Ротшильд отбасының ең бай мүшелерінің бірі қайтыс болды

0

Edmond de Rothschild Holding SA тобын басқарған барон Бенджамин де Ротшильд жұма күні 57 жасында қайтыс болды, деп хабарлады AFP.

«Ариан де Ротшильд пен оның қыздары 2021 жылы 15 қаңтарда түстен кейін Швейцарияның Пригни қаласындағы отбасылық үйінде жүрек талмасынан зардап шеккен күйеуі мен әкесі Бенджамин де Ротшильдтің қайтыс болғаны туралы қатты қайғырады», — делінген отбасы хабарламасында.

Баронның төрт баласы қалды. Женевада орналасқан Edmond de Rothschild Group-тың бас компаниясы — француз-швейцариялық Rothschild Holding SA 173 миллиард швейцар франкына бағаланатын жеке банк қызметі мен активтерді басқаруға мамандандырылған. Марқұм барон Ротшильдтер отбасының ең бай мүшелерінің бірі болған.

Ол 1997 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін Edmond de Rothschild Holding SA компаниясының бас директоры болды және 1998 жылдан бері Challenges журналының ең бай француз отбасылары тізімінің тұрақты мүшесі болды.

Керімсал Жұбатқанов