Қазақша ән шырқаған орыс жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)
Қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақша әндерді орындап отырған орыс жігітінің видеосы Қазнетте кең тарады. Tengrinews.kz тілшісі әнші баламен сұхбаттасты.
Видеоның басты кейіпкері — Виталий Сергеев. Ол 1996 жылы туған. Алматы облысы, Жаркент қаласындағы жетімдер үйінде өскен. 16 жасынан бастап Кербұлақ ауданы, Байғазы ауылында тұрып келе жатыр.
@vitya.bСіз сиға тартқан орамал Амандос Елтай♬ оригинальный звук — Бауыржанулы Виталик
«Туған әке-шешемді білмеймін. Қазіргі таңда мені бағып алған ата-анаммен тұрамын. Байғазы ауылында жекеменшік мал шаруашылығымен айналысамыз. Көбіне жылқы ұстаймыз», — дейді Виталий.
Виталийдің TikTok желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса көрермені бар.
@vitya.b##рек##ауылым##врекомендации♬ оригинальный звук — Бауыржанулы Виталик
Оның видеоларына 140 мыңнан аса лайк басылған.