Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығы
Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығы
Жоспар
І КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………3-4
- Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындыққа
қойылатын талаптар……………………………………………………………………………….5-13
- Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығының
шығармашылық сипаты………………………………………………………………………..13-21
3.Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығының негіздері……………..21-24
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………..25-26
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………..27
V.ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………………………28-30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім — өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс — әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығының негіздерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
- Мұғалімнің дидактикалық дайындығының негіздерін анықтау.
1.1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ДАЙЫНДЫҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Сабақты ғылыми — әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізі формасы.
Сабақ жоспары бойынша мұғалім:
- қосымша тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін (дайындығын) тексереді;
- алдын – ала есептер шығарады, жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді.
жабдықтарды тексереді.
Сабақты егжей – тегжейіне жете қарап өткізуді дұрыс ойластыру, оның мақсатының табысты болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін, есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа дайындалудың басты компененттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың идеялық – теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім сыныпта оқушылардың танымдық іс — әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіншіліктерінесәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі шарттарының бірі.
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет. Талдауда қандай мәселелерді еске алған жөн:
- тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;
- сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
- сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі; сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;
- сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдалана өткізу мұғалімнің ғылыми — әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.
Педагогтық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдарын атауға болады.
Ең алдымен мұғалім ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып үйренуге тиіс. өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті, әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығымен идеялық ұстамдылығына байланысты.
Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Ғылым дамыған сайын болжамдардың дәлелденіп, теорияға айналуы және жаңа фактылар мен заңдылықтардың ашылуы кеңейген сайын мұғалімге қойылатын талапта арта түседі.
Мұғалім институттан алған білім көлемімен шектеліп қалмайды. Ол өз пәніне байланысты әдебиеттерді үнемі зерттеп, терең білуге тырысады, оларға библиография жасап отырады. Мұның бәрі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері мен формаларын шығармашылықпен пайдалануға зор мүмкіндіктер береді.
Мұғалім пән аралық байланыс принципин іске асырудың сара жолдарын іздестіреді. Сондықтан, ол өз пәніне тікелей қатысы бар пәндердің оқу материалдарын бағдарламаға сәйкес жетік білуге тиіс.
Мысалы, 8 сыныпта Д. И. Менделеев жасаған периодтық заң химиялық элементтердің пеиродтық жүйесі және заттардың құрылысы өтіледі. Осы материал бойынша оқушылар алғашқы ұғымды 7 сыныпта физика курсының электр тарауын оқығанда алған болатын. Сондықтан мұғалім химия сабағында заттардың құрылысымен оқушыларды жан – жақты таныстыру үшін «Электр» тарауындағы атомның ядро моделі, сутегі, гелий, литий элементтерінің атом құрылысын атомдардағы электрондардың саны мен ядро заряды жайындағы мәселелерді олардың естеріне салады. Оқушылар сабақ процесінде мұндай бір – бірімен байланысы бар пәндердің материалдарын жеңіл ұғады.
Шектес пәндер материалдарын сабақ үстінде жүйелілік және логикалық бір ізгілікпен байланыстырып өту үшін мұғалім арнаулы жоспар жасап онда оқу бағдарламаларына лайық пән аралық тақырыптарды сыныптар бойынша іріктеп алады да олардың өту мерзімдерін нақты көрсетеді.
Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Ол озат мұғалімдердің іс тәжірибелерімен танысады. Педагогикалық оқуларға, ғылыми – практикалық конференцияларға қатысады. Мұғалім әсіресе өз мамандығына байланысты және жаңадан шыққан әртүрлі әдістемелік еңбектерді үнемі оқып зерттейді, тиімді етіп пайдаланудың әдістерін, сара жолдарын іздестіреді.
Оқыту процесінің маңызды компененттерінің бірі – бақылау, баға қою және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.
Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылаупроцесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір кейбір сқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескіл сөздер айтып ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық сабақтың кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыфларды іс — әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту тиіс. Бақылаудың процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тарулар бойынша оқтын – оқтын бақылау,қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасында белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы жіне әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге,мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамалардығ ,ылымиережелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын – оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы. Компьютер, электронды есептеуіш машинасы т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Қорытынды – пәндер барлық бойынша жыл аяғында эткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады,оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдармалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдармалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20 – 25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұзтазы, ақылшы кеңесшісі болып саналады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқущының ата – аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын отртақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және сапалы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан – жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.
Сынып жетекшенің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.
Ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына мұқият қарау дәуірі. Ал қазіргі басты міндеттерінің бірі-ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам технологиялық мәдениет, қоршаған орта, адамдар денсаулығын сақтау дәуірінің баспалдағы екендігін ескерсек, онда адамзат дамуының жаңа кезеңіндегі білім жүйесін жетілдіріп, оқытудың жаңа жолдарын іздестіру қажет екендігі түсінікті. Кез келген жоғары оқу орнына ғылым мен техникада, экономика мен басқару ісінде өз білімін іскерлікпен пайдалана алатын батыл да жанашыл, белсенді мамандар даярлау талап етілді. Жас маманға өзінің кәсіби қызметі саласындағы жобалау, болжам жасау, әрқайсысының даму деңгейін айқындай отырып әріптестерімен қарым-қатынас жасау, шығармашылық ізденіс топтарын ұйымдастыру сияқты жұмыстарының әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасайтын ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінің жолдарын үйрету-оқытушылардың басты мідеті.
Оқытудың мазмұнын құруды жалпы теориялық ұстанымдарды, сұрыптау әдістерін, педагогикалық курстардың бағдарламаларын кәсіби-педагогикалық тұрғыдан қалыптастырудың критерийлерін, осы оқу орындарындағы оқутудың мазмұнын қалыптастыру ұстанымдарын, оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік талдауларды, кафедраның және оның оқытушыларының тәжрибелерін басшылыққа алған жөн. Оқытудың мазмұнын құруға оның әдістері, формалары мен құралдары әсерін тигізеді.
Оқытудың ұйымдастыру формалары оқытушылар мен студенттердің және үрдісіндегі өзара әрекеттестік әдістерді анықтайды. Оқытудың кез келген формасы қарастырылып отырған кезеңіндгі оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес оқытушылар мен студенттердің өзара әрекеттестіктеріне және әрбір студантпен белсенді жұмыс жүргізуге үйлесімді жағдай туғызуы тиіс.
Мұндай жағдайда жетістік, көбінесе, оқытудың әдісін дұрыс таңдауға байланысты. Оқытудың құралдары (оқулықтар, бағдарламалар, т.б) оқытудың мақсаты мен мазмұны және таңдалынып алынған формасы мен әдістері арқылы анықталады. Жеке пәндік курстардың мазмұндардың ерекшелігі мұғалымның конструктивтік, ұйымдастырушылық сияқты іс-әрекеттерінің түрлерін дайындауға үлкен мүмкіндік береді.
Оқытушының конструктивтік іс-әрекетіне өз сабақтарының мазмұнын үлгілеу, оқу материалдарының мазмұнын талдау, келесі тақырыптың алдыңғы тақырыппен айырмашылығын, ұқсастықтарын айқындау, негізгі түсініктерді және оқушылар мен мұғалімдер дайындау әрекетінің жүйесі мен біріктілігін анықтау мәселелері, ұйымдастырушылық іс-әрекетіне білім берудің мазмұнын хабарлайтын тікелей жұмыстар, яғни, сабақты өткізу мен құру жұмыстары енеді.
Осы айтылған тұжырымдардан оқытудың әдістемелік жүйесінің құрамдас бөліктерінің мәнісі келесі мәселелерді жүзеге асырумен айқындалады:
-Оқытудың мақсатын тұжырымдау;
-теориялық және тәжірибелік материалдарды сұрыптау, оларды баяндаудың деңгейлерін анықтау;
-Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жүйесі;
-жеке және ұжымдық тапсырмалар жүйесі, т.б
Құрылған оқытудың әдістемелік жүйесінің бастапқы үлгісін ары қарай дамытудың нақты бағдарын анықтау аса маңызды мәселенің бірі болып табылады. Оқытудың әдістемелік жүйесін қайта құру шаралары оқу үрдісінде бастапқы үлгінің жүзеге асу нәтижелеріне психологиялық-педогогикалық талдаудың , студенттердің білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының беріктіліктерін зертеудің олардың оқу сапаларының нәтижелерін сараптаудың, оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру ұстанымдарын жүзеге асыру деңгейлерін қарастырудың негізінде қайта жасалынады.
Жеке пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесінің жалпы ортақ белгілері көп болғанымен, оның ерекшелігін бейнелейтін өзіне тән өзгешеліктері мол. Әсіресе, бұл өзгешелік осы пәнді бейнелейтін адамзат білімдерінің аумағына сәйкес ғылымның тек мазмұны емес, оның әдістерінде ерекшеленеді. Бұл өзөгешелік жүйенің құрамдас бөліктерінің мазмұны мен олардың өзара байланыстарын егжей – тегжейлерін ашқанда ғана байқалады. Оқытудың әдістемелік жүйесін тұтас немесе оның жеке элементтерін жетілдіру үрдісі күрділі үрдісі күрделі болғанымен, ол белгілі бір заңдылықтарға бағынады.
Біріншіден, бұл заңдылық бір немесе бірнеше құрамдас бөліктерінің, яғни, бүкіл жүйенің өзгерісіне әкелетін әдістемелік жүйенің ішкі құрылысына байланысты.
Екіншіден, бұл заңдылық кез келген әдістемелік жүйенің жүзеге асуына шешуші әсер ететін әлеуметтік және мәдени жағдайлардың айқындалуымен анықталады. Мұндай әсер жүйенің басты құрамдас бөлігі: оқытудың мақсатына айқын құрамдас бөліктерімен салыстырғанда оқытудың мақсатының жетекшілік рөл атқаруына байланысты жүйенің кез келген өзгерісі оқытудың мақсатымен санасып отыруы тиіс. Осыдан келіп оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің басты ұстанымы – мақсатқа бағыттылық ұстанымы шығады. әдістемелік жүйені жетілдірудің бағыты, сипаты және нәтижесі тұтас алғанда оқытудың мақсатымен тең келеді.
Қазіргі жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің тұтастығын жүзеге асыру. Оқыту мен тәрбиелеудің тұтастылық ұстанымы әдістемелік жүйені жетілдірудің өте маңыздысы болып табылады.
Болашақ маманды даярлауда психологиялық даярлау үрдісі кәсіби тәжірибеге бағытталған болуы тиіс. Студенттерді даярлау үрдісінде олардың тұрмыстық психологиялық білімдері, этномәдени ерекшеліктері ескерілуі қажет. өйткені, мәртебесі бойынша объективті жәнге абстракт,л, болатын ғылыми – психологиялық білім жеке – даралық, тұлғалық, субъектілік құрылымға айналуы мүмкін.
Білім беру менеджерінің кәсіби құзырлығын дамытудың жоғарыда атап өтілген жолдары мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, мектепті басқару иерархиясының барша буындарына қатысты басшыларды менеждмент негізінде басқару қажетті сапаларды қалыптастыру мен дамытуды мақсат етеді. Бұл сапалар қатарына кәсіпкерлік жіне өнертапқыштық, кішіпейілділік, сауаттылық, алдағыны «көре білу» қабілеті, бсқару туралы ғылымды жетік білу, сынды қабылдай білу, жылы шырайлы және әдепті болу, өзіне сын көзімен қарау, қуғындаушы болмау, өзін — өзі көрсетуге тырыспау, т.б. кіреді.
Білім беру менеджерлерінің кәсіби құзырлығын дамыту жалпы білім беретін мектептерді басқару оқу – тәрбие үрдісіне басщылық етуді жаңа сапалық деңгейге көтереді. Бұл кезегінде педагогикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттыруға, оқушыны өзін — өзі дамытатын тұлға ретінде қалыптастыруға жағдай жасайды.
- БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СИПАТЫ
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүйеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұиысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұзтаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін — өзі жан –жақты дамыту үшін саяси – идеялық дәрежесін, ғылыми – теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе – күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми – теориялық мәселелерді, жоғары оқу орнына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан – жақты дамытатын, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мқғалім үнемі ізденіп істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс — әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын ттың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой — өрісін кеңітеді.
Қазіргі кезде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыминегіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдармалап және дифференциялық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде орын алатын; сқыту машиналарын кеңінен қолдану т. б. болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде асыру мұғалімнің тікелей психологиялық педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ло балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиғи байланыстылығын, атақты физиологтар И.М. Сеченов, И. П. Павлов, белгілі психологтар А.А. Давыдов, А.А. Смирнов, М. Н. Скаткин, тағы басқа ғалымдардың еңбектерін өол үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана мұғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Мектеп өмірінде осыған керісінше фактылар да жиі кездеседі. Кейбір мұғалім өздігінше теориялық білімін одан әрі дамытумен шұғылданбайды, жаңалықтармен сирек танысады. Осының нәтижесінде өмір ағымынан артта қалып, өз жұмысында ұлкен олқылықтар, керек десе, қателіктер жібереді. Бақылау мәліметтеріне қарағанда мұндай мұғалімдердің оқушыларға жүйелі тәрбие берудің орнына ұзақ, зеріктіретін, нақыл сөздерді көп айтып, моральдық нормалар мен талаптарды үстіртін үйретумен шектелетіндігі және әр баланың табиғи дербес ерекшеліктерін (нышан, темперамент, мінез) еске алмайтындықтары байқалып келеді.
Міне, мектептерде педагогикалық процесті мақсатқа сәйкестік принциппен жүзеге асыру үшін әрбір мұғалім тәрбие әдістерә мен тәсілдерін саралап алумен бірге, тиімді етіп қолдануды да қамтамасыз ету тиіс. Осындай жағдайда оқушылардың дара қасиеттері мұғалімдердің басшылығымен жүргізілетін түрлі жұмыстарының ықпалымен дамып жетіледі.
Педагогикалық процесте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәрбиені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор Ш. А. Амонашвили 20 жылдан астам алты жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөнінде зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін «Как живете, дети?», «Здраствуйте, дети!» атты құралдарын жазады. Осындай щығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тәрбие проблемаларына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесі мектептер үшін зор сүйеніш.
Кейбір педагог – ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығармашылық тұрғыдан педагогикалық міндеттердің үш түрін атауға болады.
Тактикалық (тактика – қандай болса да мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыруы тиіс. Олар: оқушылардың өмірге, түрлі іс — әрекеттеріне көз қарасын белсенділігін, ынтасын арттыру, сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыру, оқушылардың өзіндік басқаруының рөлін көтеру және т. б.
Статистикалық (стратегия — қандай болса да мақсатқа жетудің басшылық өнері) міндеттерді шешу ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы, мұндай міндеттерге жеке адамның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, оқушыларды өмірге, еңбекке баулу және олардың өзара қарым – қатынасы және т. б. жатады.
Бұл міндеттерді шешу үшін оқушылардың, олардың ата – аналарының, сол сыныпта істейтін мұғалімдердің және шефтердің іс — әрекеттерін нақты жоспарлап, үйлесімді етіп, іске асыру қажет.
Оперативтік міндеттер – бұл іс әрекеттерін тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен дереу шешу.
Әрине, бұл міндеттерді оқу – тәрбие процесінде шешу мұғалімдердің іскерлігіне, тәжірибелігіне, терең және берік біліміне тәуелді.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті – оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті жоспарлау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемәі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін жамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылық жою жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдері күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділігін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігіген білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімі, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырмаларды және қосыша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру олардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайларда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дағдыланады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл ой әрекетінің жеке дара түрі қалыптастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
- Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі тиіс
- Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен, олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн
- Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы
- Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта бөлғаны жөн
- Үйдегі оқу жұмысының табысты болуа, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруге байланысты
- Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабелеттерін ескергені жөн
- Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың незерын аударып отырғаны жөн
- Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді
- Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ.
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалемдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерлектері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде.
Оқушылардың таным белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірге, практикаға пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділігі.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері, бірақ осы кезе ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне — оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқытушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой ербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі түрлері болады.
Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды, қимыл және сөйлеу, ойын және оқу, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
- оған әсер ететін мотивтер т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі – олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Алдыңғы қатарлы мектептердің іс-тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз.
Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалының қаталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған да көрнекі құралдарын пайдалана отырып өзіндік жұмыстарын да жұмыстары өте зор.
Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арайы жұмыстар жүргізуде. Мұндағы көзделген мақсат – оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу тәрбиесін арттыру.
Бұл жұмыста жоғары сынып оқушыларын өз жұмысын жоспарлауға, уақытты дрыс пайдалануға өзіне қолайлы күн режимін белгілеуге үйретудің маңызы зор.
Ол үшін мектеп оқушыларына арнап Кітап оқу мәдениетінің негіздері атты факультативтік сабақ ұйымдастырудың да маңызы ерекше.
Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы – бірінішіден кітап болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай кітаппен жмыс істей білу – газет бетінен керек тматериалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс істеу аса ауыр да, к.рделі болумен қатар, тым қызықты да.
Оқушылардың газет-журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив – білімге деген құштарлық, қызығу. Газет оқу олардың ынта-ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы қажет.
- БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындалуы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір- бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді. Оқушылардың осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу – танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жаупкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің маңызы ерекше.
Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
- оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үйлестіру іскерлігінің болуы т.б.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың
тәрбиесіне, айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату – тәтті ұжымдық қарым – қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Мектептің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында кемшіліктері болмақ. Бұл – педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге де қатысты.
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестердің күрделігінен туады. Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мектепке оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспаланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі
Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.
Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалдарының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланатын көрнекі және техникалық құралдщарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізілген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерді ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуінде белгілейді.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғарғы сапада білім беріп, жеке басыны нәтижелі тәрбиелеуде қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлау белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескеуге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасының таралуы бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғаннан кейін, іле – шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұнымен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Халқымыз қадым заманнан ұзтазды ерекше құрметтеген десек, Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев, кезінде жаппай сауаттандыру жұмыстарының басы – қасында жүрген Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы сынды зиялыларымыздың ұзтаздық абыройлары асқақ, беделі жоғары екендігін білеміз. Кеңестік дәуір деген атпен тарихта қалған өткен кезеңде де ұстаз мамандығына деген қызығушылық басым болды. Мектеп қабырғасында жүргенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Кім болам?» атты шығарма жаздырды. Ол кезде 9 сыныпта оқитынмын, рйланбастан «ұстаз боламын» деп жазғаным әлі есімде.
Қазіргі кезде мұғалім мәртебесі жайлы жиі әңгіме қозғалып жүр. Бедел сатып алатын дүние – мүлік емес, ол мұғалімнің біліміне байланысты. Өз пәнін жетік білетін ұстаз сыныптағы оқушының бар ынта – ықыласын өзіне аударып, сабақты қызықты өткізеді. өтілетін тақырыпты толық меңгермеген мұғалім алдындағы шәкірттеріне не берсін? өкінішті болса да айтайын, ондай әріптестеріміз әлі де арамызда кездеседі. әрине, оған себеп те көп.
Ащы болса да шындық қазір мұғалім мамандығына баратындар оны табыс табудың көзі деп түсінеді. өйткені, қалада, ауылда болсын мұғалімге жұмыс табылады. Осылайша мәртебелі мамандығымыз «екі қолға бір жұмыс» демекші, болсын болмасын нан табатын кәсіпке айналып шыға келді. Сайып келгенде, орын алған осындай жайлар мектептегі білім сапасына, мұғалім беделіне кері әсерін тигізуде.
Ендеше мұғалімнің қоғамдағы орнын, беделін көтеруді жан – жақты ойластырып, мұғалімнің мәртебесі немесе мұғалімнің қоғамдағы орны туралы заң қабылдануы қажет деген ойдамын. Жаңа білім және ғылым министірі Жансейіт Түймебаевтің дәрігерлер адам денсаулығын қорғау жолында ант қабылдайды, мұғалімдер шәкірт тәрбиелеу мен оқытуды өздеріне неге осындай талап қоймсақа деген пікіріне толық қосыламын.
Адамға наннан, денсаулықтан кейінгі ең қажеттісі – білім. Демек, оны кез – келген адамның меңгеруі, алып жүруі үшін үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі. Сонда институтты сырттай немесе ақылы тұрғыда бітіріп, мұғалім атын иемденіп жүргендерде ойланар еді.болмаса өзі оқымаған адам, оқушыға қалай «оқы» дейді? Осының аражігін ашатын кез келді.
Мұғалім – үнемі ізденісте, қоғам дамуымен бір жүретін тұлға. өйткені, қазіргі жас ұрпақ сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді өалт жібермесе, көгілдір экраннан әлемдегі жаңалықты бойына сіңіреді. Нендей сұрақ пен сауал болмасын мұғалім дайын болуы керек. Бұл пәнге қатысты емес, баланың ой — өрісін дамыту мәселесіне қатысты ойым.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, бәсекелестікке қабілетті болуы үшін – ең алдымен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие, ғылым жаңалықтарынан сусындату міндеті тұр. Ал оның қайнар көзі ұзтаз еңбегінен басталады. Жоғарыда айтқандарыма қосарым, мұғалімдердің дені — өз жұмыстарынан нәр алып, жаны жадырап жүргендері шамалы. Көп жылы еңбегі бар ұстаздар да, «біріне тартса, біріне жетпейтін» тірлік кешіп келеді. Осы орайда, өткен жылдан бастап облыс әкімі Серік Үмбетов көп жылдардан бері есімізден шығып, ұмыт болған коммуналдық қызметке деген төлемдерімізді қайтарды.
Ширек ғасырдан астам қоғамдағы басты буын – оқушыларды оқытумен бірге тәрбиелеуде тәжірибе жинақтағандай. Сөз соңында айтарым, білім ұзтаз бен шәкірттен шәкірттен өз жұмысына селқос қарауды, немқұрайдылықпен жайбасарлықты көтермейтін, керісінше тек ілгерушілікті, талапты, қайрат – жігер, биік талғамды қажет ететін сала. Осы ізгіліктер ұзтаздардан табылса, қалған өмірде кездесетін ұсақ –түйекті жеңетінімізге сенімдімін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
- Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
- Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
- Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.
- Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.
- Сейталиев К. Тәрбие теориясы. — Алматы., Мектеп,1973.
- Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
- Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
- Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.
Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. — Алматы: Дарын. 2004.
П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж.
12.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.
13.«Сынып жетекшісі», Алматы, 2003
Н.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы», 1999 ж.
- Бержанов Қ., С. Мусин «Педагогика тарихы», Алматы, 1984 ж.
16.«Мектеп» журналы, Шымкент, 2005 ж.
17.«Бастауыш мектеп» № 7 , Алматы, 2005 ж.
- Жрлабаев М.«Педагогика», Алматы, 1992 ж.№
19.«Бастауыш мектеп» № 9, Алматы, 2005 ж.
2О.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Шымкент, 2005 ж.
21.Болдырев Н.И. Класс жетекшісі . -Алматы: Мектеп, 1980.
- Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тэрбие ісі жөніндегі
орынбасары. Алматы, Әлем, 2000.
23.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» 1999ж. 24.Қазақстан Республикасыньщ Гуманитарлык білім беру тұжырымдамасы
1994 ж. 25..Синица И.Е. Педагогтық эдеп және ұстаздық шеберлік. А. 1987ж.
ҚОСЫМШАЛАР
Педагогикалық процесті кіші жүйелердің байланысы.
І – педагог
ІІ- сынып ұжымы
ІІІ- қосалқы сыныптарының ұжымы
ІV – жалпы мектеп ұжымы
ІV
ІІІ
ІІ
І
Педагогикалық процесте тұлғаның қалыптаса басталуы.
|
|