесе эмаскуляторларды қолдануымен орындайды. Бұл аспаптардың мақсаты ен бауын мылжалау және қан кетуінің алдын алу үшін, тұрақты тромб жасауы.

Ұманы берік бекіту үшін жергілікті жансыздану қолдануға дейін бекіту оның мойнына икемді резеңке жгут салады. Оны қысқаштарды ең бауынан алғанға дейін қалдырады.

Ұманы, жалпы қынаптың қабығын және енді тіліп кесуі. Ережеде ұманың екі жартысын, сол қолмен мықтап ұстайды, еннің дөңес бетінен (ұма тігіске паралельді) алдыңғы және артқы полюстарына дейін тіледі. Құрсақты скальпельмен бірден ұма терісін, бұлшықеттік — икемді қабықты, фасцияны және жалпы қынаптық қабықты жарып ашады. Егерде кездейсоқ ен тілінсе оның оқасы болмайды. Жалпы қынаптық қабық кесуі тері кесумен бірдей болу тиісті. Егер бірдей болмаса қалта құрылады, оған кан және экссудат жиналып патогендік микрофлора дамуы мүмкін. Тілуді алдымен жалпы қынаптық қабық қабатына дейін кесумен қанағаттануға болады, содан соң скальпелімен шағын тіліп сол қуысқа қайшының браншын енгізіп, терінің алдыңғы тіліміне дейін жылдам жарып тастауға болады.

Қынаптың (өткіндік) будасын кесуі. Жалаңашталған енді сол қолмен алып, сыртқы ен көтергіштің кедергісінен өтіп қынап будасынан тарпып абайлап жарадан сыртқа шығарады. Қынаптық буданы қолмен немесе іскекпен түзетіп жалпы қынаптық қабық жақын маңында кеседі.

Байламды қосымша құйрығы жакын маңда кесуге болмайды, себебі ұрықөткізгіштің артериясына зиян келтіріп оны жалпы қынаптықпен қабықпен бірге бөліп алуы мүмкін. Қысқашты ең бауына салғанда артерия бранштың астына тимей қан кетуі тоқтамайды. Онан әрі сол қолмен енді ұстап будадан іскекті шешпей, оны қынаптық канал жағына жиіріп мезорхиум бойын 7 — 10 см жыртып, ен бауын жалпы қынаптық қабықтан бөліп алады. Соңғы кезеңде, бөлінген қынаптық қабықты, еннен проксималды келтіріп, қынаптық каналға іскекпен қайырады.

Енді алып тастауы. Жалпы қынаптың бұдаларын кесуінен кейін сол қолмен енді және ен бауын жалпы қынаптық қабықтан ажыратып ұманы жоғары шапқа қарай ығыстырады, ал оң қолмен енді ұстайды. Сол кезде ен бауы ашылады. Егерде бірден екі енге операция жасағанда, ен бауының екеуін де ашып қояды. Енді бұдан былай келесі құралдардың біреуін пайдаланады.

1. Зандтың қысқышымен ен бауын мыжу — қолдануға ең көп таралған әдіс. Еннен 7-9 см қашық ен бауына қысқыштардың бранштарын оларды бекітілген бұрандасының басын сыртқа қаратып салады. Екі қолмен қысқыштардың бұтақтарын тоқтағанша қысып, оларды тұтқасында болатын затворымен бекітіп қояды. Занд қысқышының бранштарымен ен бауының екеуінде бірден қысып қоюға болады, бірақ ол үшін екі браншты әрбір ен бауын бөлектік қысатын Амосов қысқышын қолдануы қолайлы келеді.

Қысқышты сыртынан қысылған ен бауын енмен бірге майлықпен немесе арнайы қысыммен жабып, саусақтармен 10-15 айналдырып үзілгенше бұрайды. Кейде тәжірибеде торзильдеудің орнына ен бауын браншқа жақын маңда қайшымен кеседі. Ен бауының культясына 5%-тік йод ерітіндісін жағады. Затворын бірте-бірте жылжыта қысқышты абайлап, өте сақ етіп шешеді. Қалған қуыстан қан ұйысқандарын тазартып, ұма қуысына және іштеріне асептикалық ұнтақтарды, дезинфекциялайтын маймен, немесе реверзибелдейтін ақ стрептоцид эмульсиясын, шприцтен резеңке трубка арқылы немесе қалақшамен енгізеді.

2. Эмаскулятор қолдануы Занд қысқышынан артықшылығы бұл жағдайда енді бұрамай бөліп алады. Эмаскулятордың бранштарында доғал және өткір бөлімдері болады. Эмаскуляторды ен бауына міндетті түрде бұранданың басын сыртқа қаратып салып аспаптың тұтқаларын баяулап қысады. Аспаптың доғал жағымен ен бауы қыспақта болады, ал өткір оның бөлімі енді бөліп алады. Салынған аспапты 5-6 минут ұстайды. Аспаптың тұтқаларын баяу жіберумен шешеді. Жуандатылған қынаптық буда бөлімі әлі өте тығыз емес жас айғырларды, қынаптық буданы жармай эмаскулятормен пішуді жүзеге асыруға болады. Ұма қабырғаларын және жалпы қынаптық қабықты тілгеннен кейін оны қосымша ен бауының алдынан көлденең түзу қайшымен қосымша жарып ашады. Эмаскулятордың бранштарын ен бауының айналдырылған жалпы қынаптық қабық артқы бөліміне тиіп тұрған көлемге салады. Бранштарды жабылуының алдында қосалқының құйрығымен жабылған қабық бөлімі эмаскулятордан төмен орналасқанына көз жеткізу керек. Қысқыштардың бранштары жабылғаннан кейін ен және қосалқамен бірге қынаптық буда және оған жабысып тұратын жалпы қынаптық қабық үмеген соқыр қабығы қоса кетеді. Операцияның мына тәсілінде жалпы қынаптық қабық қапта, пішудің жара қуысы мүлдем болмайды.

Жабық тәсілмен пішу операциясының техникасы. Енді лешеткаларды немесе лигатураны қолдануымен алып тастауы.

Лещетканы қолдану мен пішу. Лещетканың бір жағын жіппен берік байлап автоклавта немесе стерилизаторда қайнатып зарарсыздандырады.

Тартып ұстаған ұманы қабаттарын абайлап жалпы қынаптық қабыққа дейін тіледі. Содан соң жараны доғал тәсілмен кеңітеді, ұма қабаттарын жалпы қынаптық қабықтан және сыртқы ен көтергіштен бөліп алады. Ұманы мойын бөліміне дейін ашады. Жалпы қынаптық қуыста бөтен еш зат қалмағандығына тексері (пальпациямен немесе қабықтардың қабырғаларын үмеген тесік жасап), оны ен мен бірге 180° бұрап одан 7 см жоғарырақ жануардың денесіне көлденең келтіріп лещеткаларды салады. Лещетканың соңыларын арнайы бұрандамен немесе қысқаштармен жақындатып мықтап берік байланыстырады. Лещеткадан 2-2,5 см төмен түсіп, жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауын қайшымен кесіп тастайды. Ен бауының қалдығын 5% йод ерітіндісімен домдайды. Лещеткамен қысылған жалпы қынаптық қабықтың үштері қайтадан айналып кетпеу үшін, екі лещетканы стерилденген майлықпен жауып оның шеттерін ұма жаралардың шеттеріне жапсыра тігеді. Лещеткаларды 8 күннен кейін шешеді немесе қашан олар өздігінен құлап түскенін күтеді.

Лигатура қолдануымен пішу. Жалпы қынаптық қабықты тіліп ашқаннан кейін ұма қабаттарын құрсақ қабырғаға қарай тықсырып, жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауына еннен алыстатын Занд қысқышын салады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қысқыштың браншын ашады, енді жалпы қынаптық қабықпен бірге 180° бұрады және қысқышпен ең бауын екінші қайтара жаншады. Қысқышты алып оның орнын жылдам жуан және ұзын кетгут жіппен тартып байлайды. Ен бауын үш саусақ енінен төмен эмаскулятормен немесе қайшымен кесіп тастайды. Лигатураны ен қалдығы бөлініп түскеніне дейін қалдырады.

Айғырды түрегеп тұрған жайда пішуі. Операцияны айғырларды жатқан жайда пішуден жеткілікті тәжірибесі бар хирург жасайды. Пішудің ашық тәсілін қолданады. Айғырды сол жамбас аяғын діңгекке көтеріп, станокта бекітеді немесе жай тұра береді тек басынан біреу ұстап тұру қажет. Күре тамырдың ішіне, торбуджик, ромпун немесе хлоралгидрат немесе литикалық қоспаны енгізеді. Новокаин ерітіндісі инъекциялайды. Жоғарғы ерінге бұрау салып оны көмекші ұстап түрады. Ұманың операция жасайтын орнын зарарсыздандырғаннан кейін еннің мойнына икемді жгут салып, операцияға кіріседі.

Операция жасаушы оның иығы айғырдың қарынының төменгі қабырғалар деңгейде болу үшін, тізелерін бүгіп, айғырдың сол бүйір жағында ұмаға бетпен қарай тұрады.

Содан соң ол сол қолымен ендерді қысып ұстап алып жылдам қозғалыспен кезекпен ұманы жалпы қынаптық қабықпен бірге краниокаудальдық бағытпен жүргізе отырып тіледі. Керісінше теріс бағытпен кескенде ол өзінің сол қолын зақымдауы мүмкін.

Енді ашқаннан кейін жедел қайшымен кезекпен өтетін байламдарды кесіп, ен бауына бірден немесе кезекпен Занд қысқышын қысып орналастырады. Операцияны ендерді бұрап алып немесе қайшымен кесіп тастаумен аяқтайды. Сондай әдіспен енді эмаскулятормен алып тастауға болады. Икемді жгутты қысқашты немесе эмаскуляторды алғаннан кейін шешуге болады. Операция барысында айғырдың әртүрлі қозғалыстары болуы мүмкін. Сондықтан хирург малды артық алаңдатпау үшін оның құрсақ қабырғасына иығын тигізбегені дұрыс болады. Егер жануар ерекше мазасызданса онда бүрауды шешіп, оған аздаған сұлы беруге болады.

Еркек малды пішу және піштіру әдістері

Еркек малды пішу тәсілдерінің саны өте мол. Бірақ олардың барлық негіздерін екі тәсілге біріктіруге болады — қанды және қансыз. Ол тәсілдерді пайдалануы және жүзеге асыруы операция жасалатын малға, шаруашылықтың жағдайына, ветеринар маманның шеберлігіне, операцияның мақсатына, операцияның аумағындағы патологиясына және қолданылатын құралдардың ерекшеліктеріне тәуелді болады.

Малды қанды әдіспен пішуі кең таралған, жиірек қолданылады; ондайда ашық және жабық тәсілдердің қолдануымен көбінде енді және қосалқаны толық алып тастайды. Ашық тәсілде жалпы қынаптық қабын жарып ұманы ашып оны қосалқасымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы қынаптық қабықты кеспейді, енді және қосалқаны оларды жабатын жалпы қынаптық қабықпен бірге тіліп алады.

Жыныс бездердің элементтердің жарым — жарты жоюдың негізгі мақсаты — шәует бөлінуі тоқтауы, еркек жыныс гармон өндіруін сақтау. Қанға бөліп шығатын жыныс гармоны малдың үйлесімін молырақ дамытып қалыптастырады ал ұрықтандыруға қабілеттілігі болмайды. Осы тәсілді тап толық пішу деп есептеуге болмайды. Оны көбіне стерилдеу деп атағаны дұрыс болады. Ең көп таралғаны 2 тәсіл:

а) еннің тек қана паренхимасын жою (экспрессиялық пішу)  оның болбыр ұлпасының негіздерін және қосалқасын сақтаулы.

б) еннің қосалқасының құйрықтарының резекциясы — операцияны кейде қойларда және өгізшелерге жасайды. Операция жасалған малда либидо сақталып олар ұрғашыларды ұрықтандыруға мүмкіншіліксіз болғандықтан, мына операцияны тексеретін қошқарларды дайындау мақсатымен ұсынылған болатын (жыныс стерилдеу).

Қансыз пішу әдіс, перкутарлық пішу — өнімді малға ең көп қолданылатын пішудің түрі. Ол негізі екі дербес тәсілдерден тұрады: ен бауының бүтіндігін перкутарлық бұзуы немесе еннің үзу.

Ен бауын бүтіндігін перкутарлық бұзуға негізі екі әдісі бар.

а) Ен бауының ұма мойын аумағында, терісінің сыртынан, арнайы қысқыш арқылы перкутарлық әдіспен мыжып жаншу немесе үзу арқылы. Ен бауын мыжып жаншығанда еннің қоректенуі бұзылып, одан кейін семеді. Сорылатын өнімдер малдың организімінің дамуына және өсуіне ынталандыру әрекет көрсетеді, енді толық алып тастағанда бұндай ерекше әсер болмайды.

б) эластрация — не бауына икемді резеңке сақина салып қысу, ол жағдайда ен ұма мен бірге толық некрозға ұшырап денеден бөлінеді.

в) крипторхизмды жасанды жасау — енді қынаптық канал қуысына итеріп салу және оны қайтадан шықпау үшін ұма төменгі бөліміне икемді сақина салумен бекіту.

Бұзауларды қанды және қансыз тәсілмен пішуге болады. Қанды тәсілдің ішінде жабық пішу ерекше орындалады. Ол үшін бұзауды сол жағына жығады, төрт аяғын арқанмен мықтап байлап, аяқтарын бауырына қарай қатты тартып, ұмаға кеңшілік жасалынады, сонан соң ұманы жылы сумен сабындап жуып, таза стерильді орамалмен сүртіп, бес проценттік йод тұнбасын жағады. Сол қолмен ұманың жоғарғы түбінен қысып ұстап, ұрық бездері терісінің астыңғы жағынан қатты тартып кеседі. Ұманың дәл ортасынан кесуге болмайды. Теріден аққан қанды тампонмен немесе қан қысқаш пинцетпен тоқтатады. Сонан соң ұрық тамырын жібек жіппен қазықбау шалып тастайды да, ұрық безін кесіп тастайды. Соңынан ұманың ішіне йодоформ немесе стрептоцид ұнтағын себеді. Жараның шетіне йод жағады.

Мал шаруашылығында тұқымға жарамсыз барлық еркек қозы мен бұзау пішіледі. Пішілген мал жуасып, жем мен шөпті онша көп талғамай жеп, жақсы семіреді. Және етінің сапасы да артады. Пішілмеген және түқымға жарамайтын қозы мен бұзауды мал арасында ұстау шаруашылыққа зор зиян келтіреді. Мұндай еркек мал етке өткізілгенде, оның қоңдылығы бір — екі сатыға кемітіледі.

Мал дәрігерлік және зоотехникалық практикада қозы мен бұзауды тым ерте пішу орынсыз кең өріс алып келеді. Қозы 3-4 апталығында, ал бұзау 3 — 5 айлығында пішіледі. Өйткені осы уақытта олар пішу операциясын жеңіл көтереді деп есептеледі. Сондай-ақ жыныс бездерінің ішкі секрециясы, белгілі бір жасқа дейін мал организімінің өсіп — өнуіне өзінің пайдалы әсерін тигізеді.

Сондықтан да ұрық шығаруды тоқтатып, жыныс бездерінің гармондық әсерін сақтайтын пішу шарасының маңызы өте зор. Қозыны әр мезгілде пішу тәжірибелеріне қарағанда 2-5 айлығында пішілген топтағы қозылардан жүн көп қырқылып, олар салмақты мол қосқаны анықталады. Ал жайылым жағдайында бұзауларды 7-10 айлығында пішу ең қолайлы уақыт болып саналады.

Малды пішу ерекшелігінің де маңызы өте зор. Малды пішудегі барлық әдістердің ішіндегі экономикалық жағынан ең тиімдісі — жыныс бездерінің ішкі секрециясын сақтай отырып пішу.

Қозы мен бұзауды жайылым жағдайында қансыз немесе тері астынан жаппай пішуде қысқаштың алматылық түрін пайдалану қарапайым, әрі онымен жүмыс тез орындалады.

Тері астынан пішу әдісі. Бұл әдіспен қозыны сол жағына жатқызып қойып пішсе, бұзауды тік тұрған күйінде пішуге болады. Оператор сол қолының саусағымен малдың ұрық жолдарын ұстап, үрпіне қарай жылжытады. Осыдын кейін ұрық жолдарын қысқаштың жүзімен қысады. Мұндай жағдайда қысқаштың ойық жері ұрық жолына дәл келіп, төменгі жағуымен қысуы керек. Сөйтіп, қос қолымен ақырындап қысыр, қысқашпен ұрық жолын мыжғылап езеді. Сонан соң ұрық жолын қысқаштан шығармай, құралды 1-1,5 см жоғары қарай жылжытады да, қысқашты тағы жиі қысып, енбаудағы ұрық жолын үзеді. Қысқаш дұрыс салынса ұрық таспасының шықырлап үзілген дыбысы естіледі.

Осы әдіспен екінші еннің де таспасын үзеді. Қысқашпен қысқан кезде ол жерді 5% карбол қышқылының ерітіндісімен күйдіру керек. Бірақ терінің жаралануы сирек кездеседі.

Операция өткеннен кейін еннің үлпершегі қан тамырларымен қоректене алмай, жансызданып, 6-8 айдан соң семіп қалады. Ондай еннің семген паренхимасы малдың өсіп өнуіне, өнімнің артуына жақсы әсерін тигізеді.

Керекті құрал-жабдықтар: арналған ремендер,айналшықтар, шелек суға, жууға арналған  умывальник, қолды дизинфекция жасау үшінтазиктер, қолға арналған шеткалар, сабын, сүлгі, занда қысқышы – 2 – 3 рет , ен өзекшелерін  бұрау үшін 1 – 2 уысқыштар, тік қайшылар – 2 шт ,обиха винті , 10 – 2 гр шприцтер, инекционды инелер – 3-5 шт, қолды оброботка  жасау үшін 0,25%

Нашатыр спирті, иодталған спирт 41,300, иод тұнбасы, сұйық вишневский мазь, стребтоцид эмульсиясы немесе стерильді вазелин,  0,5%новокайн ерітіндісі – 100 мл, 9%-і  новакайн – 50мл, тампондар, салфеткалар, мақта.

Бұлардан бөлек  тағы да қан кеткен жағдайда және майлардың, ішектердің түйіп кеткен жағдайда көмек көрсету үшін алдын- ала стерильденіп қойылған құралдар болуы қажет. Стерильденіп қойылған құралдар болуы қажет. Олар простыни1 шт, халат 2 шт, сүлгі 2 шт, хирургиялық қолғаптар, пена пинцеті 5 шт, кохера пинцеті 2 шт, скальпельдер, хирургиялық инелер,хирургиялық шелк 4 8-2ампуладан,воронка және резионал трубка және қан алу үшін инелер,10%-ті хлоралгидрат ерітіндісі-400мл, риванал ерітіндісі 1:1000;

Натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі  -2 л .

Тарттырылатын мал жасы .еркек жылқылары әсіресе  3 жасар кезінде тарттырады, бұдан ертерек кезеңі  1,5 – 2 жасар кезінде. Ендігі мақсатта (ен жарасына, орхитох, периорхит, интравагинальді грыжа) еркек жылқының кез-келген жаста тарттырады. Жалпы тарттыру кезеңі көктемде, күзде яғни шыбын – шіркей жоқ кезде. 

Тарттыру туралы түсінік.

Тарттыру деп қолдап еркек мал және ұрғашы мал жұмыс бездерінің қызметін тоқтату. Еркек малдарды жұмыс бездерін алып тастау – орхидэктолим (грек тілімен аударғанда “орхидес” – бездер және латын тілінен аударғанда “эктолия” – келіп тастау) деп аталады. Ал ұрғашы малдарда овариоэтолий (“овария” – бездер) деп аталады. Жыныстық бездер 2 қызметі бар: секреттік және гормондық. Секреттік функциясы жыныс щёткаларының пайда болуна қатысады, екіншісі – гормон бөлінуін атқарады.  Гормоналды функциясы ол ағзаның ішкі секретция бездерімен байланысты. Жыныс бездерін қолдап тоқтату нәтижесінде ішкі секретция бездерінің зат алмасуы және қызметі тоқтайды немесе өзгерістер пайда болады. Кострация жас малға ерекше әсер етеді. Ол малдың өлуі және дамуын қояды.

Тарттыру экономикалық және емдік мақсатта жасалынады. 

Экономикалық мақсат ол төменде көрсетілген мақсатта жасалады.

Жыныс бездерінің қызметін тоқтатқан кезде мал бордақылауға бейім болады. Себебі мал тез май жинайжы және салмақ қосады. Бордақыланған мал еті жұмсақ және жағымсыз иістерден арылады. 

Емдік мақсатта интравагинальды грыжа, орхимах, периорхитах, ендер жарақат алған кезде және ен өзекшесі  ауырған кезде. 

Еркек малды тарттыру тәсілдері.

Тарттырудың тәсілдерін негізгі 3 топқа бөлеміз: 

  1. Енді және қосымшасын алып тастау;
  2. Ендердің жалғастырушы ұлпа негіздерінің қосымшаларын қалдыру;
  3. Ен және қосымшасына қан келуін тоқтату және нерв жүйесімен ажырату:  

Енді және қосымшасын алып тарттыру. Бұл тәсіл ашық және жабық түрде де жасалады. Көп жануарларда машонкамен кейіп енді және қосымшасын алып тастайды.

Тарттыру техника. Тарттырудың ашық және жабық әдісі бар. Жабық тәсілмен шат сақинасы кеңейген жылқыны немесе сыртқы жыныс мүшесі зақымдалған кездерде қоданылады.

Ашық әдіс. Ендерді сол қолмен ұстап, мошанка мойнын бір жағынан бас бармақпен, екінші жағынан қалған саусақтарымен ұстайды. Мошанка тігісі ендер ортасында болуы керек. Мошанка тігісіне паралельно скальпельмен тігісін,  бұдшық етті қабатын және куперова фасиясын кеседі.мошанка тігісіне  1,2 – 2 см жеткізбей. Жалпы қынаптық қабатты еннің алдыңғы және артқы жағынан үстінен скальпельмен кеселді. Ал ортасын қайшымен кеседі. Мошанка ұлпасы және жалпы қынаптық қабат еннің ұзына бойы келуі тиіс. Сонан соң енді шығарып алып, қайшымен жалғасқан жердің қалыңдаған  жерінен кеседі және ен өзекшесіне еннен 7 – 10 см жоғары жерінен Занда қысқышын  қыстырады. Өзекшені  қысып  жаймен қолмен бұрап немесе арнайы қышқыштармен бұрайды. Енді бұрап алғаннан кейін иод настойкасымен оброботка жасап, Занда қысқышын ақыры алып, мошанка терісін туралайды. Кесілген жерлеріне Вшиневский мазын жағады және стрептоцид эмульсиясын немесе стерильді вазелин сүртеміз. 

Осындай жолмен екіншісін де аламыз.

Тарттырудың бұл тәсілі профессор А.А.Байбуртиян  ұсынған. Бұл тәсілде еннің паренхимасын ғана алып қалғанын сақтап қалады. Бұл кезде сперма бөлу тоқтатылып, жыныс бездерінің гормондық қызметтері сақталады, яғни мал өлуі мен дамуы жақсарады.

Бұл тәсіл мал қошқарларды, бұқашықтарды және шошқашықтарды тарттыруға арналған. Бұл  тәсілмен атрттырылған мал кәдімгі тәсілмен тарттырған малмен салыстырғанда 1 жыл кезінде 10 – 12 % артық ет береді. Бұл тәсілмен төмендегідей тарттырады. Мал фиксация жалағаннан кейін опрациялық поля дайындағаннан кейін енді сол қолмен ұстап, үшкір скальпельмен мошонканы тілеміз және енді де тереңдігін 0,5 см – ден 1,2 см – ге дейін (мал түріне байланысты) осындай көлемде кеңдігін кеседі. Скальпельді кіргізген соң оны бұрайды, 90 – 1800  — қа оның +. Пайда болған жарадан паремхимасын сыртқа сығып шығарады. 

Жақсы сығылмау салдарынан қалыптасу болып, жыныстық рефлекс  сиылуы мүмкін.

Тері астында тарттыру. Бұл әдісті енді алып атстамастан оның қызметін тоқтату. әр кезде әр түрлі тәсілдер ұсынылған:

  1. Ен өзекшелерін тері астында бұрау (шопан әдісі “бистурнаж”).
  2. Ен өзекшелерін тері астында үзу ( қазақ әдісі “тарту”, четноморский әдісі); 
  3. Бурдицио, Толенский, Телятникова және т.б. басқалардың қысқыштарымен ен өзекшелерін қысу.,
  4. Тері астында ен өзекшелеріне шгатура қою.
  5. Ен өзекшелерін тері астында езу, 
  6. Мочаловскии қысқышымен  ен паренхималарын езу,
  7. химиялық заттармен ен жыныс бездерінің қызметін тоқтату (мысалы , ен өзекшесі венасына 12%натрий хлорид ерітіндісін немесе луголевский ерітіндісін М.Н Кириллова тәсілі арқылы.

Ұсынылған тәсілдер ішінде кең көлемде қолданыс тапқандары А.Г. Черноморский, Телятникова және А.Н.Мочаловский ұсынған тәсілдері.Химиялық әдіс нәтиже бере алмады.

А .Г.Черноморский әдісі. Бұл әдіс қазақтың тарту әдісі деп аталады. Бұл әдісті тері астында  ен өзекшесін үзеді және бұл жолды жас қошқарларды 2 жасқа дейін және  ешкілерді 1 – 2 айлық кезінде.

Бұл кезде көмекші қошқарды алдыңғы ақтарынан жоғары көтеріп тұрады. Операция жолаушы сол қолымен енді ұстап мошонканың түбіне қарай тартады. Сол кезде ен өзекшесі тартылып қолға жақсы сезіледі. Сонан соң оң қолының сұқ және ортаңғы саусағымен ортаңғы  екінші бетінен бас бармағымен ұстайды да мошонка мойнынан ен өзекшесін ұстап жоғары қарай жылдам түрде тартып үзеді. Ен өзекшесімен бірге сол кезде без  көтеріп тұрғышы да үзіледі, осының әсерінен ен мошонка түбіне түседі. Оң оң жақ емімен де солай істейді.

2 – 3 сағаттан кейін белгілі мөлшерде ісік пайда болады. Ол 2 – 10 күндей тұрады. Сонымен қорегі үзілген ендер сіңіріледі. 25 – 30 күннен соң анық көрінеді.бұл әдіс ерекшелігі ешқандай құрал және медикаменттер қолданылмайды.автордың айтуынша бұл тәсілмен тарттырылған малдан сапалы  ет алуға болады. Бұл тәсілмен тарттырылған қойдан  72 – 82,7% таза ет6 ал шгатура 2д3с3мен -4,4 – 7,%,ен өзекшелерін үзу – 0,9 -70% таза ет алуға мүмкіндік тудырады . И.А.Телятников ұсынған қысқыштар мен тарттыру тәсілі. Бұл тәсілде ен өзекшелерін езеді. Ен қабына зиянын тигізбей . қоректен және нерв жүйесінен айырылған ендер  2 – 3 айдан соң сіңіріліп кетеді. Бұл тәсілді жас қошқарларды, бұқашықтарды  1 айдан 5 айлық мерзімге дейінгі кезеңде қолданады.

Қошқарларды жанымен жатқызып ал бұқашықтарды тұрған күйінде фиксация жасайды. Хирург мал артқы  жағынан сол қолымен ен өзекшесін ұстап, оны машонка қабырғасына тақап қысқыш тістері  арасына ұстап жылдам қимылмен қысып, езіп жібереді. Сол сәттуе (хруст) дыбыс естіледі, яғни үзілгеннің белгісі. Ен өзекшелерін үзу еннен 0,5 см жоғары және 3см – ден аспауы тиіс. Бұл әдіс те жоғарыда айтылған тәсілге ұқсас ен өзекшілерін езеді. Мошонка терісіне зиянын тигізбей . + тарттыру тәсілі . А. Н.мочаловский ұсынған. Мошонка біртіндігін бұзбастан  арнайы қысқыштармен ен паренхималын езеді.бұзылған  паренхима малдың өсуі мен дамуына әсер ететін биогенді стимулятор және гормон көзі  болып табылады. Бұл тәсілмен  жол қошқарларды 2 – 5 айлық кезінде тарттырады. 

Операцияны келесі әдіспен орындайды  жанымен жатқызып немесе тігінен отырған күйінде ал бұқашықтарды жанымен жатқызып фиксация жасайды . сонан соң бір енді қысқыштың табақша тәрізді жағына қойып болады қысқыштың бір жағын жерге тіреп 2 –ін қолмен болады. Бұл кезде еннің өзіндік қынаптық қабаттың кеңістігіне шығарады. Терісі және жалпы қынаптың қабакты бұзылмайды. Бұзылмаған және мыжылмаған паренхима бөліктері қолмен мыжылады.

1 – ші  сағ ішінде тарттырғаннан кейін ісік пайда болады, ол 2 – 3 күннен ейін қоюды . бұзылған  бездер паренхимасы 20 – 40 күннен  кейін сіңіріліп кетеді.

Эмалкулятор қолданып атртыру әдісі де осы жоғарыдағы тарттыру тәсілі секілді. Эмалкулятор еннен 4 – 5 см жоғарғы тоның қосымшасынан жоғары кесілетін жерге қояды.  Эмалкулятормен қысуды өзекшені әрине жай істейді. Ол еннің түсуіне дейін. Қан кету салдарынан бұл тәсілді практикада сирек қолданады. 

Ашық әдістегідей мошанканы кесеміз. Жалпы қанптық қабатты кеспей оны сыртқы шат сақинасына  дейін стерильді тампонмен мошанка терісінен ажыратады. Ен өзекшесіне жалпы қынаптық қабат сыртынан, артынан алдына қарай қысады. Оларды винтқа салып қысады. Сонан оларды мықты шпагаттан істелген шгатурамен байлайды. 

Қорытынды

Қорыта келгенде айғырларды дұрыс пішу керек. Айғырларды қанды тәсілмен пішеді. Ашық әдіс практикада жиі қолданылады. Егер кейбір айғырлардың шап сақиналары кең болса, ондай малды жабық әдіспен пішеді.

Айғырларды пішкен кезде мынандай асқыну болуы мүмкін. Терінің қан тамырларынан қан атқыласа, оны қан тоқтатқыш пинцетпен қысып тоқтатуға болады немесе жібек жіппен байлап тастайды. Егер кесілген ұрық таспасынан қан атқыласа, онда қан тоқтатқыш пинцетті тығып, байлайды. Егер ертеңіне жараның ішінен жалпы қынап кілегей қабығы салбырап шығып тұрса, онда жараны ашып, сыртқа шығып тұрған қабықты кесіп тастайды.

Айғырларды (есектерді және қашырларды) әдеттегі ашық тәсілмен пішеді, яғни жалпы қынаптық қабықты тілумен. Ішкі шаптық сақиналары үлкейген, периорхитте немесе жалпы қынаптық қабық шеменінде малды жабық тәсілмен пішеді. Операцияны ашық тәсілмен жатқан немесе тұрған түрде орындауға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Автор: Шакалов К.И.  И.А.Калашник и другие.  Частное  ветеринарная хирургия. Ленинград  1981. “Колос” 
  2. Авроров Н.А. Лебедев А.В. Ветеринарная оптомология. Москва. Агропромиздат 1985 г.
  3. Башкиров Б.А. Белов А.Д. и др.  Общая ветеринарная  хирургие. Москва. Колос. 1982 г.
  4. Магда И.И.   Иткин Б.З. Боронин И.И. “Оперативная хирургия”   Москва. 1990 г.
  5. Матвеев В.В. Остеосинтез переломых костей у животных. Проволочными швами. Ветеренария. 1980 г.