Валюталық бағам және валюталық нарық

0

Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………………………………..3

Валюталық бағам және валюталық нарық …………………………….4

  1. Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері………………………………. 9

2  Валюта  бағамы, оның  экономикаға  әсері……………………………………13

3  Валюталық нарықтар……………………………………………………………………15

Қорытынды………………………………………………………………………………23

Қолданған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..24

Кіріспе

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады,ал оның формасы өзгереді. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар:

1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат.

  • экономикалық – халықаралық тәжірибеде анықтелатын экономикалық тікбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10% дейін), жұмыссыздықтың, төменгі деңгейі (8% дейін),дүниежүзілік нарықтағы тепетеңдік.
  • Психологиялық жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік    шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ – ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да валюталық “қоржын” базасында бакітілген.

Валюталық бағам  және валюталық нарық

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігімен шетелдік ақша бірлігімен немесе халықаралық валюталық бірлікпен берілген бағасы.

Валюталық бағамның құндық негізгі валютаның сатып алу қабілеті болып табылады. Бұл  экономикалық категория тауар өндірісімен және тауар өндірушілерімен дүниежүзілік нарықтағы өндірістік қатынастарды білдіреді. Құн тауар өндірісінің экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлі елдердің ұлттық ақша бірліктің салыстыруы өндіріс және айырбас процесі қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгізілген. Тауарлардың және қызметтерді өндірушілер мен сатып алушылар валюталық баған көмегімен ұлттық бағаларды басқа елдердің бағаларымен салыстыру нәтижесінде белгілі бір елде қандай да бір өндірісті дамытудың немесе күрделі қаржы жұмсаудың тиімділік дәрежесі анықталады.

Валюталық бағанға әсер ететін факторлар: кез келген баға сияқты валюталық баған да құнның негізінен валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты ауытқып отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр түрлі факторларға тәуелді:

Һ   инфляция қарқыны

Һ   төлем байланысының жағдайы

Төлем балансы- елдің дүниежүзілік байланысының құндық көрінісі.

Активті төлем балансы ұлттық валюта бағанының өсуіне мүмкіндік береді, өйткені ұлттық валютаға шетелдік борышкерлер жанынан жанынан сұраныс көбейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валютабағанының төмендеуін туғызады. Себебі борышкерлер өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін ұлттық валютаны шетелдік валютаға сатады (импорт көп болады).

Төлем балансының тұрақсыздығы сәйкес валютаға сұраныс пен ұсыныстың секірмелі өзгеруіне әкеліп соғады. Қазіргі уақытта төлем балансына капиталдың халықаралық қозғалысының әсері өсіп  отырғандықтан, оның әсері валюталық бағанға да өседі.

Һ   әртүрлі елдердегі проценттік ставка айырмашылығы. Бұл факторлардың валюталық бағанға әсері екі негізгі себеппен түсіндіріледі:

Һ   проценттік ставканың өзгеруі капиталдың халықаралық қозғалысына әсер етеді. Процентік ставканың жоғарылауы шетелдік капиталдың ағуын ынталандырады. Ал  оның төмендеуі капиталдың сыртқа ағылуына дем береді.

Һ   проценттік ставкалар валюталық нарық және қарыз каппиталы нарығының операцияларына әсер етеді.

Һ   валюталық нарық және спекулятивтік валюталық операциялар қызметі. Егер қандай да бір валбта бағаны төмендей бастаса, онда фирмалар және банктер  осы валютаны алдын-ала тұрақты валютаға айырбастайды. Ал бұл әрекет  әлсіреген валюталық позициясын нашарлатады. Валюталық нарыққа экономикадағы және саясаттағы өзгерістер курсының ара-қатынас  тұрақсыздығы тез әсерін тигізеді.

Һ   Белгілі бір валютаның евронарықта және халықаралық есеп айырысуларда қолдану дәрежесі. Мысалы, евробондар операцияларының 60-70%-н АҚШ доллары арқылы жүзеге асырылады. Бл осы валютаға сұраныс пен ұсынысты масштабын анықтайды.

Қазіргі уақытта АҚШ доллар үлесіне халықаралық төлемдердің 55%-тен жоғары бөлігі тиеді.Мұнай үшін есеп айырусыдың 86-90%, сыртқы қарыздың 70% тиісті.

Сондықтан Мұнайға бағаның өсуі мемлекеттердің қарыздары бойынша төлемдердің өсуі доллардың сатып алу қабылеті  төмендеген кезде де, оның курсының өсуіне мүмкіндік туғызады.

Һ   Валюталардың бағамдық ара-қатынасына, сонымен қатар халықаралық төлемдердің тездетілуі немесе тұрып қалуы әсер етеді. Ұлттық валюта бағаны төмендеп кетуі мүмкін деген оймен импортерлар контрагенттерге шетел валютадағы төлемді тездетеді. Шетел валютасының бағаны жоғарлап кеткен жағдайда импортер зиян шегуі мүмкін.

Ұлттық валюта тұрақталған  жағдайда керісінше шетел валютадағы төлемдерді кідіртуге ұмтылады.

Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі.

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігімен шетелдік ақша бірлігімен немесе халықаралық валюталық бірлікпен берілген бағасы.Валюталық бағамның құндық негізгі валютаның сатып алу қабілеті болып табылады. Бұл  экономикалық категория тауар өндірісімен және тауар өндірушілерімен дүниежүзілік нарықтағы өндірістік қатынастарды білдіреді. Құн тауар өндірісінің экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлі елдердің ұлттық ақша бірліктің салыстыруы өндіріс және айырбас процесі қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгізілген. Тауарлардың және қызметтерді өндірушілер мен сатып алушылар валюталық баған көмегімен ұлттық бағаларды басқа елдердің бағаларымен салыстыру нәтижесінде белгілі бір елде қандай да бір өндірісті дамытудың немесе күрделі қаржы жұмсаудың тиімділік дәрежесі анықталады.Валюталық бағанға әсер ететін факторлар: кез келген баға сияқты валюталық баған да құнның негізінен валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты ауытқып отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр түрлі факторларға тәуелді:инфляция қарқынытөлем байланысының жағдайыТөлем балансы- елдің дүниежүзілік байланысының құндық көрінісі.Активті төлем балансы ұлттық валюта бағанының өсуіне мүмкіндік береді, өйткені ұлттық валютаға шетелдік борышкерлер жанынан жанынан сұраныс көбейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валютабағанының төмендеуін туғызады. Себебі борышкерлер өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін ұлттық валютаны шетелдік валютаға сатады (импорт көп болады).Тағамдар; мақсатты аймақтар; гибридті (аралас) валюталық бағам жүйесі.

Еркін қалқу жуйесіндегі валюта бағамы нарықтық ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Бұл жерде валюталық форекстік нарық нағыз нарық моделіне жақындатылған: қатысушылардың көлемі сұраныс жағында да үлкен жүйедегі кез-келген ақпарат лезде жеткізіледі және нарықтың барлық қатысушыларына қол жетерлік, орталық банктердің бұрламаушы ролі әлсіз және тұрақты емес.

Басқарылатын қалқу жүесінде валюта бағамына сұраныс пен ұсыныстан басқа, орталық банктер де үлкен әсерін тигізеді, сондай-ақ, әр түрлі уақытша (мерзімдік) нарықтық бұрмалаулар.

Бекітілген бағамдар жүесіне Бреттон-Вудтік валюта жүйесі (1944-1971ж.ж) мысал бола  алады.Онда барлық валюталардың бағамы долларға ауытқу шегі +/-1%-пен бекітіленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар.

Мақсатты аймақтар жүйесі бекітілген валюттық курстар идеясын дамытады.Одан басқа бұл түрге  Европа валюта жүйесінің қатысушы елдерін валюта бағамдарының жұмыс істеу режимін жатқызуға болады.

Гибридті валюталық бағамдар жүйесімне қазіргі валюталық жуйе мысал болады. Онда валюта бағамының еркін қалқуын іске асыратын, тұрақтылық аумағы бар елдер.

Валюталық бағамдардың әр түрлі белгілер боынша жіктеуге болады.

Валюта нарығында қолданылатын айтарлықтай маңызды ұғымдардың бірі нақты және номиналды валюта бағамы ұғымы болып табылады.

Нақты валюта бағамына сай келетін валютада алынған екі елдің товар бағаларының қатынасы ретінде анықтауға болады.

Er — нақты валюталық бағам

Ph — ішкі нарықтағы бағалар

Pf — шетелдік нарықтағы бағалар

En — номиналды валюталық бағам.

Кесте № 1

Валюта бағамы түрлерінің классификациясы

            Критерийлер  Валюталық бағам
1      Бекіту тәсілі қалқымалы бекітілген аралас
2      Есеп  айырысу тәсілі Тең құқықтық (паритетный) деркті
3      Келісімдер түрі Жедел келісімдік Спот-келісімдік Своп-келісімдік
4      Белгілеу(нұсқау) тәсілі Ресми бейресми
5      Валютаның сатып алу қабілетінің паритетке қанынасы Жоғарылатылған Төмендетілген  Паритетті
6      Келісім қатысушыларына қатынасы Сатып алу бағамы Сату бағамы  Орта бағам
7      Инфляцияны ескеру, есептеу бойынша Нақты  Номиналды
8      Сату әдісі бойынша Қолма-қол сату бағамы Қолма-қол емес сату бағамы Валюта айырбастаудың көтерме бағамы Банкноттық

Номиналды валюта бағамы елдің нақ осы уақыттағы жүріп жатқан валютаның айырбас бағамын көрсетеді.

Сатып алу күші (еррр) тұрақты паритетін қуаттап тұратын валюта бағамы нақты валюта бағамымен табиғаты (шығу тегі) бірдей.

Баға қатынасы негізінде есептелген нақты валюта бағамынан басқа осы көрсеткішті басқа негізбен қолдануға болады. Мысалға, оның орнына екі елдің жұмысшы күшінің құнын алайық.

Ұлттық валюта бағамы басқа әр түрлі валюталарға қарағанда уақыт аралығында бірдей емес өзгере алады. Осылайша күшті валютамен қатынасында ол төмендесе, әлсіз валютаға қарағанда көтеріледі.Дәл осы себептен валюта бағамының динамикасын анықтау үшін валюта бағамының индексін есептейді. Оны есептеген уақытында әр валюта өзіне тиісті сыртқы экономикалық келісім-шарттан үлесіне байланысты өз салмағын алады. Барлық салмақтар суммасы бірлікті құрайды(100%) Валюта бағамдары олардың салмағына көбейтіледі, алынған мөлшерлер жинақталады (қосылады) және олардың орта мәні алынады.

Қазіргі жағдайда валюта бағамы кез-келген нарықтық баға сияқты сұраныс пен ұсыныс әсерімен құрылады. Соңғыларын  тепе-теңестіру валюта нарығында нарықтық валюта бағамының тепе-теңдік деңгейінің  орнығуына алып келеді. Бұл негізгі (фундаментальді) тепе-теңдік деп аталады.

Мұндағы шетел валютасына сұраныс  (D) мөлшері елдің товармен қызмет импортына қажеттілігімен, ол елдің туристік шығындары, шет мемлекекеттерге шыққандармен , резиденттердің шетелде инвистициялық жобаларын іске асырғысы келетіндігіне байланысты шетел қаржылық активтеріне және шетел валютасына сұраныспен анықталады.

Шетел валютасының бағамы жоғарылаған сайын, оған сұраныс азаяды, шетел валютасының бағамы төмендеген сайын, оған сұраныс көбее түседі.Осы жағдайлармен қаралып жатқан графикте, сұраныс қисығының иілуі анықталады.

Шетел валюта ұсынысының мөлшері осы мемлекеттің валютасына шетел мемлекетінің резиденттерінің сұранысы осы мемлекеттегі қызметтерге шетел туристерінің сұранысы, шетел инвесторларының активтерге сұранысы, осы мемлекеттің ұлттық валютасында көрсетілген, резидент еместердің осы мемлекетте инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатымен ұлттық валютаға сұранысымен анықталады.

Сонымен, қаншалықты отандық валютаға қатынасында шетел валютасының бағамы жоғары болса, соншалықты аз ұлттық нарық субьектілері оны шетел валютасына ауыстыруға дайын және керісінше қаншалықты ұлттық валюта бағамы шетел валютасына қатынасында төмен болса, соншалықта көп ұлттық  нарық субьектілері шетел валютасын сатып алуға дайын. Осы тусініктермен ұлттық валюта ұсынысы қисығының иілуі түсіндіріледі.

Валюта айырбас курсының фундаментальді тепе-теңдігін өзгертуге ікелетін бір қатар факторлар бар. Олар құрылымдық (ұзақ мерзімді кезеңде әрекет етуші ) және коньюнтуралық (валюта бағамының қысқа мерзімді ауытқуын тудыратын) болып бөлінеді.

2-кесте

1997 жылдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық теңгесіне шетел валюталарының бағамдары.

Валюта атауы валюта бағам
Австрия шиллингі (Shіllіng) ATS 6,00
Бельгия франкі (Belgіan franc) BEF 2,06
Швецария франкі (Swіs franc) CHF 51,77
Қытай юаны (Yuan remіndі) CNY 9,12
Кипр фунты (Cyrus pound) CYP 22,62
Неміс маркасы (Deutshe mark) DEM 43,67
Еуропа экюі ECU 83,36
Француз франкі (French franc) FRF 12,65
Ағылшын фунт стерлингі (Pound sterlіng) GBR 121,44
Жапон йенасы (Yena) YPU 0,62
Қырғыз сомы (Som) KGS 4,36
Кореяның воны KRW 1,00
Қазақ теңгесі (Tenge) KZT 1,00
Мальтияның лирі MTH 176,92
Голландия гульдені NHG 37,75
Ресей рублі (Russіan rouble) RUR 12,98
Украина гривнасы UAN 40,44
АҚШ доллары ( Unіted States dollar) USD 75,55
Өзбек сомы (Usbekіstan sum) UZS 1,46

 

  • Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері

Ваюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының  қызметкерлерiнiң  нәтижесiнен  өзара қызмет  ететiн  және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы  бiлдiреді.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

Шаруашылықтың  интернационалдануы  және  әлемдiк  еңбек  бөлiнiсiн  интенсивтендiрілуі  халықаралық  нарықтың  құрылуына  себепшi болды. Өндiрiс  күштерiнiң  дамуымен  iшкi  рыноктағы  өркендеген салалардың  өнiмiн  сатуда  туындайтын  қиындықтар, тауарлар тасымалы  жағдайларын  жетiлдiру – мiне  осылардың  бәрi  әлемдiк  сауда  саттық  байланыстардың  кеңесiне  әсер  еттi.  Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.

Әлемдегi  елдердiң  қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал  және  несие  жылдан – жылға  ұлғая түсуде. Ұлттық  қоғамдағы  ұдайы  өндiрiс  процесiнде  қалыптасқан  тауар  айналымы тұрақты  түрде   әлемдiк  нарыққа  ұласады  және  де  әрбiр  егемен  мемлекеттiң  заңды  төлем  құралы  болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық  тауар  айналымында, әдетте, шетел  валютасы  қолданылады.  Елдердiң  әлемдiк  шаруашылыққа  интеграциялауына ақша  капиталының  бiр  бөлiгiнiң  ұлттық  ақшадан  шетел  валютасына  және  керiсiнше  айналуын  туындатады. Ол  халықаралық  валюта  есеп  айырылысу  және несие – қаржы  қатынастарында  жүзеге асады.

Халықаралық  валюталық  қатынастар  халықаралық  экономикалық қатынастарды  жалғастырады. Валюталық  қатынастардың  ұлттық  және  әсемдiк  экономиксының  дамуына,  саяси  тұрақтылыққа, елдер  арсындағы  күштердiң  шектi  қатынастарына  тәуелдi  болып  келедi. Сыртқы  экономикалық  байланыстарда, оның  iшiнде  валюталық  байланыстарда саясат  пен  экономика, дипломация   мен комерция, өнер кәсiптiк  сауда  мен  өндiрiс  бiр – бiрiмен  өзара бетеме  байланысуы  валюталық  қарыс – қатынастардың  ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтағы орны  ерекшелiгiн көрсетедi.

Капиталдың  шеңбер  айналысы  процесiнде  ұлттық нарықтан әсемдiк  нарыққа қосылуы  нәтижесiнде  ұлттық  ақшалардың  iшiндегi  ақшалай  капиталының  бiр бөлiгi  шетел  валютасына  айналады  немесе  керiсiнше . Ол көрiнiстi  халықаралық  есеп  айырысуларда, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  операциялардың  барысында  байқауға  болады.

Шаруашылықтың  интернационализациялануы  жағдайында  ұдайы  өндiрiстiң  сыртқы  факторларға:  әлемдiк  өндiрiс  динамикасы; шетелдiк  ғылым  деңгейiне, халық  аралық  сауданың  дамуына, шетел  капиталы  ағымына  арта  түседi. Сондықтан  да  бұл  валюталық  қатынастар  мен  ұдайы  өндiрiстiң  арасында  тiкелей  және  керi  байланыстың  болатынын  көрсетедi. Халықаралық  сауданың  дамуына, валюталық  қатынастар  тұрақсыздығы  мен  валюталық  дағдарыс  ұдайы  өндiрiс процентiне  керi  әсерiн  тигiзедi.

Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң  арсындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

  1. Ұлттық валюталық  жүйе;
  2. Дүниежүзілiк валюталық  жүйе;
  3. Аймақтық немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе. 

Тарихта ұлттық  валюталық  жүйе  ең  бiрiншi  қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем  айналымын  жүзеге  асыратын, ұдайы  өндiрiс  процесiне  қажеттi  валюталық ресурсты сұрайтын  және  оны  пайдалануға  қөмектесетiн экономикалық  қатынастар жиынтық  бiлдiредi.

Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық  валюта  дүниежүзлiк  валюталық  жүйемен  тығыз  байланысты. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйе  XIX ғасырдың  ортасына  қарай  құрылған .

Дүниежүзілік  валюталық  жүйе – бұл  халықаралық  несие  қаржы  институттары  мен  валюталық  құралдардың  қызмет  етуiн  қамтамасыз  ететiн  халықаралық  келiсiм  шарттары  мен  мемлекет  аралық  құқұқтардың нормалар  кешенiн  құрайды . Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда  қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.

Ұлттық  және  дүниежүзлiк  валюталық  жүйелер  арасындағы  байланыстар  мен  айырмашылықтары  олардың  негiзгi  элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламыз.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Аймақтық  валюталық  жүйе  өнеркәсiбi  дамыған  елдердiң  әлемдiк  валюталық  жүйе  тереңдiгiне  құрылады. Мысалы, Еуропалық  валюталық  жүйе  –  бұл  Еуропалық  қоғамдастыққа  мүше  елдердiң  қоғамдастық  валюта  аймағында  ұйымдастырылуы  –  экономикалық  формасындағы катынастырды  бiлдiредi.

Валюталық  жүйелердiң  даму  заңдылықтары  ұдайы  өндiрiс белгiлерiне  байланысты  анықталып  отырып, ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтың  негiзгi  даму  кезеңдерiн  көрсетедi.

Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң  арасындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi:

1-шi кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының  қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн, анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен  өзара  байланысы  сақталады.

2-шi кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының  құрылымдары  толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске  қосылады.

3-шi кезең, толық  қызмет  ететiн  жаңа  дүниежүзлiк  жүйе  құрылады.

Дүниежүзілiк  ваюталардың  жүйенiң  мынандай  эваолюциялары  белгiлi:

  1. Жаңа валюталық жүйенiң  құрылуының  алғы  шарттары.
  2. Париждiң валюталық жүйесi.
  3. Генуэз валюталық жүйесi.
  4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
  5. Ямайка валюталық жүйесi.
  6. Еуропалық валюталық жүйесi.

1929-1936  жылдарда  дүниежүзілiк  валюталық  дағдарыстың  басты  ерекшелiктерi  келесiдей:

–  циклдiк сипат: валюталық  дағдарыс  дүние  жүзлiк  экономикалық және  ақша   несиесiмен  байланысты  болды;

– құрылымдық  сипат: дүниежүзлiк  валюталық  жүйенiң  алтын девиздiк  стандарт  қағидасы  құлдырауға ұшырады;

–  ұзаққа созылуы: 1929 жылдан  1936 жылдың  күзiне дейiн болуы.

БҰҰ–ның  Бретон–Вудстағы  1944 жылы  болған валюталық қаржылық  конференциясында  дүниежүзлiк  сауданың  ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  қатынастарды  ұйымдастырудың  ережелерi  бекiтiлiп  үшiншi  валюталық  жұйе  дүниеге  келдi.

60  жылдардың  аяғынан  бастап, Бреттон – Вудс  валюталық  жүйенiң  дағдарысқа  ұшырауы. 1976 жылғы  қаңтардағы  ХВК — ға  мүше елдердiң Кинготондағы  келiсiмi  ХВК – дың жарғысына  өзгерiстер  енгiзе  отырып, төртiншi  валюталық жүйенiң  келесiдей  бағыттарын  бекiттi:

  • Алтын – девиз стандартты  орнына  СДР  стандарты  енгiзiлдi;
  • Елдерге кез-келген  валюталық  бағам  режимiнiң  таңдауға  құқық  берiлдi.

СДР-дiң  қызметт  етуiнiң  мынандай  басты  мәселесi  болды:

  1. эмиссиялау және  басу;
  2. қамтамасыз ету;
  3. бағамды анықтау  әдiсi;
  4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;

Еуропалық  валюталық  жүйе, экономикалық  интеграциялану  процесiн  ынталандыру  мақсатында  құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң  даму  себептерiне: шаруашылықтың  интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас  орталықтардың  дүниежүзлiк  нарықтағы өзара  қарсы  күресi  және  валюталық  тұрақсыздағы  жатады . Еуропалық  экономикалық  қоғамдастық – бұл  батыс  еуропа  елдерiнiң  бiршама  дамыған аумақты интеграцияналдыру  тобын  бiлдiредi , ол 1957 жылы  наурызда  алты  елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим  елдерiнiң  арасыында  жасалған  келiсiм  шартында  қабылданып, 1958 жылдың  1  каңтарында  басты  қызмет  етедi.

Батыс  еуропалық  интеграция  өзiнiң  iрi  ерекшелiктерiмен   ажыратылады:

Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы  көмiрдiң  ортақ  нарығынан  басталады  және  шаруашылық  кешен  интегралданғанға  дейiн  6  ел  және  12  саяси одақ болса, бiрiншi  уақытта  15-16  мемлекетке  жеттi.

Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы  мемлекеттiң  құрылымына  жақын  және  мынадай  ұйымдардан  тұрады:

  • Еуропалық кеңес;
  • Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
  • ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
  • Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ  және министiрлер  кеңесiнiң  қызметiн  бақылайды, ЕҚ  бюджетiн  бекiтедi.

ЕҚ  соты – құқықтық  нормаларын  сақтамаудың  қадағалау  ұйымы.

Үшiншiден,  интеграцйиялық  процестiң  материялдық негiзi болып, ЕҚ – тың  бюджетiнiң бiр  бөлiгiнен  құралған  көп  бiрлескен  қорлар қызмет  етедi.

1999 жылдың  1  қаңтарынан  бастап, Евро  қолма – қолсыз  төлемдер үшiн мемлекеттердiң жаңа  қағаздарын  орналастыру  енгiзiлiп, эволюциялық  одаққа  мүше  елдердiң  ұмтық  ақша  бiрлiктерi  2002 жылы  1 шiлдесiнен  бастап  өз қызметтерiн  жойды  делiнген.

ЕВЖ, алтындынақты  резервтiк  активтер  пайдаланды:

Бiрiншiден, Еуро  –  алтынмен  жартылай  қамтамасыз  етiлген;

Екiншiден, ЕҚ – қа  бiрлестiгi  үшiн  207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.

ЕВЖ-дегi  мемлекет  аралық  аймақтықты  реттеу  орталықты  банктерге  уақытша  төлем  балансындағы  тапшылықты  жабуға  және  валюталық  интеграцияға  байланысты  есеп айырысулар  үшiн  несие  беру  жолымен жүзеге асырылады.

Екiншi  дүниежүзілiк  соғыста  Еуропа  мемлекеттерiнiң  қираған  экономикасын қалпына  келтiру  және  тұрақтандыру  мәселелерiн  шешу  мақстында  Бреттон-Вудстағы өткен  халықаралық  валюта  қаржылық  конференциясында  2  ұйым: Халықаралық  валюта  қорын (ХВҚ) және  халықаралық қайта  құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру  туралы  қаулы  қабылданды. Қор  әлемдiк  валюта  жүйесiнiң   тұрақтылығын  қолдау  үшiн, ал  банк  оған  қатысушы  елдердiң  ұзақ  мерзiмдi  экономикалық  дамуын ынталандыру  үшiн  құрылған .

2 Валюта  бағамы, оның  экономикаға  әсері

Халықаралық  экономикалық  операцияларды  жүргізу  үшін  ұлттық валютаны  халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі.  Әр түрлі  мемлекеттердің  ақша  өлшемдерінің  арақатынасы,яғни   басқа елдің  (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағалы деп аталады.

Валюта бағамы халықаралық валюталық,  есеп айырысу, несие  қаржылық операцияларды  жүргізу  үшін қажет.  Мысалы, экспортшы шетел валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға  айырбастайды ,  себебі басқа елдің валютасы бұл мемлекеттің  жерінде  күнбе-күнгі  жағдайда ақша қаражаты ретінде айналысқа түсетін құқы  жоқ.  Ал  импортшы шетелден  сатып алған  тауарларға төлеу үшін  шетел валютасы н  сатып алады.

Валюта бағамы қайта есептеу  коэффициенті  емес,  ол  шетел  валютасымен  немесе  халықаралық  валюталық  өлшемдермен  (СДД,ЭКЮ) көрсетілген осы мемлекеттің  ақша өлшемінің  ”бағасы”. Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныспен  ұсыныс  механизмі  арқылы  күнбе — күнгі  айналым  процеснде валюталарды салыстыру  барысында  қалыптасады.  Валюта   бағанын  қалыптастырудың  негізі  не?  Тауарлардың бағасы  оның  құны негізінде  құралатыны сияқты,  ақша өлшемінің  бағасы  оның  сатып  алу мүмкіндігінің  негізінде  қалыптасады.

Валюта  бағамының  қалыптасуы —  көп факторлы процесс. Валютаға  сұраныс  пен  ұсынысқа әсер  ететін  факторларға  мыналар

Һ   инфляция қарқыны;

Һ   процент мөлшерінің деңгейі;

Һ   бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;

Һ   төлем  балансының  жағдайы.

Бұл факторлар  елдің  экономикалық жағдайын білдіретін  факторлар. Мысалы ,егер  басқа факторлар  кері  әсер етпесе , басқа елдермен  салыстырғанда елдегі инфляцияның  қарқыны  жоғары болған сайын , оның  сатып  алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағанының құлдырау тенденциясын тудырады.

Мемлекеттің активтік төмен балансында  оның валютасына шетел борышқорлығының сұранысы артады, сол кезде оның  бағаны көтерілуі мүмкін.

Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде  процент мөлшері жоғары болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың  көтерілуіне,  оның бағанының жоғарылауына әсер етуі мүмкін. Мысалы 80-жылдардың алғашқы жартысында АҚШ  жоғары проценттік  мөлшер саясаты  Батыс Европа мен  Жапониядан 500 млрд.  доллардан астам мөлшерде  ивистицияның  құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллардың  әсерінен бағамы көтерілді, ал осы факторлардың әсерінен инвестор- елдердің  валютасының бағамы төмендеді.

Сонымен қатар валюта  бағамына түрлі саяси, саудагерлік, психологиялық  факторлар да  әсер етуі мүмкін.

Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әр түрін қолданады. Оләдістердің негізгілері   мыналар:

а)  валюталық инвистиция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып-сатуы);

б)  орталық банктің ашық нарықтағы операциялары(бағалы қағаздарды сатып алып-сатуы);

в)  орталық банктің проценттік мөлшер деңгейін және міндетті резервтер нормасын өзгертуі.

Валюта бағамын белгілеу, яғнивалюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей  және жанама. Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама котировка  деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бірен-саран АҚШ  қолдануда.

Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі ролімен түсіндірілді. Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс- курсті негіз етіп алады. Кросс-курс- ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ долларына) қатысты арақатысы. Мысалы егер швейцария банкі швейцарлық франкінің ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады. Мысалы;

1,6790 ГФР маркасы =1АҚШ долларға.

1,4940 швейц. Франкісі =     1АҚШ долларға, онда

1ГФР маркасы   =  1,4940:1,6790  = 0,8898 швейц. франкісі.

Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы-ол банктің валютаны белгіленген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктік валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.

Сондай-ақ, ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарықтағы қолданатын негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.

Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейімделеді.Ол банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады. Биржалық бағам анықтама сипатында болады.  Биржалық котировка валютаны сатып алу-сату үшін биржаға түскен арыздарды жүелі түрде салыстыру негізінде құрастырылады.

Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі, әдетте экспортшыға тиімді, себебі ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы доллармен) түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенің бағамы 1теңгеден 150-ге дейін төмендесе, онда 1 долларға келетін үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып  кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшін ұмтылады.

Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісім-шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі (жоғарыдағы мысалда доллар 130 теңге емес 150 теңге тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көтерілген іс- жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатып алуы қымбатқа түсетін шетел валютасымен көрсетілетін сыртқы қарыз өседі.

Шетел ақша өлшамдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуі, негізінде, халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта-экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады.

  1. Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталвқ түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдері төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар-сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

Һ   шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде        нарықтардың интернационалдануының күшеюі;

Һ   байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;

Һ   әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;

Һ   банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;

Һ   коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық жне арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 жылы операциялар көлемі USD-1124735 мың, DEM-11165 мыңды құрайды.

Валюталық операциялар айналымы

(күніне US $ млрд.)

Күніне барлығы 1000 млрд. US $

Сол немесе басқа елдің ішкі валююталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық “қара нарықпен” толықтырылуы мүмкін. “Қара нарықтың” болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, “көше” нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде “қара нарықтың” әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

Институциональдық көзқараспен қарағанда,валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

Қалған банктер мен блокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларының ірі кометрциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәлімелердің 95 пайызға дейіні банктермен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банк аралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Девиздік банктердің валюталық нарықтарғы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторлаға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және тағы басқа байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі(телекс немесе телефон юбойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушыларымен кездесетін валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізеді.

Нарықты қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркер-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында ілімнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен диллерлер штаты бар. 20-ға жүық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.

Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті диллерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық рольді жетістіктермер атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банкттік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар, бірақта уш бөлімінде ғана (Франкфурт-на Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банк аралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі-Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің уш бөлімшесінің бірінің «Сименсң каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.

Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-уш валюталармен операциялар жүзгізуге маманданады және стандартты сомаларға баға өояды. Күнделікте жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

Брокерлік фирмалар 30 пайызға жүық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты ьрокер тұлғасында, екі банкінің арасында-валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.

Брокерлер делдал ретінде бола отырып клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады. (Брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушымен сатушы тең бөледі және онда котеровка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котеровка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез-келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандығы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі.Диллер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалыай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында-шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

Аударым-бұл басқа елдегі банк -корреспондентіне өзінің клинентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталыұқ аударым негізінде белгілі бір ақщша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады.: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айырысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

Банктік чек-шетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

Банктік вексель-осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.

Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корремспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды экспорттаушы сатқан тауары үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз еліңде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борыш қорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түседі. Халықаралық есеп айырусылардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы валюта нарығының ерекшелігі халықаралық рынокқа шығу мәселесі тұрды, Қызықстанның халаыққаралық рынокқа шығуына кедергі болып тұрған кедергілердің негізгісі тенге конвертациялануы мәселесі. Шын мәнісінде қазақстандық теңге, бір қатар валюталық шектеулер бар болғанымен, жартылай конвертацияланатын валюта болып табылабы. Тек осы бір себептен ғана Қазақстандық әлемдік валюта нарығының толық құқықтықатысушысы бола алмайды.

Қазақстан валюта рыногі әлі құрылған жоқ, ол әлі қалыптасу сатысында. Қазақстандық рынок мөлшерінің кішілігіне байланысты кез-келген үлкен қаржы институты (оның ішінде шетелдік те) өзіне пайдалы екенін көрсе, кішкене ғана сілкініс тудыруға мүмкіншілігі бар. Комерциялық банктермен сыртқы қарыздарды өтеу кезеңінде нарықтан маңызды валюталық қаражаттың алынуы іске асады. Бүл теңге бағамында шағымсыз көрінісін табады. Валюталық заңдар толық емес және қайшылыққа толы. Отандық валюталық рыноктің ерекшелігі, Оның пайда болу кезінде Үкімет теңгенің ішкі конвортациялануын енгізу жолына тұрды. Валютаны еркін сату-атып алу жылдам отандық экономиканың долларлануына алып келді. Оның деңгейі төмендемейді, керісінше өсуде.

1998 жылдың аяғына ел ішінде айналымда жүрген шетел валютасының көлемі Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 170 млрд. Теңгеге жуық ақша массасынан асып түсті. Шынында теңгенің ел ішіндегі маңызды функцияларын шетел валютасы атқарады. Көптеген тауарлар мен қызметтердің құны долларлық бағалармен көрсетілген: тұрғын үй, автомобиль, жиһаз, т.б.

Қазақстандық теңгенің әлзіздігі келесілермен шартталған, үкіметтің қатаң ақша саясаты әсерінен экономика ақша суррогаттарына толып кетті, вокселдермен, қазыналық міндеттмелермен және басқа да псевдоақша түрлерімен толып кетті. Жалпы көлемі қазіргі уақытта теңгенің ақша массасымен салыстырарлықтай. Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің долларға қатынасындағы бағамы өзгеруінің шектерін белгілеуін тиіс. Былайша айтқанда “валюталық коридор”. Бұл елде теңгенің долларға қатынасындағы бағамын қуаттап тұратын механизм құрылған деген мағына береді. Белгілі уақыт аралығында Ұлттық банк оны жетілдіріп тұрады.

Ішкі рынокта қатты валютаның барлық түрімен дерлік операциялар іске асады. Бірақта операциялардың басым көпшілігі АҚШ долларымен жасалады, басқа валюталардың үлесі аз. Валютаның ішкі конвертациялануы бірқатар валюталық шектеулермен сай келеді. Мысалы, жеке тұлғалардың валюта сатып алуына салық, валютаны шетелге шығаруды шектеу және т.б.

Қазақстанның халықаралық валюта нарығына толықтай қатысуы, ең одиозный валюталық шектеулерді жою мен теңгенің сыртқы конвертациялануын енгізуді болжайды. Теңгенің толық конвертациялануына өту Қазақстан Республикасы Укіметінің халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары саласындағы стратегиялық міндеті болып табылады. Бұған жетудің маңызды сатысы-ТМД елдерінің валюта одағының құрылуы.

Қазақстанның Халықаралық Валюта Қорына енуі, оның жақын және алыс шет елдермен макроэкономикалық қатынастарының айтарлықтай өзгергенін білдіреді. Біріншіден, жақын шет елдермен қатынаста валюта одағын қалыптастыру мақсаты жеңілдей түседі. Бұл сферада Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Қырғызстан ұлттық валюталарының толық конвертациялануы негізінде валюталық одақ құру әбден мүмкін. Ағымдағы операциялар бойынша валюталық шектеулердің сақталуымен бөлек топталу шектерінде валюталардың толық конвертациялануының енгізілуі Халықаралық валюта қорының уставына қарсы келмейді және валюталық саясатты тең құқықтан айыру жайлы жағдайға түседі.

Екіншіден, қазақстандық фипрмалардың халықаралық келісімдер бойынша төлемдер мен есеп айырысуларды іске асырудың мүмкіндіктері кеңее түседі. Оларда экспорттық пайданы теңгеге сатудың керегі болмайды, яғни, импорттық жеткізулерге шетел валютасын сатып алумен байланысты ешқандай қиындық тумайды.

Үшіншіден, халықаралық есеп айырысу құралы, қаражаты есебінде теңгені қолданудың жаңа мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл шарттармен шетелдік фирмалар-резидент еместер өздерінің қазақстандық әріптестерімен есеп айырысуда теңгені еркін қолдана аклады. Сонымен қатар олар Қазақстанның ішкі валюта нарығында кез-келген қатты валютаны теңгеге сатып алу құқығына ие болды.

Төртіншіден, Қазақстанның Халықаралық валюта қорына мүше болуы инвестиция құйылымының кеңею жағынан өте маңызды. Валюталық шектеулердің жойылуы, шетелдік инвесторлардың капитал салудан түскен пайдасын сыртқа шығару құқығын заң жүзінде мойындау болып табылады.

Берілген жоспарлардың іске асуы, қазақстандық теңгенің халықаралық статусының көтерілгенін білдіретін болады, оның толық конвертациялануына жетуінің маңызды жылжуы, ал елдің валюта рыногі өзінің көрсеткіштерімен халықаралық стандартқа жақындай түседі. Бірақ та валютаның толық конвертациялануы заң актілерімен жасалмайды. Ол-ел экономикасының табиғи дамуының нәтижесі. Егер елдің экономикалық жағдайын ескерсек қазақстандық теңгенің конвертациялануы жайлы мәселенің жақын арада шешілеріне расчитывать ете алиаймыз. Тәжірибе көрсеткендей дамыған елдердің өзінде өз валюталарының шектелгеннен толық конвертациялануына өтуіне бірнеше онжылдықтар кеткен.

Қазақстандық теңгенің конвертациялануының қазіргі деңгейі, елдің әлемдік валюта рыногіндегі операцияларға толық құқықты қатысуын қамтамасыз ете алмайды. Халықаралық қаржы-валюта және несиелік қатынастар саласында стратегиялық мақсат теңгенің ішкі конвертациялануы емес, сонымен қатар сыртқы конвертациялануы. Бұл жолдағы  маңызды саты, ТМД елдерінің валюта одағының құрылуы.

1995 жғ қыркүйек айында Қазақстан Республикасында, Алматыда ашылған “Telerade D.J. Іnt’l LTD” дилинг-центр компаниясы арқылы халықаралық валюта нарағына шығу мүмкіндігі пайда болды.

“Нарты уақыт” (“спот”операциясы) режимінде келісім жасайтын жай және заңды тұлғалар компанияның клиенттері бола алады. АҚШ долларына (әлемдік резервтік валюта есебінде) қатысты бағамы белгіленген төрт валюта бойынша; ағылшын стерлинг фунты (STG), жапондық йена (JPY), швейцариялық франк (SFR) және евро (EUR).

Барлық операциялар үшін есеп айырысу валютасы АҚШ доллары болып табылады.

Шын мәнісінде барлық келісімдер спутниктік телефон байланысы арқылы басқарылатын шетелдік принципал-компания арқылы халықаралық банкаралық валюта рыногінде жүзеге асады.

TELERADE D.J. Іnt’l Ltd  компаниясы

Валюталық рынок бойынша ақпаратпен қамтамасыз ететіндер: банкаралық валюталық бағамдар, комментарилер, репортаждар мен ағымдағы жаңалықтарға маманданған “Don Jones Telerade” концерні, ағымдағы валюта бағамынан басқа техникалық және компьютерлік анализ жасайтын құрал-сайман жиынтығын ұсынатын “Trade Statіon”.

Халықаралық банкаралық қаржылық операциялар нарығында сауда кейбір белгіленген валюта көлемдері-лоттармен жүзеге асады. Чикагоның Сауда Биржасының (СМЕ) бөлігі болып келетін Халықаралық валюта рыногімен белгіленген әрқайсысының мөлшері бар. Лоттар сәйкесінше:

STA              125000                EUR                    125000

SFR               250000                JPІ                       25000 000

STGІJRY      125000                CTGІEUR           125000

Бұндай лотты рынокқа шығарғанда (орналасуын сатып немесе сатып алумен ашу) клиент оның барлық нақты құнын төлемей, тек шарты кепіл мен (гарантиный залог- марела) қамтамасыз етеді. Бір лот үшін $ 1000 күндізгі саудада, ал кештен таңға дейін сатылса (over nіght) $1500. Орналасуын жабумен қатар орнынан тапқан пайдадан шартты кепіл мен әр жабылған лот үшін $ 100 теңболатын бір жолғы ұстамдар клиенттің сауда шотына қайтарылады.

Маржелік сауданың мұндай механизмі, яғни, клиенттің өз капиталына қарағанда, компанияның клиенттің рынокқа қойған позиция көлемін 200 есе көбейтуі, жылішілік, аптаішілік және де күнішілік валюта бағамының ауытқуын қолдану кезінде клиентке жоғары нәтижені қамтамасыз етеді.

Қорытынды

Валюталық жүйенің басты элементі-валюталық баған. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

Валюталық бағам-басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсынылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүмкіндік жасайды. Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер  етпейді, өйткені валюта бағанының  мәні қалады,ал оның формасы өзгереді.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы банктік және несиелік айналыс құралдары-телеграфтық және пошталық аударымдар, гектер,тратталартүрінде болады.Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын объективті құндық қатынастарына  негізделеді.

Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізінде халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер мен капиталдар мен несиелердің халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықтарды білдіреді. Валюталық операциялардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

Валюталық нарықтардың қатысушыларын екі басты топқа бөледі:пассивті, валюталық операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін белгісі келетіндер, активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

Сауда-өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.

Мемлекеттің валюта бағамына әсер ету шаралары валюталық интервенция, диконттық саясат және протекционеттік шаралар болып табылады.

Әсер етудің ең тиімді әдісі-валюталық интервенция. Орталық банктердің әлемнің жүргізуші валюталарына қарсы валюта нарықтарында ұлттық валютаны сатып алу-сату операциялары.

Валюта бағамымен манипуляция жасау  елдің сыртқы сауда операцияларына айтарлықтай  әсер етеді. Ұлттық валютаның төмендетілген бағамы экспортерлерге тиімді, ал жоғарылатылған бағам импортты арзандатады.

Қ.Р Ұлттық Банкі валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органы. Қ Р Үкіметі және басқа да мемлекеттік органдар ҚР заңдарына сәйкес валюталық реттеуді жүзеге асыра алады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Майдан — Әли Байгісиев. Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық.
  2. Международные валютно – кредитное и финансовые отношения. / Под ред. Л.Н.Красавин/
  3. Халықаралық экономикалық қатынастар . Р.И.Хасбулатова.
  4. Мировая экономика
  5. Халықаралық экономикалық қатынастар. Майдан — Әли Байгісиев
  6. Рубков Б.Б. Зарубежные фондовые рынки.
  7. Вернер Ф.Э  Международные валютное право.
  8. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика
  9. Көшенова Б.А. Ақша,несие, банктер. Валюта қатынастары.
  • Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие.
  • Сейтқасымов Ақша,несие,банктер.
  • Халықаралық экономикалық қатынастар. Жалпы ред. Басқарған Р.Е. Елемесов
  • Сахариев Сембай, Сахариева Анель. Әлем экономикасы.