1-сынып оқушысының ант берген сәті жұртты сүйсіндірді (видео)

0

1-сынып оқушысы ежіктеп ант бере алмаған депутаттарға мастер-класс көрсетті
Қазақ тілінде жөндеп ант бере алмаған депуттаттар жұртқа күлкі болды. Десе де мұны ұятқа балап, мемлекеттік тілді дұрыс меңгермеген депутаттарға ашуланғандар басым болып шықты.

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов ант беру рәсімінде ант мәтінін бұзған депуттар туралы видеосын бөлісіп, ана тілін білмеген жандардың көңілге қаяу түсіргенін жасырмады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Даулет Мукаев (@dauletten)

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Конституциясы мен Заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!». Бар болғаны осы 4-5-ақ сөйлемнен тұратын кішігірім мәтінді бүгін елдің елеулісі, халықтың қалаулысы деген депутаттарымыз айта алмады. Ант беру рәсімінде дал-дұлын шығарып, каша қылып жібердіңіздер ғой, құрметті депутаттар», — деді айтыскер.

Сондай-ақ, ол ант мәтінінің алдын ала берілетінін депутаттардың бетіне басты.

«Депутаттарға халық тағдырын сеніп тапсыра ма? Әлде әліппені қайтадан өту керек пе мен түсінбедім. Ант беру рәсімінде сіздер антты бұзып тұрсыздар ғой. Халыққа адал қызмет етемін дейсіздер. Бірақ халықтың тілінде сөйлей алмай жатсыздар. Аяқ астынан сөз келіп қалса түсінемін. Адам аяқ астынан сасып қалуы мүмкін. Бірақ сіздерге «Ертең сағат осындайда, осындай жерде ант беру рәсімі өтеді деп айтатын рәсімдеріңізге дейін алдын ала берілді, берілмеді емес. Ол ақымақ адамға да түсінікті. Сол үш-төрт-ақ сөзден тұратын мәтінді мыңқ-мыңқ, быдық-быдық демей халықтың көзіне қарап шын жүректен ан беруге болатын еді. Мына тірліктеріңіз үшін сіздер ұялу керексіздер», — дейді Жандарбек Бұлғақов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Батырдың парақшасы🤵 (@batyr_bloger)

Бұдан кейін желіде 1-сынып оқушысының ант беріп тұрған видеосы елді елең еткізді. Көпшілік «депутаттар осы бала құрлы болмады» деп оған сүйсіне қарағанын жасырмады.

«Кешегі АНТ берген депутат аға-апаларымыз мына 1-сыныптың баласы құрлы болмады ғой🤦‍♂‍ Аманжол Әли есімді балақай «Жас ұлан» қатарына қабылданып, ант беріп тұр», — деп жазылған видеоның тұсында.

«Жарайсың, балақай. Сізге де рахмет осы мағыналы видео үшін», «Ант берудің өзі жауапкершіліктің басы емес пе?», «Керемет», «Жаным сол», «Алғы депутаттардың алды болды», «Міне біздің болашақ», «Тіл-көзден аман бол» деп жазды желідегілер.