Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері

0
17

Кіріспе………………………………………………………………………………………………2-12
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері…………………………………………….13-25
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері………………………………………………………………………………………………13-19
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары………………………………………………..19-25
ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі…………….25-
2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары……………………………………………25-37
2.2. Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның моделі мен ……..37-42
2.3. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибелік жұмысы………………………………………………………..
Қорытынды……………………………………………………..
Әдебиеттер тізімі…………………………..
Қосымшалар ………………………………..

Кіріспе

XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі – болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М. Бахтин, В.С. Библер, Н.А. Бердяев, Л.В. Коновалова, О.Н. Крутова, М.К. Мамардашвили, А.Г. Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршендігінің субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың, Л.С. Выготскийдің, О.С. Газманның, Э.В. Ильенкованың, Н.Б. Крылованың, Л.Н. Куликованың, А.Н. Леонтьевтің, В.Н. Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И. Слободчикованың және т.б. еңбектерінен көруге болады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білімберу сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған [25, 304]. Келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар. Оларда, нақты айтқанда, казақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы туралы зиялы тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеумен байланыстырып сөз етіледі [31, 168]. Адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының әсері туралы ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған, тұлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С.Ұзақбаева [72], Ә.Табылды [70, 3] зерттеген. Оқушы жастардың тұлға ретінде қалыптасып, дамуына қазақ халқының көркем мәдениетінің даму рөлі туралы М.Балтабаев зерттеген [12,168]. Бірақ өкінішке орай, білім берудің қалыптасқан жүйесі, директивті педагогиканың теориялық көзқарасы мен әдістерінің жүйесі ретінде қаралады. Оның психологиялық мазмұнында оқушы-студент туралы пассивті, тәуелді және өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға қабілетсіз деп түсінік беріледі, яғни осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындай алмайды [(К.А. Абульханова –Славская)3, 199; (А.Г.Асмолов) 11, 3-12; (А.Булынин)21, 22-26; (Л.М. Митина) 48, 28-38; (А.В. Мудрик) 49, 80; (А.В. Петровский) 57, 44-53]. Осы дағдарыс жағдайынан шығу жолы бірінші ретте, білімберуді тұлғалық ұстанымдарға және жеке қөзқарасқа қайта бағдарлауда болады [(Ш.А. Амонашвили) 9, 560; (Б.М.Бим-Бад) 15, 3-9; (Т.В.Габай) 23, 160; (С.М.Джакупов) 28, 195; (Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40, 31; (М.М.Мұқанов) 50, 90-95; (Ж.И.Намазбаева) 52, 3-10; (2030 жылдарға дейін ҚР білімберудің даму стратегиясы) 68, 11]. Білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағытталған көзқарас гуманистік парадигманы іске асырумен байланысты (оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясы мен әдістерінің жүйесі), яғни тұлғаның өзіне және оның құндылықтарына бағыттаушылық [(Ш.А.Амонашвили) 9, 560; (Т.В.Габай) 23, 160; (Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40; (Ж.И.Намазбаева) 52, 3-10; (2030 жылдарға дейін ҚР білімберудің даму стратегиясы) 68, 11].
Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады, екінші жағынан – әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кезкелген адамның әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.
Психологтар үшін тұлға – психиканың сапасы, ол адамның қоғамда дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, «тұлға» ұғымы басқарудың, өзін-өзі басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы, аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні – болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды, оқушыларды және т.б.), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін сыйлайды. Педагогикалық жәня психологиялық білім берудің негізгі міндеті – оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларын шешуге, яғни тұлғалық өсуін қамтамасыз ету үшін өз қасиеттерін қолдануға үйрететін педагог-психологты тәрбиелеу.
Білім берудегі тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының, әдістерінің және тәсілдерінің іздестіру аспектісінде орындалатын оның субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін жағдайлар жасаудан тұрады. Студенттердің тұлғаға-бағдарлаушылық дамудың міндеті бірқатар еңбектерде негізделеді (В.В. Сериковтің, А.В. Петровскийдің, А.К. Маркованың және т.б.). Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-бағдарлаушылық мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді «қалыптастыру» деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Осы проблема Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайымен күрделене түседі де, осыған орай біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері жоғары дәрежелі мамандар дайындығын талап етеді. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылады:
1. Мұғалімдердің жалпы педагогикалық дайындығы (Н.К. Крупская [42], Н.В. Кухарев[46], В.А. Сластенин[66], Н.Д. Хмель [56], М.И. Кудабаева[43] және т.б.);
2. Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді қалыптастыру мәселелері (Б.И. Степашин[67], Н.А. Томин, Н.Ф. Белокур[71] және т.б.)
3. Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын жақсартудың аспектілері (О.А.Абдулина [2], Г.А. Кит[38], Т. Камзабаев, К. Капбаев, В. Клочко және т.б.);
4. Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру аспектілері (Н.В. Александров [8], Г.А. Победоносцев [58] және т.б.);
5. Педагогикалық мәдениет мәселесі (М.Х. Балтабаев[12], Т.В. Иванова [35], Н.З. Чавчавадзе [75], Е.Н. Шиянов [76]);
6. Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері (С.Б. Елканов[30], Б.П. Зязин[33], А.И. Щербаков және т.б.).
90-шы жылдары Ресейде, Қазақстанда және жақын жердегі басқа шет елдерінде университеттік білім беру жоғары білім тберу теориясы шеңберіндегі зерттеудің объектісі ретіндегі зерттеу жұмыстары пайда бола бастады:
1. Университеттік білім беруді жетілдіру (Н.С. Ладыжец [47], В.А. Садовничий [62] және т.б.);
2. Университеттік білім беру қызметтерін модернизациялау (Т.С. Садыков [63], К.Н. Нарибаев [53], О.С. Сабденов[61], С.А. Абдыманапов [6] және т.б.);
3. Университеттік білім берудің мақсаты мен міндеттерін дамыту (Т.С. Садыков[63], К.Н. Нарибаев [53], О.С. Сабденов[61], С.А. Абдыманапов [7] және т.б.);
4. Ортақ білім беру кеңістігін құру (В.Е. Шукшунов[77], А.И. Галаган [24]);
5. Жоғары білім берудің жүйелі реформалары (Л.Я. Гуревич [26]);
6. Оқу процесін жетілдіру (Ф.Янушкевич[78], В.А. Кан-Калик [37]);
7. Халықаралық ынтымақтастық (А.К. Құсаинов [45] және т.б.);
8. Білім берудің көп сатылы жүйесі жағдайындағы университет студенттерінің кәсіби қалыптасуы (К.К. Закирьянов [34]).
Сонымен, зерттей келе біздің анықтағанымыз кәсіби тұрғысынан тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық негіздері жасалмаған.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу мекемелері мен 86 жоғары оқу орындарының филиалдары бар, осылардың ішінде 9 жетекші университеттердің ерекше статусы бар. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру мен оларды дайындау жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық жоғары оқу орындары ашылды [22]. Осы жоғары оқу орындарының реестірі аккредидатиялық мүшемен Лиссабондық конвенцияның ережелеріне сәйкес және академиялық мойындау сұрақтары бойынша ұлттық ақпараттық орталықтардың Европалық жүйесіне беріледі.
Классикалық университеттерде педагогикалық-психологиялық мамандықтары бойынша 45-тен 95 %-ке дейін бітірушілер (факультеттеріне қарай) білім алынады екен және осы сан үнемі өсу үстінде. Қазіргі кезде педагогикалық еңбек нарығы ең ашық болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның барлығы болашақ педагог-психологтардың кәсіби өзін-өзі қалыптастыру проблемасының ғылыми қарастырылуы бүгінгі күнде келесі аспектілерде өзекті болатынын көрсетеді:
• әлеуметтік-саяси жоспарда (2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру);
• университеттік білім беруді дамыту жоспарында;
• мектептік білім беруді дамыту жоспарында;
• болашақ мамандарда әлеуметтік-кәсіби бағдарлау жоспарында;
• педагог пен студент ынтымақтастығы негізінде педагог тұлғасын дамыту жоспарында.
Қазіргі зерттеулерде қоғамның кәсіби дәрежелі мамандарды талап ету және олардың тұлғасына ерекше талап қою арасында; дағдыларын өздігінен дамыту қажеттілігі мен маманның жеке қасиеттерін дамыту ретінде өзін-өзі дамыту және тәжірибеде осы қасиеттерді қалыптастыру стратегиясының болмауы арасындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Негізгі қарама- қайшылықтың мәні тұлғаның өзін-өзі дамуы белгілі бір жағдайда өзін-өзі ұсынудың объективті үдерісі ретінде қаралуында болады екен. Бірақ тұлғаның өзін-өзі дамуының ерікті процесі басталуы үшін белгілі бір қажетті жағдайлардың болуы маңызды және оған басшылық ету керек. Осы іс-әрекеттің мәні ғылымда да, тәжірибеде қарастырылмаған. Сонымен осы зерттеудің өзектілігі бір жағынан тәжірибе талаптарына жауап беруімен байланысты болады және екінші жағынан осындай іс-әрекеттің теориялық негізін анықтау деп қарастырамыз. Осы қарама-қайшылықтың шешілуінің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру барысында зерттеуміздің тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді: «Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері».
Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның өзін-өзі дамуын анықтайтын тиімді жолдарын, жағдайлары мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін жасау.
Зерттеудің объектісі: болашақ маманның өзін-өзі дамытудың үрдісі.
Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарында болашақ маманның білім беру ортасында өзін-өзі дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық-психологиялық шарттары.
Зерттеудің болжамы: жоғары оқу орындарының білім берушілік ортасы егер маманды дайындаудың бүкіл жүйесі болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда бір пәннің білім мазмұнымен шектелмей, оның маман ретіндегі қасиеттерін дамытуды көздеп, гуманистік, тұлғалық-әрекеттік, мотивациялық-құндылық бағыттарына сүйеніп жасалса, болашақ маманның өзін-өзі дамыту бағытында тиімді әсер ету мүмкіншілігін анықтауға болар еді. Және тұлғалық кәсіби өзін-өзі дамытуға бағытталған білімберу үдерісі мазмұнының, ұйымдастырушылық формалары мен технологияларының тиімді әсерін қамтамасыз ететін жағдайлары жасалып, студенттердің өзбетінше жұмысы мен аудиториядан тыс іс-әрекеті олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үдерісі өзін-өзі дамытудың, таным мотивациясы мен кәсіби іс-әрекетінің ұстанымдарына сүйенген жағдайларда болады.
Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
– психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан «өзін-өзі дамытудың» феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
– болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау;
– тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
– болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің методологиялық негізі:
• жоғары мектеп дидактикасы, білім беру теориясы, жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған көзқарас теориясы, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар;
• өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға жалпы ғылыми категорияларды «тұлға», «тұлғалық өсу», «өзін- өзі дамыту» талдау жатады;
• дамыту педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі ережелері (Л.С. Выготский[22], С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев), тұлғаның жалпы психологиялық теориясы (А.В. Петровский[57]), тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамасы (А.Г. Ковалев[39]), басқару теориясы (П.Я.Гальперин), білімберудің гуманистік идеялары (В.А. Сластенин[66], Е.И. Шиянов[76] және т.б.);
• білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға қалыптасуының теориясы ( Л.С. Выготский[22], М.С. Каган, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
• іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі (Б.Г. Ананьев[10], Л.С. Выготский[22], А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
• жоғары кәсіби білім беру аймағындағы жалпы дидактикалық зерттеулері (В.Д. Шадриков, В.М. Филиппов, Ковалев С.В., В.В. Краевский және т.б.).
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес, келесі педагогикалық-психологиялық әдістері қолданылады (анализ, синтез, классификациялау, жобалау және т.б.); эмпирикалық (педагогикалық-психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар, педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық диагностика); математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау, ранжирование). Осы әдістерді экспериментальдық жұмыстың негізі болып, қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығы қамтамасыз етіледі.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан болашақ маманды дайындау үдерісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп дайындаса, әр пәннің «аппаратын» (методологиясын, негізгі ұғымдары мен ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. «Жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым» екі мағынаны біріктіреді: «жүйелі көзқарас» пен «іс-әрекеттік көзқарас».
Жүйелі көзқарас негізінде біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да қоршаған ортамен объектінің өзіндегі байланыстар мен өзара әрекеттестігін анықтауға назар аударылады. Жүйелілік көзқарасы – жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген бағыттарды белгілейді. Жүйеллілік көзқарасы – жүйелі талдау позициясы тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарын кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, Жоғары оқу орындарында жүйелілік көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға мүмкіндіктерді ашады.
Жүйе сипаттамаларының минимальды жиынтығына жататындар: әр элементтің құрамы (оған кіретін элементтердің жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) мен әр элементтің қызметтері, оның рөлі мен жүйдегі мағынасы. Жүйенің элементі, өз кезегінде, жүйе бола алады, анағұрлым кең жүйеге оның бөлігі немесе шағын жүйесі болып кіреді.
Жүйелі талдау, зерттеу әдістері жүйесі туралы оқу, іс-әрекет негізінде күрделі жүйе болып табылады. Ол педагогикалық –психологиялық мәселелер шешімінің негіздемесі мен іске асуына бағытталған. Талдау барысында, зерттелініп отырған проблемасы тұрғысынан, іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері қаралады: қажеттіліктері (мотивтері), мақсат орындаушылық, өзін-өзі басқару, басқару. Іс-әрекет философиялық тұрғыдан қоршаған ортаға белсенді қатынасының арнайы адами формасы болып табылады, мазмұнын мақсатты түрдегі және қайта құрылудың өзгерісін қамтиды. Кәсіби педагогикада іс-әрекеттік көзқарас – практикалық өмірдің түрлі аймақтарындағы іс-әрекеттің қанағаттануының және тиімділігі үшін қажетті, білімдер мен біліктердің бірінші меңгеруін қамтамасыз ететін, ұстанымдар, формалар мен әдістердің жүйесі. Іс-әрекеттік көз-қарастың мәні Б.Г. Ананьевтің, Л.П. Буеваның, Л.С.Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің және т.б. еңбектерінде ашылады. Әлеуметтік және психологиялық іс-әрекет түрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралатын нақты үрдіс ретінде анықталады (А.Н.Леонтьев); қоршаған ортамен субъектінің әрекеттестігі ретінде (Л.С.Рубинштейн); адамның өмір сүру тәсілі ретінде (М.С.Каган); әр адамның нақты өміріне қажетті белгілі бір формалардың жиынтығы ретінде (ойын, оқу, еңбек) және онтогенезде жетекші рөлді атқаратын (Б.Г.Ананьев) болып табылады.
Зерттеу барысында келесі зерттеу әдістемелері қолданылды:
А) теориялық зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау;
Б) эмпирикалық педагогикалық бақылау, сұхбаттасу өткізу, сауалнама алу, тестілеу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, математикалық өңдеу әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттердің теориялық және салыстырмалық талдауы жасалынады;
2. болашақ маманның өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесінің жетілдіру механизмдерін анықтап қарастырылады (студенттердің өмірлік тәжірибесімен психологиялық-педагогикалық теориясының мазмұны мен іс-әрекеттік механизмдерін анықтайтын ішкі тұлғалық ұстанымдарға сыртқы әсерлердің ауысуы);
3. студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар кешені жасалынады (арнайы және кәсіби дайындығының бірігуі мен кіріктіруі негізінде кәсіби дайындықтың тәсілдері мен жолдарын, мазмұнын талдау өз еркімен өзбетінше әрекетін қамтамасыз етеді; тиімді кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін өзбетінше шығармашылық іс-әрекеті үшін білім беру кеңістігін құру);
4. болашақ маманның тұлға ретіндегі өзін-өзі дамытудың нәтижелілігін және кәсіби қалыптасуының өлшемдерін жасалады (мотивациялық, мазмұндық, операционалдық және рефлексивті).
Теориялық маңыздылығы: болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуы барысындағы өзін-өзі дамыту мәнінің теориялық негіздемесі жасалады.
Практикалық маңыздылығы: болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесін жақсартудың педагогикалық-психологиялық шарттары қарастырылады.
Зерттеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:
І-ші кезеңі зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу мен олардың теориялық-методологиялық талдауын жасау; болашақ мамандарды дайындаудың оң тәжірибесін зерттеу мен жалпылау; ғылыми аппараты мен болжауын жасау, тәжірибе-экспериментальдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау мен тәжирибелік материалдар жинақтау. ІІ-кезеңі – болашақ маманның тұлғалық-кәсіби моделін жасау. ІІ – тәжирибелік жұмыстың алынған нәтижелерін талдау мен жалпылау, алынған теориялық және тәжірибелік қорытындыларды нақтылау, зерттеудің теориялық және тәжирибелік бөлімдерін жүйелеу, диплом жұмысын әзірлеу.
Ғылыми нәтижелер, осы зерттеудің негізгі ережелері мен қорытындылары тұжырымдамалық көзқарастарының методологиялық негіздемесімен; олардың теориялық талдауымен; тәжирибелік жұмыс барысында зерттеудің оң нәтижелерімен; зерттеудің ғылыми аппаратына сәйкес әдістер мен әдістемелерді пайдаланумен; алынған нәтижелерді тексеру мен таладаумен қамтамасызданады.
Қорғауға келесі ережелер ұсынылады:
• кәсіби өзбетінше қалыптасу – тұлғаның өзін-өзі дамуының көпаспектілі және көп факторлы үрдісі болып табылады. Ол болашақ маманның тұлғалық гуманистік, іс-әрекеттік, мотивациялық-құндылық кезеңдері мен мотивациялық-қажеттілік, когнитивті, тұлғалық-іс-әрекеттік, рефлексивті сфераларынан құрылады;
• болашақ маманның кәсіби өзін-өзі қалыптасуының педагогикалық-психологиялық қамтамасыздануы білім беру үдерісі мәнінің ауысумен түсіндіріледі; ол өз кезегінде студенттің кәсіби өсуіне бағытталған ішкі ұмтылыстарына, тұлғасының өзін-өзі дамуына, өзбетінше оқу-танымдық іс-әрекеті мотивациясы дамуына, өзінің өзін-өзі дамуының кәсіби қалыптасуына бағытталып, болашақ маманның мақсатты түрдегі өзін-өзі құрудың және әр-қайсысының шығармашылық өздігінен іс-әрекетінінің рационалды жағдайларын жасайды;
• жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі анықталуына, өзін-өзі іске асыруына, өзін-өзі көрсете білуіне бағытталған субъектілердің өзара әректетінен тұратын педагогикалық процесінің кәсіби бағыттылығының түрлі шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі қалыптасуын қаматамасыз ететін, білім беру үдерісінде арнайы білімдер мен тәжирибелік дайындықтың кіріктіруі ретінде, педагогикалық жағдайлардың жиынтығын сақтау барысында болашақ маманның тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамуының нәтижелілігіне жетеміз.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындысынан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері

Басқа ғылымдар арасында психология ғылымының маңыздылығы туралы айтатын болсақ, басқарушылық қызметтегі адамдармен қарым-қатынас 80 пайызды құрайды, “адам-машина” жүйесіндегі апаттардың 70 пайызы операторлардың кінәсінен болады. Бүгін ел нарықтық қатынастарға ауысып, психология ғылымының жаңа бағыттары пайда болып, даму үстінде: нарық психологиясы, бизнес психологиясы, ақша психологиясы, жарнама психологиясы, кәсіпкерлік психологиясы және т.б. Психологиялық білімдер саясаткерлерге, менеджерлерге, дәрігерлерге, заңгерлерге, педагогтарға, инженерлерге қажет.
Қазіргі күні кадрлық менеджменттегі психодиагностиканы қолдану маңыздылығына тоқталып кеткеніміз дұрыс болады, мысалы, коммуникативтік қабілеттер менеджер іс-әрекетінде үлкен маңыздылыққа ие.
Д.Голланд, тұлғаның белгілі бір мамандыққа сәйкес келуін анықтау әдістемесінің авторы болады, оның пікірінше вербальды белсенділіктің жоғары деңгейі кәсіпкер типіндегі тұлғаның маңызды қасиеті болып табылады (J.Holland, 1973). Сондықтан да коммуникативтік қабілеттерді диагностикалаудың кадрлық менеджментте маңызы зор.
Психикалық құбылыстармен барлық мамандар кездеседі (психикалық бейнелер және ұғымдар, түйсіктер мен қабылдаулар, есте сақтау және ойлау қабілеттері, зейін мен ерік, эмоция мен түс көру, тұлғаның қасиеттері мен күйлері). Психология адам белсенділігінің заңдылықтарын ашады: оның мінез-құлығының, қарым-қатынасының, іс-әрекетінің. Психология басқа адамның мінез-құлығына әсер етудің жолдарын анықтап, өзін-өзі басқаруы бойынша нұсқаулар жасайды. Ол адам интеллектісі мен қабілеттерін, индивид қасиеттері мен топтарын анықтаудағы әдістерін береді.
Адам, өз “Менін” және қоршаған ортаны бейнелей отыра, өз белсенділігін реттей отырып, үнемі психикалық құбылыстарға енеді, бірақ оны ол саналы түрде ұқпайды. Психология пәні көптеген өмірлік ұғымдарды бітірушінің сөздік қорына енгізеді. Университеттік білімі бар адам үшін бүгінгі күні “психика”, “қабылдау”, “мотив”, “қарым-қатынас” деген сөздерді білмеуге болмайды. Сондықтан да, ХХІ ғасырда психология ғылым ретінде өзекті болады. Қазіргі кезде жоғары оқу бағдарламаларына “Психология және педагогика” пәндері кіріктірілген. Бірақ, көп жағдайда, осы пәнге 18 сағат бөлінеді екен. Сонымен бірге, осы курс жалпы психология және педагогика пәндері ретінде оқытылады.
Психологиялық емес мамандарға қолданбалы психологиялық пәндер оқытылмайды: “Басқару психологиясы”, “Қарым-қатынас психологиясы”, “Заң психологиясы», “Кәсіби іс-әрекет психологиясы”, “Жетістік психологиясы” және т.б. Қазіргі жағдайда оқытудың психологиялық аспектілерін күшейту проблемасы өзекті болатындығы сондықтан да. Осы проблемалар қандай болады екен?
1-ден, педагогика және психология пәндерін ажырату қажеттілігі бар;
2-ден, оқу бағдарламаларында психологиялық пәндердің тізімін кеңейту қажеттілігі бар;
3-ден, сабақтарға қолдау көрсету негізінде психологиялық әдістемелік әдебиеттері мен құралдары керек. Психологиялық-педагогикалық тәжірибеде ойлау процесінде логикалық операцияларының бар жиынтығы пайдаланылмайды: салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, жалпылау. Сабақтарға қызығушылық тудыратын тәсілдері қолданылмайды: нақты есте қаларлық мысалдар мен фактілер, цифрлар мен бағдарлар; оқу қиншылықтарын құру; студенттердің таным іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыратын оқытушының оқу іс-әрекеті тәсілдерінің көптүрлілігін пайдалану және т.б. Қызығушылықтың пайда болуының мәнді факторы ретінде оқу материалының эмоциялық жағы қарастырылады, осы мәселелер шешімінің болашақ іс-әрекетпен байланыстылығын көрсету маңызды. Сабақтарға психологиялық қолдау көрсетудің белгілері табалдырықтық түйсіктері нормаларын сақтаумен байланысты: дыбыс жиілілігі – 40-80дб, фонынан жоғары болу – 6 дб; сөздер арасындағы интервалдарды сақтау – 40 мкс, сөйлеудің темпі – 1 минутта 120 сөз, сөйлеу қарқыны – 20-80 бит секундасына, сөйлемнің ұзындығы – 13 сөзден аспайды.
4-ден, жоғары оқу орындарында психологиялық қызмет қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні барлық орта мектептерде психологиялық қызметі бар. Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің басты мәселесіне кәсіптік бағдарлау мен кәсіптік таңдау сұрақтары айналар еді. Көптеген студенттер өз мамандығын дұрыс таңдамайды. Жалпы психологияның негізі бойынша белгілі бір мамандықты таңдауда студенттің мамандықты таңдаудағы мотиві маңызды. Осы мотив саналы немесе саналы емес болады. Ал жоғары оқу орнын бітірген болашақ маман кәсіби таңдау жасауға тиісті. Проблеманың дұрыс шешіміне байланысты таңдаған кәсіптің меңгеру тиімділігі анықталады, келекшектегі іс-әрекет тиімділігіне, еңбекпен қамтамасыздануына, кәсіби дәрежесін көтеруге ұмтылысы мен кәсіби өсуіне негіз болады. Жалпы психология кафедрасының бірінші курс студенттері арасында өз мамандықтарын таңдаудың себептері туралы білу үшін, сонымен бірге 1-семестрде оларға оқылған пәндерге қатынасын анықтау үшін жүргізілген сұрақ-жауаптың нәтижесі келесідей болды:
1. Себептерін айтқанда: “адамдарға көмек беру ниетім бар”, “адамды танып білу қызықты”, “адамдарға әсер еткім келеді”, “өз проблемаларымды шешемін”, “психолог кеңес берді” және т.б. Сонда студенттерде әлеуметтік және таным мотивтері басым болады.
2. Оларды математика, қазіргі жарытылыстану, информатика пәндері аз қызықтырады, ал арнайы пәндерден – антропология мен анатомия тіптен қызықтырмайды екен.
Жауаптардың барысы бойынша тағы да бір анықталғаны, ғылым ретінде психология пәні және психолог мамандығы туралы пікірлері жеткілікті дамымаған. Психологтың кәсіби іс-әрекеті олармен түсініктіліктік және кеңесберушілік ретінде қаралады. Психология туралы тұрмыстық пікірлері 21 пайызды құрайды. Осыған орай психологтың іс-әрекеті туралы ғылыми зерттеу жұмысы ретінде көзқарасы қалыптаспаған. Психолог жұмысының қиындығы мен көптүрлілігін ұқпаған. Яғни психологтың жұмысы туралы пікірлері «аңыздар» негізінде қалыптасқан. Студенттердің 16 пайызы өз мамандығын түсер алдында бір жыл бұрын таңдағанын айтады. Олардың кейбіреулері өз болашағына қатысты нақты мақсаттарын белгілеген. Сонымен, бірінші курс студенттерінде 020400 мамандығы бойынша әлі де психология пәні мазмұны туралы және психологтың кәсіби іс-әрекеті туралы, психолог мамандығы туралы көзқарастары ғылыми тұрғыдан қалыптасып, дамымаған. Бұл дегеніміз абитуриенттер арасында болашақ мамандығы ерекшеліктері туралы насихаттап, үйрету қажеттілігін көрсетеді. Психологиялық қызмет басынан жалпы даму деңгейіне қарай оларды іріктеп анықтауға мүмкіндік берер еді.
Жоғары эмоционалдық тітіркену, стресс жағдайларын айзайтуды көздейді, психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны керек етеді. Психологиялық қызмет жоғары оқу орындарының отбасы, басқа әлеуметтік институттарымен бірлесіп болашақ маманның моральдық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында олардың күштерін реттеуге мүмкіндік береді. Өмір қазіргі күні әрбір қадамды психологтың нұсқауларымен салыстыруды талап етеді. Осы ереженің сақталуы болашақ маманды дайындаудың деңгейін көтереді, олар қазіргі үнемі күрделену үстіндегі талаптарға сай болар еді.
Қазіргі жағдайда студенттік кезінен бастап жоғары дәрежелі маманды дайындау 1-ші орында оқу пәндерінің мазмұнына, оқытудың тәсілдері мен әдістеріне кәсіби білім берудің бүкіл жүйесінің белсенді қосылуын талап етеді. Оқу бағдарламалары бір ғылымның ғылыми білімдерінің бейнесі ретінде абстрактылы сипатта болатын және шындық өмірден, яғни болашақ кәсіби іс-әрекеттен алшақ болатын пәнді оқыту деп түсіндіріледі. Осындай білім беру мазмұнына көзқарас энциклопедизм идеясы мен тұлғаның жан-жақты даму тұжырымдамасынан туындайды, бірақ әлеуметтік тәжірибені меңгеру негізінде жатқан психологиялық механизмдерді есепке алмайды.
Оқыту барысында оқушылар қоршаған дүние және өзі туралы түрлі мағлұмат алады. Бірақ осы мағлұматтар егер де тұлға үшін маңызды болмаса өзбетінше ешқандай рөл атқармайды. Барлымызға мәлім, бір оқиғалар есімізде ұзақ қалады, ал басқалары өте тез ұмытылады. Осыған орай, басқа бір мәліметті мүлдем байқамауымызда мүмкін. 1-ші ретте тұлға үшін оқу пәндері мазмұнының маңыздылығы анықталып, көптеген зерттеушілері айтып жүр, мысалы, А.А. Вербицкийдің (1991) пікірі бойынша, мәтінді механикалық түрде есте сақтауда меңгерілген білім тұлғаның жетістігі болмауы мүмкін, яғни ол үшін әрекетке бағыттайтын оның әлемге, қоғамға, басқа адамдарға және өзіне қатынасын білдіретін білімнің болмағандығы.
Е.Б. Тесля болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығының қалыптасу жағдайларын қарастырып, іс-әрекет мағынасының ұғымына көңіл аударды. Тұлғалық маңызы бар оқытудың методологиялық аспектілері Н.Ф.Добрынинаның, С.Л.Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің, А.А.Вербицкийдің, Г.Олпорттың, К.Роджерстің және т.б. еңбектерінде қаралады. Сонымен бірге осы идеяның практикалық іске асуы кең дамуын таппады. Оқытудың теориясы мен технологиясы арасында, оларда оқу пәндерінің белсенді және әлеуметтік мазмұнының тұлға үшін маңыздылығына тоқталады, бұл жерде А.А. Вербицкийдің теориясы мен контексті оқыту технологиясын айтуға болады. Контекстік көзқарас негізінде кешенді зерттеу өткізілді, оның мақсаты – студенттердің оқу процесі және оқу сабақтары мазмұны маңыздылығы мен оларды кәсіби дайындықта іске асыру болып табылады.
Педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын көтеру қажеттілігіне орай 2003 жылдың қазан айында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне Ұлттық педагогикалық университеті деген мәртебесі берілген. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы мен жоғары білікті мамандарды қоғамның қажет етумен байланысты модернизациялау, үздіксіз білім беруге өту процестері классикалық университеттік білім беру жүйесінде кадрларды дайындауға жаңа көзқарастарды талап етеді. Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте болашақ маманның кәсіби дайындауда психологиялық-педагогикалық диапозоны кеңейе түсті. Бакалавриат деңгейінде барлық факульттеттердің студенттері педагогика тарихын, педагогиканың жалпы негіздерін, тәрбие теориясын, оқыту теориясын, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, этнопедагогиканы оқиды. Ал, психологиялық дайындық барысында жалпы психологияны, әлеуметтік, жас шамасы ерекшелігі және балалар психологиясын, психология тарихын оқиды. Осы жоғарыда айтылған пәндермен қатар жетекші психологиялық-педагогикалық бағыттары бойынша арнайы курстарды өткізу тәжірибесі бар: тұтас педагогикалық үрдіс теориясы бойынша, тұлғаның құндылықтық бағдарлану теориясы бойынша, халықтық педагогикасы бойынша, саяси мәдениетті қалыптастыру теориясы бойынша. Арнайы дайындықтар бакалавриаттың 1-ші деңгейінің 3, 4 курстарында – арнайы және кәсіби бағдарламаларды меңгеру арқылы. С.С. Құнанбаеваның пікірінше, университетте маманның кәсіби дайындығының негізгі бағдары ретінде жоғары дамыған шығармашылық потенциалы бар және аналитикалық ойлауымен, іргелі кәсіби дайындығымен, еңбектің динамикалы түрде өзгермелі жағдайларға және маманның кәсіби деңгейінің талаптарына назар аудару қабілеттілігімен, дүниетанымдық мәдениетімен, қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен үйлесімді тұлғаны қалыптастыру болуы тиіс [30, 3].
Көрсетілген маманның сапалық сипаттамалары және олармен анықталған және университет алдында тұрған білім берушілік міндеттер бүгінгі университетте маманның кәсіби дайындығы жүйесінің негізгі ұстанымдарының сипатын анықтайды. Олар ұстанымдардың бір қатарын айқындайды. С.И. Гессен университтеттік білім берудің негізгі ұстанымдарын анықтайды, олар:
• Университетте ғылыми білімнің толық болуы;
• Дәріс беру және оқыту үрдісіндегі еркіндік және шығармашылық рухы;
• Оқытушылар мен ғалымдарды дайындау жолымен университеттің өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілігі[32].
Өз мәнісінде университет, С.И.Гессеннің көзқарасы бойынша, ғалымдардың одағы болады екен, ешқандай билікке төзбейтін. Қазақстандық ғалымдар (С.С. Құнанбаева[44] және т.б.) университеттік білім беру ұстанымдарының маңыздылығын ерекше көрсетеді. Олар бүгінгі университетте мамандарды дайындау жүйесінің негізгі ұстанымдарын анықтайды:
• білім беру мазмұнының ғылыми іргелілігі мен жүйелілігі ұстанымы;
• білім берудің қол жетерлік ұстанымы;
• ғылым мен өндіріспен алынатын білімдер жүйесінің кешенділік және кіріктірілген ұстанымы;
• мамандар дайындаудың жаңашылдық және ақпараттылық бағдарлаушылық принципі;
• білім берудің болжаушылық және жан-жақтылық принципі;
• кәсіби құзырлылықтың көп варианттылық және таңдамалық ұстанымы;
• алынатын біліктіліктің қолданбалы нәтижелілігінің ұстанымы;
• білім беру мазмұны мен құрылымының көпдеңгейлі және үздіксіздік ұстанымы;
• біліктілік сертификатымен әр баспалдағының кәсіби аяқталу немесе академиялық ұстанымы;
• білім беру мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық айқындаушылық ұстанымы;
• оқу процесін ұйымдастырудың проблемалылығының және интерақтивтілігінің ұстанымы;
• білім беруді гуманизациялау ұстанымы;
• оқыту үрдісінде ынтамақтастық пен серіктестік ұстанымы;
• білім беру мазмұнының коммуникативтілік мәдениет аралық ұстанымы;
• мамандардың кәсіби және академиялық біліктілігінің халықаралық-мәртебелік деңгейін қамтамасыз ету ұстанымы;
• бағдарлаушылық көзқарасы ұстанымын айтамыз.
• оқытуда жеке және тұлғаға бағытталған көзқарас ұстанымы.
Осы ұстанымдар кезкелген университетке лайықты, бірақ ғылым мен үниверситеттік білімберу түсінігі тарихи тұрғысынан өзгеріп тұрды. Олардың көзқарасын қолдай отырып, маңызды ұстаным ретінде болашақ мамандарды оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы тұлғаға-бағытталған ұстанымды айтамыз.
Әлемдік және отандық тәжірибеде жоғары білім берудің жүйесі дамуын бағалау үшін сәйкестілік дәрежелерінің бір қатар параметрлері қолданылады:
• Қоғам мен мемлекет дамуының нақты тарихи кезеңінде мамандарды нақты қажеттілігіне және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы білімберу саясатына;
• Жоғары мектеп стандарттарына және алынатын нәтижелерге білімберу мақсаттарына;
• Жоғары оқу орындарының мемлекеттік және басқа көздерімен қаржылануына;
• әлемдік стандарттарға жоғары білімберу деңгейі мен сапасына;
• әлемдік білімберу кеңістікке кіріру барысындағы жоғары білім беру жүйесінің ашықтығы;
• әлемдік стандарттарға бағдарлануға және қалыптасқан дәстүрлердің сақталуына [29,121].
Сонымен, адаммен мәдени құндылықтарды меңгеру және жаңғырту, дамыту процесі классикалық университеттік білім беруді адамзаттың жетістіктерінің шындарына жеткізеді екен. Өйткені университеттік білім берудің мазмұны барлық елдер мен халықтардың үздіксіз мәнеди мұрасынан, адамның өмірі мен тәжірибесінен, ғылымның салаларынан толықтырылады. Сондықтан да жоғары білім беру бөлек салалардың (экономиканың, саясаттың, мәдениеттің, ғылымның) және бүкіл қоғамның дамуының маңызды және қажетті факторы ретінде анықтаймыз. Осы тұжырымға сүйене отырып өз кезегінде жоғары білім беру мазмұнының педагогикалық ұйымдастырылуы жағынан және психологиялық қолдау тұрғысынан болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын келесі тарауда қарастырамыз.

 

1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары.
Ғылымның және технологияның қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім беру болашақ мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана емес, сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық қабілеттілігін анықтайды. Білім берудің осындай түріне қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған. Болашақ мамандардың, яғни студенттердің зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір жағынан, Мемлекеттік стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушің осы кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші жағынан, қазіргі мамандардың кәсіби іс-әрекетімен айқындалады. Мысалы, педагогтардан болашақ мамандарды дайындауда іс-әрекеттің шығармашылық табиғатына сәйкес соның ішінде оны ұйымдастырудың мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін зерттеу білігін талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу орындарының студенттерін зерттеу жұмысы процедурасымен таныстыру керек, оны өткізудің дағдыларын қалыптастыру маңызды. Мысалға, оқыту барысында зерттеушілік білігін қалыптастыру. Ол кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына студенттің қатысуы барысында қалыптасады. Соңғысына студенттерді бағыттары мен кафедра педагогтарының ғылыми жұмысы ерекшеліктері тақырыпшасымен кеңінен таныстыру ықпал етеді, оларды проблемалық топтарға қатыстыру, табысты зерттеу жұмысын жүргізетін оқытушыларға 1-ші курстан бастап «бекіту» ретінде анықтаймыз.
Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бірінші шарты ретінде бүкіл кәсіби дайындықтың жүйесін асыру барысындағы зерттеушілік білімдердің тиімді қалыптасу процесінің үздіксіздігі мен тұтастығын ерекше айтамыз. Оған аудиториялық сабақ пен студенттің өзбетінше жұмысы (студенттің оқу-зерттеу жұмысы мен ғылыми-зерттеу жұмысы), аталған біліктерді саналы және шығармашылық меңгерудегі түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен байланысты тәжірибе жатады.
Зерттеу біліктерін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде зерттеу іс-әрекетінің мотивациясы болып табылады: қызығушылықтарын қалыптастыру, зерттеу жұмысы қажеттілігін, кәсіби өсу үшін зерттеу біліктер жүйесін меңгерудің маңыздылығын негіздеу. Мысалға, осы жұмыстың бастамасы ретінде 1-ші курстан бастап, «Мамандыққа кіріспе» деп аталатын курс ұйымдастырылады, оның барысында кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігі мен шығармашылық сипатын ашуға болады. Практикалық сабақтарда өзін-өзі тану, өзіндік қызығушылықтары мен қабілеттерін талдау, олардың таңдаған кәсіпке сәйкестілігін анықтау үшін жағдайлар жасалынады. Конференцияға рефераттарды дайындау барысында студенттер жаңашыл-зерттеушілердің жетістіктерімен танысады, шартты түрде айтқанда, «өзіне салып көреді» шеберге лайықты кәсіби біліктер мен тұлғалық қасиеттерді дамытады. Оның барысында келесідей зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігін саналы түрде ұғынады, бар тәжірибені талдау, проблеманы тұжырымдау, өз жұмысының нәтижесін жүйелеу сияқты білігі.
Аталған біліктердің қалыптастыру мен зерттеу жұмысына қызығушылықты тудыру шарасына түрлі кәсіби жағдайларды талдау мен диагностикалауды өткізу, жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың зерттеушілік сипаты және т.б. басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі және қалыптасқан зерттеу біліктерімен бірге зерттеу іс-әрекетіне оң көзқарастың болуы болашақ маманның тиімді кәсіби іс-әрекетке дайындығын қалыптастырады.
Екінші шарты жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби-тұлғалық мәдениетін қалыптастыру болады. Болашақ маманның кәсіби дайындаудың тиімділігі сонымен бірге жүйелілік-құндылық көзқарасы тұрғысынан қарамақайшылықтардың талдауын жоғары білім берудің қазіргі жүйесінің талдауын талап етеді. Маманның кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның іс-әрекетінің бүкіл жүйесін қамту керек. Осыған орай жоғары оқу орындары студенттерінің білімберу мазмұнын қалыптастыруда жүйелілік-құндылықтық көзқарасы өзекті болады. Болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу, оның әлеуметтік қасиеттерін дамыту, оқу-тәрбие және ұйымдастырушылық жұмысты талдау, теориялық және нақты-әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық және мәдениет теориясы нәтижесін жалпылау негізінде анықтаймыз. Мысалы, Ә. Табылдының пікірінше: «Ұлттық мәдениеттің қайнар бастау – оның (ұлттың) рухани азығының асылдық қасиеттеріне байланысты. Халықтың рухани қуатын арттыратын қозғаушы күш – оның әдебиеті, өнері, әдебі мен эстетикалық болмысы. «Әдеп-мәдениет негізі», «әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер – халық мәдениетінің көрсеткіштері» т.б. тақырыптар бойынша оқылатын лекцияларда ұлттық мәдениеттің негіздері, оның бұрынғысы мен қазіргісі және болашағы ғылыми дәлелдемелермен айқын көрсетіледі» [70, 11-12]. Осы анықтамаға сүйене айтатынымыз, мәдениет білімберушілік құндылық ретінде студенттерді дамыту мен тәрбиелеуде тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың мәдениетінде, қатынасында, қарым-қатынасында, дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық іс-әрекетінде көрініс береді.
Бұл жерде маңыздысы – болашақ маман тұлғасының мәдениеті қалыптасуының механизмдерін зерттеу мақсатты түрде ұйымдастырылған жоқ, бірақ дамытушылық білім беру мен мәдениеттің аспектілері қаралады. Олардың өзара байланысы мен өзараауысуы қаралады. Осыған орай болашақ маманды дайындау жүйесінде студенттердің үнемі өз кәсіби дәрежесін көтеру қабілетін дамыту шеңберінде жүйелілік-құндылық көзқарасының маңыздылығы оқу-тәрбие процесі барысында анықталады. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім беру іс-әрекет ретінде қарастырылады, оның мақсаты – болашақ маманның интеллектуалдық-адамгершілік тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз.
Болашақ маманды дайындаудағы жүйелілік-құндылықтық көзқарасы жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың мәдени және гуманистік құндылықтарын есепке алу негізінде құрылады: субъектіліктің, диалогиялықтың, дамытушы бағыттылықтың, кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің. Сонымен, қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім беруде әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады [22, 118-119]: мәдени-құндылықтылық парадигмасы, академиялық парадигмасы, кәсіби парадигмасы, технократиялық парадигмасы, гуманистікпарадигмасы. Жетекші білімберушілік парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық; б) рационалистік.

Мәдени-құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті қалыптастырудың басты мақсаты жоғары білім берудің құндылығы ретінде студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады. Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі тәсілі ретінде білім берудің проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік, диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени-шығармашылық іс-әрекеті технологияларын пайдалану деп түсінеміз.
Шығармашылықтың объектісі ретінде маманның бейнелері мен мақсаттары, символдары мен ұғымдары, қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен сенімдері қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі үшін маңызды жаңалықтар ашады, адамтану мен құрметтеу аумағындағы коммуникативтік мәдениет көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен танысады.
Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі жүйелілік-құндылықтық көзқарасы маман біліктілігінің жоғары көрінісі және кәсіби құзырлылығы болып табылады. Осы кәсіби-тұлғалық мәдениеті деңгейінде толығынан маманның адами жеке даралығы көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби мәдениеті жүйесіндегі құрылымында басты компоненттері ретінде құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік аймақтарын анықтадық. Студенттер іс-әрекетінің құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық іс-әрекетімен нәтиже шығарады, өйткені әрбір кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде кешенді ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады. Өз кезегінде құрастырушылық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттері оқытушының студенттермен дұрыс өзара қатынастарын орната білуінен күрделене түседі.
Зерттеудің методологиясы білім берудің жүйелілік-құндылықтық парадигмасы шенберінде болашақ маманның тұлғалық жаңа құрылымдары пайда болуы мен дамудың тенденциялары мен кәсіби білім берушілік жағдайларын анықтау мен зерттеуінің іске асуымен түсінеміз, олар ғылыми көзқарастар жүйесіне негізделеді:
1. Акмеологиялық – кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
2. Мәдениеттілік – маманның интеллектуалдық-адами қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мазмұндық компонентінің бағытталу негізіндегі, мәдени-білімберу іс-әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы мен ішкі дамуының мақсаты мен мазмұнын, тәсілдері мен нәтижелерін өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар жүйесі.
3. Тұлғалық – мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну субъективтілігіне қарай мамандықты игеру барысындағы болашақ мамандыққа қатынасын бейнеленуі негізіндегі көзқарастар жүйесі. Кәсіби мәдениетті игеру үрдісі мәдениеттің объективтіліктен субъективтілікке ауысу негізінде түсіндіріледі. Е.В.Бондаревскаяның пікірінше, бұл процесс, оның барысындағы кәсіби мәдениетінің моделі бойынша студенттермен айқындалып, кәсіби іс-әрекет пен мінез-құлықтың тұлғалық моделіне айналады. Сондықтан да тұлғалық-шығармашылық аспектісі кәсіби мәдениетті игерудің механизмімен түсіндіріледі. Ол өздігінен дамитын субъектінің маман ретіндегі тұлғалық өзекті қасиеттерін анықтаудың шығармашылығы актісі болып анықталады. Осымен қоғам өзінің соңғы нәтижесінде өзіндік мақсатқа бағытталған жан-жақты дамуына бағдарланған адамды қажет етуі түсіндіріледі.
4. Аксиологиялық – осыған сәйкес мәдени-білімберушілік білімдердің пайда болу процесі негізінде кәсіби іс-әрекетке болашақ маманның құндылық қатынастары жүйесімен анықталуы негізіндегі көзқарастар жүйесі. «Мәдениет» ұғымын зерттеудегі аксиологиялық көзқарастың негізінде түрлі мәдениеттің іргесі ретінде құндылықтарды түсіну жатыр (А.И. Арнольдов, Ю.И. Еимов, Л.Н. Коган, В.П. Тугаринов, Н.З. Чавчавадзе). Осы авторлардың пікірінше, «мәдениет жоғары және кең мағынасында еңбектің нәтижесі болады – шығармашылық, өзгермелі және өзіндік жаңару іс-әрекетінің өнімі…құндылықтар әлемі» [75, 10]. Мәдениетпен байланысты осы көзқарас тағы бір бағытпен толықтырылады. Өйткені мәдениет және оның мағынасы өзбетінше қарастырылып қана қоймай, ол тек адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы өз болмысын анықтайды. Сондықтан да, «мәдениеттің нағыз мазмұны шығармашылық іс-әрекетпен анықталып, оның барысында рухани құндылықтар қалыптасады» [13, 47.]. Ал В.С.Библер мәдениет ұғымын шығармашылық пен еркінділікті жүзеге асыру ретінде адам болмысының мәнін ашу үшін пайдаланады [14, 34-42]. Адамның шығармашылық белсенділігі іс-әрекет тәсілдерінде көрініс береді. Осыдан мәдениет адам дамуының өлшемі болып анықталады, ол адамдардың бүкіл тарихы барысындағы олардың қоғамдық өміршеңдігінің игерілген құндылықтардың көлемі ретінде сипатталады. Солайша мәдениет адамның осы құндылықтарға бағытталуының тәсілі болады. Мәдениеттің іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде қаралуы жүйелілік-технологиялық көзқарастың негізін құрайды. Осындай мәдениетке қатысты қарастырылған анықтамалар мен көзқарастар культорологияда және кәсіби-педагогикалық мәдениетіне арналған зерттеулерде қаралған. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті зерттеудің аксиологиялық аспектісі Е.Н. Шиянованың еңбектерінде жетекші педагогикалық оймен өрнектеліп, педагогикалық құндылықтар жиынтығының сипаттамасы ретінде қаралып, тікелей педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын және тұтас педагогикалық үрдіске кірістірілетін[76, 17]. Біз осылайша Е.Н. Шиянованың пікірімен толығынан қосыламыз, болашақ маманның жаңару, шығармашылық-коммуникативті іс-әрекеттердің негізін кәсіби-педагогикалық мәдениет құрайды, ол тиімді іс-әрекеттер тәсілдері мен жолдарын кіріктіреді.
Сонымен, біздің пайымдауымыз бойынша, мәдениеттің адамның шығармашылық іс-әрекеті ретінде қаралуы болашақ маманның кәсіби тұлғалық-шығармашылық көзқарасының негізін құрайды.
5. Іс-әрекеттік – студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру мақсатында студенттерді кәсіби ойлау мен әрекет етуге тарту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
Зерттеу барысында жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби-тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби-шығармашылық іс-әрекет тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз.
Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:
• Мотивациялық – болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;
• Бағдарлаушылық – іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік – интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;
• Бағалаушылық – іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі, орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;
• Мазмұндық-операционалдық – екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану);
• Еріктілік, зейінді – ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.
Біздің зерттеуміз бойынша жоғары оқу орындарында осы моделдің табысты жүзеге асуының келесі кіріктірілген үрдістер ықпал етеді: арнайы пәндердің өзарабайланыстылығы үрдісі; осы пәндердің практикалық және шығармашылық-теориялық өзараәрекеті үрдісі; жоғары оқу орындарында тұтас білім беру кеңістігін құру негізіндегі тәжірибемен алмасу үрдісі. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындау үрдісінің мәдени-білім беру аспектісін дамытудың моделі өзін-өзі дамытуды, өзін-өзі жетілдіруді, өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі танып білу мен анықтауды, толерантылықты, кәсіби этиканы т.б. компоненттерді құрайды. Біздің келесі қарастыратын мәселеміз – бұл болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі мен моделі.

ІІ-тарау. Болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі

2.1. Субъект қалыптасуының алғашқы кезеңдері мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары.

Адам материяның әлеуметтік формасына жатады. Әлеуметтік индивид бола тұра, ол қоғамның мүшесі болудың алдында, әлеуметтену үрдісінен өтуі тиіс және тұлға ретінде қалыптасуы керек. Сондықтан да, адамды қоғамның талаптарына сәйкес тәрбиелеу мен оған білім беру қажет. Осы процестің күрделілігі – оның нәтижесін алдын ала нақты болжай алмайтындығымызда.
Философиялық көзқарас адамның өзін-өзі дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде қаралады, ұйымдастырушылықтың жаңа сапалы деңгейге ауысуға болатын материяның өзіндік қозғалысының ерекше типі ретінде қарастырылады. Әдебиеттерді талдаудан бізге мәлім болатыны; адам ежелгі заманнан бастап бүгінгі әлемде ғана түсініледі, ал әлем адамсыз мүмкін емес, өйткені тұлға көп жағдайда қатынас ретінде болатын. Сократ, қазіргі батыс елдері әдебиеттерінде оны адам философиясының бастаушысы, негізін салушысы ретінде, бір ұстанымды ұсынған екен, оған сәйкес өзін-өзі тану мен даму философияның басты және жалғыз мақсаты деп түсініледі. А.Протагор адамда тек қана ойлауға қабілеттілігін анықтап қоймай, сонымен бірге оның бүкіл адами субъектілігін көрсетеді, өйткені адам – нақты индивид. Аристотельдің философиясында антропологияның екі тенденциясы біріктіріледі: діни-этикалық (адам мен табиғат ажыратылған) және космологиялық-натуралистік (адам бүкіл әлеммен байланысты). Ол адамның қоғамдық-саяси мәнін айырықша көрсетіп, адамның өзін-өзі жетілуінің қажеттілігін айтып, оның мүмкіндігін айқындайды. Бірақ оған адам табиғатын түбегейлі өзгертуге болмайтындығы туралы көзқарасын да білдіреді. Сондықтан да, сол уақыттар кезеңінде адамның ақиқаттағы бейнесінің өзі көргендей мәнімен сәйкес келмеу проблемасы анықталған болатын. Сонымен ежелгі грек мәдениетінің негізгі көзқарасы физикалық-рухани дене ретіндегі адамды қарастыруға болатындығын, оның проблемалары рационализм, табиғи және әлеуметтік процестердің циклдік тұжырымдамасы шеңберінде қаралатынтығын білдіреді. XVIII ғасырдан бастап, әсіресе И.Кант заманын бастап, философтар тұлғаны жеке даралықтан ажырататын болған. И. Кант адамды өзіндік таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде, сыни және практикалық ақыл-ойдың қосымшасы ретінде қарастырып, тұлғаны “…ақылды, өзі немесе өзгелермен бірге орнатқан заңдарға бағынатын” деп анықтаған. Басқаша айтқанда, кезкелген адам өзін-өзі дамытатын тұлға бола алмайды, оған “жақсы Менге” ұмтылатын, өзінің бай ішкі тәжірибесін көре білетін және талдай алатын адам ғана лайықты. Әр адамның қайталанбайтындығы тұрғысынан даралық идеясы негізінде ұстанымды анықтаймыз, ол теориялық негіздеменің бір ережесін құрайды. Білім беру үрдісінде жаңа білім беру парадигмасына сәйкес даралық пен тұлға еркіндігі қамтамасыз етілуі анықталады. Осындай көзқарас педагогикалық үрдістің мазмұны мен мәнін анықтайды, болашақ мамандарды дайындаудың іс-тәжірибеде жүзеге асырылатын бағытын көрсетеді.. Маркстік философияда тұлғаның өзін-өзі дамуының мәні өзгелермен өзара әрекеттестігі негізінде түсініледі, өйткені қоршаған әлем адамның әлемі ретінде айқындалып, адам әлеуметтік табиғатты меңгеретіні туралы айтылады. Адамды К.Маркс тарихтің субъектісі мен объектісі ретінде қарастырады, яғни “тарих дегеніміздің адамның өз мақсаттарын іске асырудағы іс-әрекет” деп түсіндіріледі. Осы пікірдің мағынасын, былай түсінуге болады: адам – оны жеке алып қарастырғанда абстрактілі және индивид ретінде әлсіз, қоғамдық таптар құрамында және әлеуметтік топтарда өзгелермен бірге тарихтың жасаушысы болады. Маркстің пікірінше, адамның ерекшелігі оның еңбек етуімен байланысты. Еңбек – қоғамдық, заттық іс-әрекеттің нәтижесі. Ол тек нақты заттарға бағытталып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық қатынастар мен қоғамды қамтиды. Осыған сәйкес қарым-қанынастың, танымның, ойлаудың формалары қалыптасады. Осынысымен адамның қабілеттері жүзеге асырылып, ол үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Осы ереже адам тұлғасы өзін-өзі дамуы мәнін түсіну үшін негіз болады. ХІХ ғасырдың соңында қоғамның жаңа өмірі ұйымдастырылуынан пайда болуымен байланысты, тұлғаның ішкі дүниесіне оның еркіндігіне бағытталған, оның әлеуметтік құқықтары мен еркіндігіне бағытталған. Тұлғаның өзін-өзі даму проблемасы философтардың ойларында бейнеленіп персонализм және эксизтенционализм бағыттарында көрініс береді. У.Э. Гуссерляның өзін-өзі дамыту идеясы жеке субъектілердің ішкі әлемі болып, өзін-өзі жетілдірудің қайталанбас, ерекше нәтижесі ретінде қарастырылады. А.Камю, С.Кьеркегор, Ж.Сартр, М.Хайдеггер, К.Лоперс және т.б. өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың идеясын адамдық “Меннің” терең мәні ретінде қарайды. Орыс философиясында ХХ ғасыр ойларының (Г.С. Батищев, М.М.Бахтин, В.С.Библер, О.Н.Крутова, Н.О. Лосский, М.К.Мамардашвили, А.Г.Мысливченко, В.В.Розанов, С.Л.Рубинштнейн, С.Л. Франкл, К.А. Шварцман және т.б.) ортақ бағыты гуманист философтар мен психологтарды біріктіреді. Олардың барлығы адам тұлғасының өзіндік құндылығы мен ерекшелігін қабылдайды, оның қоғам өміріндегі мәндік ролін ерекше көрсетеді. Н.А. Бердяеев, В.В.Розанов, С.Л.Франкл өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың мәнін ашады. Мысалы, В.В.Розановтың жазғаны: “Адам тек өзінің ерекшелігінде өзінің мағыналық ерекше мәнін көрсетеді: онда түрлі рухани шығармашылықтың бұлағы жатыр. С.Л.Франкл “өзімізді өзіміз іске асыруымыздің қажеттілігі бар, біздің “Меніміздің” нағыз мәнін құрайтын біздегі ұйықтап жатқан рухани күштерге шығармашылық шығыс беру керек”. Н.А. Бердяевтің позициясында дамудың табиғи жолын таңдау еркі идеясы болады. Ол адамның өзінің жетілуіне бағытталған ішкі қозғалысын өзіндік еркінділікті орнату депе түсінеді. Сонымен, философтардың еңбектерінде адамның рухани өзіндік жетілу феномені тұлғаның өзін-өзі дамытудың идеясы болып табылады екен. Қазіргі философия адамның әлеуметтік адам ретіндегі үнемі өзгеруін үнемі тұрмыс жағдайына байланысты түсіндіреді және қоршағанның түрлі факторларының әсерімен болады. Осыған орай М.К. Макарашвилидің ойы өзекті болады: “адам әлемдегі үнемі қайта жаңару үстіндегі жағдайында болатын жан, осы жаңадан жаңаруы адамның өзінің ұмтылысы нәтижесінде, яғни өзін өз ойларына орнату, өз ұмтылыстарына бағындыру нәтижесінде іске асады”. Сонымен бірге П.Г. Шедровицкийдің пікірі бойынша тұрмыстың күрделілігі адамның өзін-өзі дамуына, ішкі дүниесіне назар аудару қажеттілігін талап ететін. Бірақ өзін-өзі дамыту механизмін іске асыру үшін себепкер ұмтылысы қажет – белсенділік, өзіндік–себептік ауыстыру мен асуысу. Адам дамуының басқа философиялық ережесі бар, ол: әлеуметтік факторлардың және өмір сүру жағдайларының интенсивті түрде дамуы адамның тірі ретінде, сезімтал индивидуум ретіндегі тіршіліктің негізін қозғайды, ол тұлғадағы, табиғатпен берілген өзгерістердің себепі болатын әлемге қатынасы, мінезі, қабілеттері және т.б.айтады. Осы идеялардың негізінде біз болашақ маманның кәсіби қалыптасуы барысында педагогикалық процесстің мазмұнын белгілейміз, педагогикалық әсер етудің мәні мен бағыты өздерінің “Жақсы Меніне” жетудегі студенттердің өзгелермен іс-әрекеттік әрекеттестігі арқылы өзін өзі жүзеге асыру негізінде рухани-шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдайлар жасайды. Сонымен, философиялық ғылымдар тұлғаның өзін-өзі дамытуы туралы түсінікке өзін-өзі жетілдіру мен әлеуметтік қызмет көрсету мақсатымен рухани-тәжірибелік өзіндік жаңаруы ретінде, өзінің адами мәнінің толықтығына жету мен өмірлік мақсаттарға қарай өз-өзінің құрастырылуының аяқталуына бағытталған адамгекршілік жаңару іс-әрекеті ретінде зерттеген. Бұл жерде тұлғаның өзін-өзі дамытудың маңызды факторы ретінде көптеген философтардың пікірі бойынша диалектикалық бірігудегі еркінділік саналады, сонымен еркінділіктің “неден” дегеннен гөрі “не үшін” құндылығы айқындалады. Осының барлығы тұлғаның өзін-өзі дамытудың негізгі шарты ретіндегі еркінділік проблемасының философиялық аспектісіне тоқталуға мүмкіндік жасайды. Мамардашвилидің, Б.С.Гершунскийдің, П.Г.Щедровицкийдің, Б.А.Запесоцкийдің, В.П.Зинченконың, Н.Б.Крылованың және т.б. еңбектерінде жоғарыда айтып кеткендей келесілерге назар аударылады: тұрмыстың күрделілігі адамның ішкі дүниесіне ерекше көңіл аударуды талап етеді, оның өзіндік тұрмысының деңгейін өздігінен ұғынуға, “Мен-бейнесін” түзету механизмдеріне еркіндік және топқа тәуелділік жағдайларында. Біздің көзқарасымызға П.Г.Щедровицкийдің пікірі жақындау болады, белсенділіктің көзі адамның өзінде табылмайды, сондықтан да білімберу жүйесі іс-әрекеттің жаңа үлгілерін қалыптастырудың және белсенділіктің, ойлаудың шығармашылық эволюциясының, жалпы әрекеттің орталығы болуы тиіс. Біздің зерттеулеріміз бойынша белсенді тұлғаның ішкі еркінділігі болады, яғни оның өз мінез-құлығының ерекше жолын таңдауға, іс-әрекеттің ерекше формалары мен мазмұнын, тәсілдерін еркін таңдауға қабілеттілігінің болуымен түсіндіріледі.
Субъект психологиясын іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыру барысы адам қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттайды. Философиядан өз бастамасын алатын субъект психологиясының басты ережелерін С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев [10] жасаған және олар жалпы түрде тұжырымдалып психологиядағы гуманистік бағытымен анықталған. А.В. Брушлинский, К.А. Абульханова –Славская субъект психологиясы негіздерін дамытқан болатын [5, 19], ал С.Л. Рубинштейн[5] оның ержелерін тұжырымдап жасайды. Субъект – тұтастылықтың және автономиялықтың, өз белсенділігінің жоғары деңгейіндегі адам. Осы деңгейде адам өте жекеленіп кеткен, яғни өз мотивациясы, қабілеттері, психикасы ерекшеліктерін білдіреді. Сонымен, адам субъект ретінде туылмайды, ол іс-әрекет барысында субъект ретінде танылады. Әр тұлға – субъект, бірақ соның өзінде ол тұлғаға теңестірілмейді. Субъект – өзін-өзі ұйымдастырудың белгілі бір сапалы тәсілі, тұлғаның өзін-өзі реттеуінің, ішкі және сыртқы жағдайлардың келісуінің тәсілі, барлық психикалық процестердің, күйлердің, қасиеттердің реттеу орталығы, сонымен бірге қабілеттердің, объективті және субъективті мақсаттарға қатысты іс-әрекеттің міндеттеріне сәйкес тұлғаның мүмкіндіктері мен шектеулерінің формасы. Субъектінің тұтастылығы, бірлігі және кіріктірілуі оның психикалық қасиеттері жүйелілігінің негізі болады [17, 559-570; 19, 330-346]. А.В.Брушлинский субъектінің тұтастылық проблемасын аша отырып, адам дамуының барлық кезеңдеріндегі табиғилық пен әлеуметтіктің байланыстылығын айтады. Субъект психологиясының келтірілген негізгі ережелердің сұлбасы, осы бағыттың жалпы түрде жасалғаны және теориялық-экспериментальды негіздеуді қажет етеді. Оның екі идеясының психологияның дамуына маңызы зор. Бірінші ережесі бойынша субъект – іс-әрекеттік және жүйелілік көзқарастарының бірігу мүмкіншілігімен байланысты болып келеді. Субъект әр кезеңде өзінің іске асуы барысында және әлеммен байланыстық әрекеттестігі барысында ашылатын бір жүйеліліктің тасушысы ретінде қарастырылады. Дәл осы субъект өз дамуының әр кезеңінде жүйелілік факторы болып анықталады, психикалық ұйымдастырушылығының өзіндік күрделі көп деңгейлі жүйесін қамтиды. „Кең тараған көзқарастарға қарамастан, субъект – адамның психикасы емес, психикалық қасиеттері мен белсенділік түрлері де емес және т.б., ал адамдардың өздері – әрекетті қарым-қатынасқа түсетіндер болып анықталады. Екінші ережесі бойынша „Субъект – өзін-өзі басқарудың сапалы тәсілі …” [19, 330-346]. Жүйелілік көзқарас принципі адам өз дамуының деңгейлерінен өтетін психикасының өзін-өзі ұйымдастыруын түсіндіреді. Осындай екі көзқарастың шынайы, күрделі өзіндік іс-әрекетінің субъектісі ретіндегі және оның психикалық ұйымдастырушылығының жүйелі механизмдерін қоса қарастыру: жүйеліліктің және субъект-әрекеттіктің, яғни екі көзқарастағы ережелердің бірігуі адам психологиясын түсіну жолындағы қадамы болады. Субъект психологиясының екінші ережесі психологияның даму перспективасы үшін маңызды. Ол адамның жеке ерекшелігі мен даралығының бірігуі негізінде қарастырылады. Сонымен, психологиялық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда адамның сипаттамасын бір жағынан индивидтің сипаттамасы ретінде қарастыруында, яғни оның адам түріне адамның жеке ерекшеліктері негізінде жатқызылу мағынасында. Осыған орай қазіргі психологиялық даму тенденциялары адамды зерттеудің келесі бір көзқарасын жасау туралы мәселені көтереді, ол психиканың ұйымдастырылуындағы дара және ерекше белгілерінің болуымен түсіндіріледі. Ал екінші жағынан субъект-іс-әрекеттік көзқарасы негізіндегі өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде адам қалыптасуының өлшемдері туралы айтылады. Осы жерде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі сапалы ерекшелігі – оның басқа категориялардан (индивидтен, тұлғадан, даралылықтан) ажыратылатындығында. Сонымен субъектіні әр түрлі авторлар түрлі түсіндіреді. Мысалы, Б.Г. Ананьев адам ұйымдастырушылығының үш негізгі құрылымдарын айтады: индивид, тұлға, іс-әрекет субъектісі. Осы үш құрылымның кіріктірілуі адамның қайталанбас даралығын айқындап береді екен. Даралықтың компоненттері индивидтің қасиеттері болып табылады (табиғи қасиеттер жиынтығы), тұлғаның (қоғамдық қатынастары жиынтығы), іс-әрекет субъектісінің (еңбек іс-әрекеттері жиынтығы). Даралық дамуының үш формасы анықталады. Біріншісі – онтогенез – адам дамуының негізгі формасы. Екіншісі – тұлғалық қасиеттердің даму формасы – қоғамдағы адамның өмірлік жолы. Үшіншісі – адамның кәсіби іс-әрекеті барысындағы субъектілік қасиеттері қалыптасуының формасы. Барлық үш құрылымдардың ерекшеліктері мен сипаттамалары бар және әр құрылымға даму процесінің гетерохрондығы тән. Даралық генетикалық тұрғысынан кеш қалыптасады, ал қасиеттер онтогенез, кәсіби іс-әрекет, адамның өмірлік жолы барысында тұтас жүйенің нәтижесі болып қалыптасады.
1.1. Сонымен, Б.Г. Ананьевтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі адам туралы түсінігі адам дамуының белгілі бір кезеңінде психикалық қасиеттердің және кәсіби іс-әрекет барысындағы механизмдердің қалыптасуымен анықталады. Осыдан адам субъект ретінде операционалдық механизмдермен, индивид – қызметтік механизмдермен, ал тұлға – индивидтің қажеттіліктері мен құндылық бағдарларын қамтитын мотивациялық механизмдерімен түсіндіріледі. „Адам қасиеттерінің индивидтік, тұлғалық және субъектілік болып ажыратылуының себепі адам сипаты мәнінің табиғилық пен әлеуметтіліктің тұтастығымен ашылады” – деп Б.Г. Ананьев жазады. Осы тұтастылықтың ядросы – тұлғаның құрылымы, ондағы тұлғалық маңызды қасиеттерімен бірге индивидтің және субъектінің қасиеттері жалпыланбайды [10, 218]. Бұл жерде біз Б.Г. Ананьевтің субъектіні түсінудегі және автордың субъект-әрекеттік көзқарасындағы айырмашылықтарды көреміз. Егер Б.Г. Ананьев үшін тұлға ұйымдастырушылықтың ядролық құрылымы болатын болса, субъект-әрекеттік көзқарасы бойынша субъект ол үшін әрқашан тұлға болып табылады, бірақ оған жатпайды. Өзінің кәсіби іс-әрекеті барысында және шығармашылығы негізінде кәсіби іс-әрекеттің жоғары деңгейі ретінде адам Б.Г. Ананьевтің көзқарасы бойынша субъект ретінде қарастырылады. „Субъект адам ұйымдастырушылығының ядросы ретіндегі пікірге А.В. Брушлинский қосылады: „Көптеген түрлері мен субъект белсенділігінің деңгейлері ішкі жағдайлардың тұтас жүйесін құрайды және олар дамудың негіздемелері арқылы сыртқы себептері бойынша әрекет етеді” [19, 34]. Сонымен бірге, ол кез келген тұлғаны тәрбиенің объектісі ретінде болатынын айтып, осы тәрбиенің субъектісіне айналатынын айтып кеткен. Осылайша тұлғаның объект-субъектілік табиғатының педагогикалық тұжырымдамалық көзқарастарын тұжырымдаған. Осы сәттен бастап педагогикалық көзқарас тұрғысынан біз субъект қалыптасуының және тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамаларына назар аударамыз. С.Л. Рубинштейннің және оның шәкірттерінің көзқарасы бойынша субъект – тұлғанының өзін-өзі басқарудың, өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі дамытудың сапалы тәсілі болып анықталады екен. Бірақ С.Л.Рубинштейннің ережелеріне сүйенетін болсақ жоғарыдағы тұжырымға қарамастан, субъект категориясының және субъект-әрекеттік көзқарасының мазмұнын түрлі анықтай аламыз. Мысалы, оны шәкірті К.А. Абульханова субъект категориясының тұлға категориясына қарай қозғалысын айтады: „…кез келген тұлға іс-әрекеттің субъектісі бола алмайды” [8, 63], әріқарай: „Түрлі тұлғаларға қатысты олардың қалыптасуының жалпы ережесіне сәйкес түрлі мөлшері туралы айтуға болады, субъект – жетілудің ең жоғарғы нүктесі емес, оны біз соған қарай жылжу деп түсінеміз” [8, 65]. Субъект категориясы үшін ең маңыздысы – қарама-қайшылықтарды шешу болып табылады. Нақты көрсеткенде, тұлғаның сапалық өзгерістерін қарастыра келе, оның субъект іс-әрекетінің үш негізгі трансформациясын анықтайтынын айтуымыз керек. Біріншіден, барлық психикалық ресурстар (психикалық процесстер, қасиеттер, күйлер, қабілеттер) тұлға іс-әрекеті мен өміршендігінің қамтамасыздану тәсілдері болып табылады. Екіншіден, барлық психикалық ресурстар тұлғалық іс-әрекетке бағынатын жеке композициясын құрайды: „Іс-әрекетке қосылған сапалы өзгертулер және оны жүзеге асыру әрекеті қамтамасыздануының психикалық пен тұлғалық қасиеттерінің іс-әрекет талаптарына сәйкес тұлғаның өз өлшемдеріне қарай оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі қалыптасу барысы реорганизация процесі болып анықталады” [8, 67]. Үшіншіден, тұлға субъект бола тұра өзінің өмірлік стратегиясына және әрекет стратегиясына сүйенеді, бар ресурстарға, қабілеттерге және мүмкіншіліктерге қарамастан. Мысалы, адам өмір сүру мәнінен айырылып, интеллектісін, қабілеттері мен өзін-өзі жетілдіру, дамыту үшін өз еркін қолданбайды. Сонымен, субъектінің өлшемі ретінде қарама – қайшылықтарды шешу қабілеттілігін айтамыз. Осы қабілет қалыптаспаған жағдайда тұлға субъект ретінде өз мәртебесін жоғалтпайды. Субъект, К.А. Абульханованың анықтамасы бойынша, үйлесімді, иерархиялық даму сатысының ең жоғарғы баспалдағына жеткен өзін-өзі дамытып жетілдіретін тұлға болып табылады. К.А.Абульханованың жаңа еңбегінде „субъект” және „тұлға” категорияларының айырмашылығы анықталады. Оның пікірінше: „Тұлға өз ерекшелігі дамуының максимальды деңгейіне жетіп жеке дара болады, ал субъект ретінде, ол өз адами дамуының тиімді деңгейіне жеткенде болады… Субъект ретіндегі оның қасиеті осы өмірлік жолды ұйымдастырудың тәсілі болады… Субъект өмірді ұйымдастырудың тұтас процесін жүзеге асырады, оның өзгермелілігі мен төзбеушілігін есекере тұра. Тұлғаның өз өмірін реттеуге қабілеттілігі оның құндылықтарына бағынатын тәуелсіз болуға мүмкіндік береді, яғни сыртқы талаптарға қарамастан еркінділіктің болуы. Бір жағынан объективті жағдайлармен, талаптармен, оқиғалармен, дәуірмен тұлғаның өмірлік жолы оның өзімен анықталады, екінші жағынан оның оларға қатысты болуымен байланысты тұлғаның өзімен анықталады. Осы анықтаушылар бір- бірімен ешқашан да сәйкес келмейді. Сондықтан да өмірлік жол субъектісі ретіндегі тұлғаның қасиеттері оның өмірлік жолында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешу тәсілімен анықталады [9, 13-27]. Біздің көзқарасымыз бойынша субъектіліктің анықталған өлшемінің ерекшелігі жоқ және осы категория үшін анықталған өлшем жеткіліксіз. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін саналы түрде ұғынбау деңгейінің өзінде соның ішінде тұлғалықтың кез келген дамудың қозғаушы күші болады. Сонымен бірге, өмірлік жолды ұйымдастырудың тиімді тәсілі туралы ережесі анық емес. Субъектінің деңгейі тұлғаның операционалдық деңгейі ретінде қозғалыстың жалпы бағытын анықтайды. Адам, өз дамуының перенатальды кезеңінен бастап, қажеттіліктердің және мотивтердің қарама-қайшы тенденцияларын шешу жолында тұрады. Әрине түрлі күрделілік деңгейіндегі қарама-қайшылықтар өзінің психофизикалық дамуының ыңғайын қамтамасыздандырудан бастап дүниетанымдық проблемаларын шешуге дейін сөзсіз болып тұрады. Осындай түрлі деңгейдегі қарама-қайшылықтар субъект алдында тұрған психикалық ұйымдастырушылықтың және реттеушіліктің жүйелілік факторы болатын оның индивид және тұлға ретіндегі тұтас дамуын қамтамасыз етеді. Субъект белсенділігі түрлі қарама-қайшылықтарды шешіп, психикалықты дамытады және сол психикалықтың тасымалдаушысы субъект болады. Белсенділіктің таңдамалылығы, даралығы мен нәтижелілігі түрлі әрекеттерді субъект жасайтынын растайды. Міне осы жерде субъект іс-әрекетінің өзін-өзі дамытудың ұйымдастыруы мен реттеуінің деңгейлері туралы сұрақ туындайды. Қарама-қайшылықты шешетін субъектіні анықтау процесі, К.А.Абульханованың түсінуінше, субъект категориясының тұлға категориясымен толық қамтылатынын және тұлға дамуының жоғары деңгейінің белгісін білдіреді. Бұл адамның өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі актуализациялау ұмтылысының гуманистік көзқарасы пікірімен толық келіседі (мысалы, А.Маслоу, К.Роджерс).
А.В. Брушлинский субъект категориясын кеңінен түсінеді: „Субъект – өзін-өзі ұйымдастырудың, дамытудың белгілі бір сапалы тәсілі….” [20]. Басқа тұрғыдан қарағанда субъект өз белсенділігінің, тұтастылығының, жекелілігінің жоғары деңгейіндегі адам болып табылады. „Әр тұлға субъект болып танылады, бірақ субъект тұлғамен теңестірілмейді” деген А.В. Брушлинскийдің тұжырымын есемізге алатын болсақ, біз бір жағынан ол адам дамуының үздіксіздік іс-әрекеті субъектісі ретінде, ал екінші жағынан субъектілік белсенділіктің, тұтастылықтың, жекеліліктің жоғары деңгейі ретінде түсінеміз. Осы қарама-қайшылық қайта қарау мен зерттеуді қажет етеді, осылайша субъект категориясының өлшемдік критерийлері туралы сұрақ ашық түрде қалады. Субъектінің табиғаты туралы мәселе субъектіліктің өлшемдерін анықтау проблемасын белгілейді. Адамның үздіксіз дамуының түрлі деңгейлерін зерттеу мәселесі осы сауалдың талдауын әрі қарай жылжытады. Іс-әрекет субъектісі ретіндегі адам дамуының өлшемдерді адамның өзін іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі проблемасынан ажырату мәселесін талдау қажет. Бала өміріндегі субъектіліктің пайда болуынан бастап, оның психикалық дамуы туралы теориялық көзқарастары жалпыланып, эксперименталды зерттеулердің фактілері талданылады. Осы проблеманың 1-ші аспектісі – субъектінің негізгі сипаттамасы ретіндегі адам тұлғасын қалыптастыру. 2-ші аспектісі – әлеуметтік және физикалық объектілер әлемін ажырату мен түсінудің қарастыруын қамтитын субъектісін қалыптастыру. 3-ші аспектісі – субъект-әрекеттік көзқарасы ережесімен байланысты өзін-өзі дамытудың негізі ретінде тәжірибелік пен теориялық іс-әрекеті болып табылады. 4-ші аспектісі- даралықты дамыту. Субъект өз дамуының жоғарғы деңгейінде жекеленген болады, осылайша ерекше дара субъектіні басқалардан ажырататын жоғарғы деңгей адам дамуының барлық деңгейлерінің үздіксіздігі мен шынайлылығын анықтайды.
Субъектіліктің ерте онтогенезінде адамның психикалық дамуының континуальды ұстанымына сүйене отырып, базистік деңгейлердің дамуын қарастыруға болады. Олар субъект мінезінің дамыған саналы формаларының алдында пайда болады. Ол үшін өзін-өзі түсінудің дамуын және өзгелердің агент ретіндегі психикалықпен қамтылғанын сипаттау үшін сәбилерге түсінікті өзараәрекеттесу тәжірибесінің түрлері талдануға тиісті. Тәжірибенің осындай түрлерінің „Мен” және өзге-агенттері бастапқы ақпаратымен қамтамасыздандырады да, ақпарат факт ретінде кодталады екен. Іс-әрекет субъектілері психикалық қатынасын жүзеге асырады.
Сонымен, физикалық пен әлеуметтік әлемнің базистік тұжырымдамасындағы адамның субъект ретіндегі белсенділігін, кіріктірілуін, әлеуметтілігін білдіреді. Бұл бізге субъектіліктің көзін адам дамуының ерте кезеңдерінен іздестіруге мүмкіндік береді. Сонымен, жүргізілген зерттеу жұмыстарының талдауы адамның базистік өлшемдерін анықтауға жағдай жасайды – ментальды моделдің қалыптасуына, „Мен” және „өзге психикалықтың” тасымалдаушысы болуына, ұқсас психикалық жағдайларды сезінуге. Өмірінің бірінші жылының соңында осындай модель пайда болып, адам субъектілігінің базистік деңгейін белгілеуге болатындығын анықтаймыз.
Субъект – әрекеттік көзқарастың ережесіне сәйкес субъект өзін-өзі дамытудың негізі ретінде тәжірибелік (практикалық) және теориялық іс-әрекеттері алынады, бірақ олардың барысында бір ғана іс-әрекет өтеді (ойын, оқу, еңбек және т.б.) және қарым-қатынастың түрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын нақтылау мен дамыту жүреді. Бір жағынан, субъектіні дамытуда белсенділік пен іс-әрекеттің рөлі жетекші болып анықталады, екінші жағынан, сауал туындайды – субъектінің белсенділігі мен іс-әрекетін не бағыттайды? Теориялық тұрғысынан мақсатсыз саналы және саналы емес тәжірибелік іс-әрекетті болдыру қиынға соғады. Осы жерде, тәжірибелік іс-әрекетті және белсенділікті түсінудің өлшемдерін ажырату маңызды. Белсенділік тәжірибелік әрекетке қарағанда эндогендік қажеттіліктермен бағытталады, олар сыртқы ортада іске асырылады. Ал тәжірибелік әрекет экзогендік мақсаттармен бағытталады, сонымен қатар субъект таңдаған және белгілі бір осы таңдауға сәйкес әрекеттер мен тәсілдер арсеналымен осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қамтамасызданады. Осылайша „белсенділік” және „практикалық әрекет” арасындағы қарама-қайшылық жойылады.
Субъектінің практикалық әрекеттері – сыртқы әлеммен өзара әрекеттестігін аяқтайтын танымдық бағалау мен жоспарлаудың соңғы кезеңі. Сонымен, белсенділік субъектінің әлеммен жалпы әрекеттестігін бағыттайтын және тәжірибелік іс-әрекеттегі мақсат пен тәсілдердің өзара әрекеттесудің барысындағы мақсаттар мен тәсілдерді нақты талдаудың нәтижесі болып табылады. Белсенділік пен тәжірибелік іс-әрекет субъектіні әрқашан мақсатқа бағытталған және әлеммен әрекеттестігінің дамуына қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде субъектінің ментальды тәжірибесін дамытады, өзгертеді, қайта құрайды және мақсат-міндеттердің іске асысуын қамтамасыз етеді. Белсенділікті дамыту үрдісі тәжірибелік іс-әрекетті дамытудың алдында жүреді және оны дайындайды.
Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың кәсіби қалыптасуына ықпал ететін педагогикалық жағдайлардың жасалуы тұлға дамуының жалпы теориялық негіздемесін талап етеді. Бұл өзара әрекетте болатын факторлардың әсерін есепке ала тұра өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту феномендерін анықтауға, сонымен бірге педагогикалық үрдісі жағдайында олардың іске асудағы механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдетте педагогикалық теория мен тәжірибеде “білімберу” ұғымы педагогтың білім мен білікті, дағдыларды меңгертеді дегенді білтіретін. Солай, педагог оларды меңгеруге ұсынатын, ал оқушы оларды есте сақтап, тәжирибеде қолдануға тиісті болатын. Нәтижесінде адамның біліктілігі ақпараттық құзырлылық пен еңбек іс-әрекетінде білімдерді пайдалану қабілеттілігі болып танылады. Бірақ білімберу өз мәнінде инкультурация (адамзат жинақтаған білімдерді меңгеру) мен әлеуметтенуді (қоғаммен байланысты орнату) және өзбентінше өмір сүру мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтиды. Осыдан адам танымы мен рефлексиясының, рухани өзіндік шығармашылығының, кәсіби өзін-өзі жетілдірудің, жоғары мәдениетті жасау мен меңгеру тұрғысынан ұзақ еңбегінде білімді болады. Басқаша айтқанда, білімді адам болу үшін, қайта ұғыну кеңістігінен шығу мен үздіксіз өзін-өзі өзгерту, өзіндік шығармашылықта тұтастай тұлға ретінде өзін-өзі дамыту үшін бұрын меңгергенді тереңінен ұғыну болып табылады. Осыған орай педагогикалық үрдісте өзбетінше әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесі туындайды. В.П. Зинченко білім берудің рөлін өз оқушыларына жаңа әлемді ашу деп түсіндіреді, сол әлемдерде бағдарлай алуға үйрету деп айтады, сонымен қатар білім әлемін ашу мен білімсіздік әлемін ажырату деп түсіндіреді. Осы әлемдерге бірінші қадамдарын жасауға көмектесуді баланың көзін ашу керек деген пікірмен түсіндіреді ішке бағытталған өзін ашуға, рухани және тұлғалық өсүге бағытты көрсетеді. Педагогтардың пікірінше, білім беру парадигмасы жаңаруының дәуірінде тұлғаның өзін-өзі дамуы ішкі факторлармен анықталуға тиіс. Қазіргі жағдайларда қоғамның маңызды міндеті – жаңа өзіндік сана мен ойлауды қалыптастыру. Олар тек білімді алу білігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге жұмыс жасауға, өмір сүру білігін және өзгелермен бірге өмір сүруге үйрету болып табылады. Осы төрт біліктер өз жиынтығында біздің менталитетіміздің өзгеруін анықтайды: адам өз өмірін өзі құру керек, өз-өзінің авторы болуы тиіс. Педагогикалық процесс барысындағы субъектілердің өзін-өзі дамуы білім беру іс-әрекетінің гуманизациялаудың маңызды факторы, шарты, тәсілі болады. Студенттердің өзін-өзі дамуы мен білім берудің гуманизациясының арасындағы өзара байланысты көру және оны меңгеру үшін тұлғалық өзін-өзі дамуы үрдісінің методологиялық негіздерін қарастыру маңызды. Өйткені, ол әр түрлі адамтану ғылымдарында түрлі түсіндіріледі.
Осымен біз тұлғаның өзін-өзі дамытудың жағдайларын түсіндіруде келесі қорытындыға келдік: болашақ маман тұлғасының қарым-қатынасқа қабілеттілігін, педагогикалық және психологиялық үрдісіне қатысушылардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастарын дамыту деп ұйғардық. Түсіністік пен қарым-қатынас мәселелерін педагогтар мен психологтардың зертеулерінде „мен –концепциясы” шеңберінде зерттеленеді.
К.Роджерстің пікірінше, өзін-өзі дамытудың негізгі бағыты – өзіне деген сенімді нығайту мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект “идеалды Менге” ұмтылады [60]. Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің “тұлғалық өсу тобының” әдісі қолданылады. Ондағы қарым-қатынас барысында адамдың адаммен қатынастарын құру үшін қатысушылар бір бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл өздігінен өз бентінше әрекеттенуді күшейтеді – ұйымдастырылған байланысты гештальт үнемі қалыптасу барысында болатын және өзіне деген көзқарасты анықтайды. Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер – өзгерістен қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм. Тұлғалық жетілуді түсіндіруде А.Маслоудың зерттеулеріне сүйенеміз: өсу – яғни потенциалдықтан қалмау деп түсінеміз. Немесе „тұлғалық өсу” деп А.Маслоудың қол жеткізген негізгі қажеттіліктері негізінде “жоғары” қажеттіліктерді қанағаттандыруды айтамыз. А.Адлерде тұлғаның ішкі күштерінің өзін-өзі дамыту процесі әлеуметтену мен тұтастылыққа жету барысында атқарылады, мақсатқа бағытталған шығармашылық ұмтылысына байланысты. Сондықтан да, шет елдің қазіргі психологиясының тұжырымдамасында – онтопсихологияның – „тұлғалық жетілу мен даму” негізгі ұғымдары болады және адамның тұлғалық өсуіне кедергі болатындарды анықтаған. Осының негізінде келесі қорытынды жасаймыз: педагогикалық процеске қатысушы әрбір субъектінің өзін-өзі дамытуы бойынша өз іс-әрекетін талдауға көмектесетін технологияларды қолдану маңызды. Осыған орай біздің тәжірибелік жұмысымызда оқытылушы өзін-өзі дамытудың, жетілдірудің объектісі болуы ерекше орынды алады. Ол өзінің нағыз тұлғалық ерекшеліктері мен әрекеттерін шынайы бағалай білуі тиіс және өз алдына мақсат қоя білу керек. “Дамудың” толық анықтамасын біз В.И.Смирновтан алып, оны сандық және сапалық ағзадағы, психикадағы, ақыл-ой және рухани адамның жүйесіндегі өзгерістердің процесі деп түсінеміз. Олар сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбиенің әсерімен анықталып, адам дамуының үрдісі мен нәтижелері үш маңызды факторлардың бірлескен әрекеттестігімен анықталады. Психологтардың зерттеулері бойынша (А.А.Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн және т.б.) адам дамуы барысында өзін-өзі дамыту екі детерменизмдік мағынасына ие: ішкі және сыртқы, негізінен назар ішкі анықтаушыларға аударылады – ішкі мүмкіндіктерді анықтау мен потенциалдық жағдайларды ашу. К.А. Абульханова –Славскаяның пікірінше, адамның дамуы – бұл белсенді өзін-өзі басқаратын, “ішкі жылжуға” тәуелді үрдісі (спонтанды ерексіз кез келген жүйенің өзгеруінің, оған сыртқы жағдайлар мен өзгерістегі орта ықпал етеді). Осыдан, “даму” категориясы мен “өзін-өзі дамыту” категориясы философиялық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бірбірімен байланысты, өйткені жалпы дамудың өзін-өзі дамыту мәселесі осы салалардағы өзін-өзі жетілдірудің негізінде пайда болған.

2.2. Жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби тәрбиелеудің мақсаты ретіндегі маманның субъектілік қалыптасуы мен өзін-өзі дамытудың моделі.

Екі қарама-қарсы өмірлік позициялары – „иелену” позициясы мен „болу” позициясын Эрик Фром анықтайды [74]. Біріншісі өмірдің мәнін қажеттіліктерді өтеуді қарастырумен байланысты: «Мен мендегі бар затпен анықталады». Екіншісі әлеммен әрекеттестігін басынан кешірумен байланысты: «Мен мендегі болып жүрген әрекеттермен анықталады». Біріншісінде адам күн көрушілік тәсілдеріне сүйенеді. Екіншісінде – өмірдің мазмұнына. Осындай тұрмыстық (немесе онтологиялық) тәрбиелеудің түсінігі қазіргі педагогикалық-психологиялық ғылым мен тәжірибесінде қалыптасып, нығаю үстінде. «Адам өзінің болмысымен тұрмыстың ақиқатына тасталынған, яғни экзистенділеу негізінде…. Болмыстың ақиқатын сақтау үшін, яғни болмыс жағдайында мағыналық мәнінде болу үшін» (М.Хайдеггер).
Гуманитарлық тәжірибе ретіндегі тәрбие үш аспектіде қарастырылады (әлеуметтік құбылыс, үрдіс және іс-әрекет), адамның рухани болмысының үш аспектісін бейнелейтін (таңдау мен мінез-құлық пен өмір сүру мәдени бағыттығы бейнесін іске асыру), жеке (даралықты дамыту, өзіндік ерекшелік) және өзі үшін маңыздылығы бар өзгелермен қатысты болмыс (диалогтік әрекеттестік, мәдени үрдістің субъектісі болу, оқиға). Осымен бірге 1-ші аспект өмірлік мағыналарды анықтайды (тәрбиелік), тәрбиенің нәтижелілік сипаттамалары, 2-сі болмыстың бейнесін бейнелейді, мақсатқа бағытталған тәрбиенің сипаттамасы мен пәні болатын, ал 3-сі – тәрбиенің мазмұны мен механизмі. Болмыстың үш аспектісіне үш жетекші тәрбие кеңістігі жатады: әлеуметтік (мәндер алаңы) және өзараәрекеттестік кеңістігі (мағыналар алаңы) және әрекеттестік кеңістігі (құндылықтар алаңы). Тәрбие құбылыстарының, үрдістердің, жобалаудың және тәрбие іс-әрекетін меңгерудің гуманитарлық түсінігі ерекшелігі келесідей болады:
• Тәрбие адамның мәніне бағытталған жеке адамның сапалы өзгерістері логикасымен түсіндіріледі;
• Тәрбие үрдісі – адам субъектілігінің өсу және әлеуметтік-мәдени ортада оның өзін-өзі бекітудің үрдісі;
• әрекеттестіктің бірегей мағыналық кеңістігінде тәрбие үрдісі субъектілері құндылықтық-мәндік трансформациясына тәрбие механизмін ашады (педагог пен тәрбиеленушінің);
• тәрбиелеу жағдайы диалогтік сипатта болады, яғни сыртқы әрекеттестігі оның әр субъектісінің ішкі әлемінің шарты мен алғышарты болады.
Осы ерекшеліктер бірдей мөлшерде жоғары оқу орындарының кәсіби тәрбиесін сипаттайды. Оқытушының қабілеттілігі тәрбие қызметтерін іске асыруға осы тұрғысынан оның сапалы өзін-өзі өзгертуге бағыттаушылығы анықталады, студенттермен әрекеттестігі барысындағы трансформациялану, оның педагогикалық қолдаудың позициясының болашақ маман өздігінен қалыптасуына өтеді, әрекеттестіктің бірегей құндылықтылық-мағыналық кеңістігінде. Оның барысында оқытушының өзі іс-әрекеттің субъектісі болып, студентпен кәсіби әрекеттесуі барысында өзінің кәсіби-педагогикалық көзқарасын іске асырады, үнемі өзін-өзі дамытуға мүмкіндігін жасайды.
Тәрбиенің әлеуметтік мәдени аспектісі культурологиялық көзқарас шеңберінде қамтамасыз етіледі, педагогикалық мақсатқа сай ортасын ұйымдастыру арқылы: қоғамдық пікір, дәстүрлер, ұжымдық істер, оқиғалар, мерекелер және т.б. Жүйелілік көзқарас тәрбие үрдісін технологизациялауға және тәрбиелік әсерлердің тұтастығы дәрежесін көтеруге, ортаны әлеуметтік – мәдени тәрбие кеңістігіне ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осымен бірге әлеуметтік мәдени кеңістік деп арнайы ұйымдастырылған педагогикалық ортаны айтамыз, педагогикалық факторлардың құрылымдық жүйесін және студент тұлғасы қалыптасу жағдайларын қарастырамыз. Кеңістіктің сипаттамалық белгілері – оның әлементерінің ұзақтылығы, құрылымы, өзара байланысы, өзара анықтауы, оның ортадан бөлініп шығуы, тәрбиеленушімен субъективті міндетті түрде қабылданады (кеңістіктің бейнесі ретінде ортадан ажыратылған). Тәрбиенің тұтастылық дәрежесін көтеруге ұмтылу адамға көңілді аударуды талап етеді, оның мәдениеттегі жеке болмысына, яғни адам 2.1-ші тарауда зерттеп қарастырғандай өзін тек қоғамдық индивид ретінде жүзеге асырады, сонымен қайталанбас даралық ретінде өзінің ерекше сұраныстары мен әлеуметтік өзін-өзі жетілдірудің қажеттіліктерін өтейді. Егер тұлға – өзгелермен қатынасындағы адам позициясының анықтығы болса, онда даралық – өмірдегі өзіндік позициясын анықтау болып түседі, бұл өзінің Өзгемен кездесуі секілді. Адамды тәрбиелеу – мәдениеттің, тарихи үрдістің, өз өмірінің субъектісі болуға көмектесу, яғни өмірлік шығармашылыққа „үйрету”. Субъект – пассивті, сырттан келетін әсерлерді тек қабылдайтын және оларды өз „табиғатынан” туындаған тәсілімен оларды өңдейтін, даралық өзін-өзі бекітетін белсенділіктің тасушысы болып табылады.
Сонымен, онтологиялық бағытта түсінілетін кәсіби тәрбиенің негізгі бағыттары келесілер болады:
• Жоғарғы оқу орындарында мәдени бағытталған ортасын құру (заттық-кеңістіктік, мінез-құлықтық, оқиғалық, ақпараттық- мәдени ортасының және оқытушының құрастырушылық әлеуметтік пайдалы іс-әрекетте);
• Студенттің максимальды және жан-жақты өзін-өзі көрсетудің жағдайларын және оқытушының констрктивті әлеуметтік пайдалы іс-әрекетте қамтамасыз ету.
• Бірлескен іс-әрекет түрлерінде оқытушы мен студенттердің түрлі деңдейдегі мен әр аспектідегі педагогикалық әрекеттестігіне ықпал ету.
Осының барысында үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды тәрбие қызметін адамның өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ету, оның өзін-өзі өзгертудің жағдайын жасау күрделене түсетін креативті әлеуметтік тәжірибе міндеттерін шешу үшін, яғни адам білім беру кәсіби іс-әрекет субъектісі болып қарастырылады.
Білім берудің жетекші рөлі міндеттерді шеше білетін, мемлекет және қоғамның алдында тұрған мамандарды дайындаумен анықталады. Осы міндеттер еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің нақты жағдаймен анықталады, ол болжалынбайтын өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан да бітірушілердің алдында үнемі жұмыс орнын ауыстыру қажеттілігі тұрады, өз білімдерін жаңарту, өз біліктілігін алу мәселесі тұрады. Жоғары оқу орындары әдетте оқытылушыларға көптеген пәндер бойынша жалпы білімдерді беретін, оған кәсіби дайындық негізделетін. Бірақ қазіргі кезде және де жақын болашақта еңбек әлемі өзгереді және студенттік аудиторияда алынған білімдер тез ескіреді. Осыған орай, студенттерді оқытуда кейбір өзгерістер қажет.
Қазіргі кезде болашақ маманның моделін жасау проблемасы зерттеушілердің назарын көптеп аударады. Білім беру проблемасына гуманистік-тұлғалық көзқарас “Қазіргі білімбіру технологияларында” Г.К. Селевконың еңбегінде қарастырылған, тұлға қасиеттерінің тұтас жиынтығының дамуын анықтайды. Маманның моделінде келесі шарттар ескерілген. Студенттерді оқыту процесі барысында көп көңіл олардың фундаментальдық дайындығына аударылады, туысқан мамандықтарды игеру үшін негізін құрайтын білімдерді меңгеру. Осы фундаментальды кәсіби білімдердің негізінде студент білім беру бағдарламаларын меңгере алатын, бірнеше дәрежелерді алу құқығын қамтамасыз ететін. Социологиялық сұрақ-жауаптың мәліметі бойынша студенттердің 60 пайызы бірнеше кәсіби дәрежелердің алғанын қалайды және еңбекпен қамтылу мәселесін табысты шешкенін қалайды. Фундаментальды білімдердің жеткілікті мөлшері қорын меңгере тұра, маман әрі қарай қысқа мерзімді оқыту барысында жаңа дәрежелерді алуға колын жеткізеді, яғни жұмысты ауыстыру мүмкіншілігіне ие болады.
Жаңа дәрежені алу үшін дистанциондық оқытудың жүйесі үлкен рөль атқарады, және екі бағытта дамытылады. Біріншісі – жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолданумен байланысты оқыту, Internet жүйесін қолданумен байланысты. Екінші бағыты – бұл дәстүрлі сырттай оқу және оның келесі түрлері, студенттердің Жоғары оқу орнынана келуді қажет етпейтін. Оқытудың осындай формасы өзінің іс-әрекеті мүмкіншілігіне қарай немесе материалдық пен отбасы жағдайына қарай жоғары оқу орнына, яғни сессияға бара алмайтын студенттерге ыңғайлы.
Қазіргі кезде студентерге бірнеше дәрежедегі мамандықтарды игеруге мүмкіндік беріліеді, осының негізінде олар кафедра аралық сипатта болады. Осындай мамандықтардың жүйесі өзін дәлелдей білді, студенттік ортада өзінің қалауын тапты. Және жұмыс берушілерге таныс болып, бітірушілерде еңбекпен қамтылу проблемасы шешіле басталды. Дистанциондық оқытудың екі бағыты да даму үстінде. Жүздеген студенттер шет ел жоғары оқу орындарының сертификаттарын алуда, электронды, дистонциондық білім берудің ұсынылған пәндері оқу барысында. Оқытудың осы формасы электронды дистанциондық оқытудың жүйесін қарастыруға мүмкіндік береді, болашақта алыс райондарда студенттерді оқыту үшін. Екінші бағыты бойынша дистанциондық білім беру Орталығы 15 ел өкілдерімен жүргізіледі. Оқыту ерекше оқу пландары бойынша жүреді, мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жасалған. Осындай оқыту формасына үлкен қызығушылықты жергілікті өкімет пен түрлі мекемелердің және оқу орындарының басшылары жоғары көңіл аударады.
Сонымен, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бір қатар проблемаларын айқындайды, олар оқытумен байланысты, бірақ сонымен бірге оның мүмкіншіліктерін анықтайды: жаңа ақпараттық әлемде қоғам дамиды және білімді, жақсы оқытылған мамандарды керек етеді.
Бүгін бәрімізге мәлім, қазіргі университеттер мүмкіншіліктері жоғары болады. Оқытушының рөлі білім беру үдерісіндегі делдалдық қызмет атқарады. Нәтижесінде университеттік білім берудің құндылығы төмендемей керісінше өседі.
Жоғары білімі бар болашақ маман тұлғасының әр-түрлі жақтары қарастыру барысында, соның ішінде мынадай өзекті аспектілері көтеріледі: қазіргі тұлға қалыптасуының факторлары, өз шығармашылық мүмкіншілігін дамытуға бағытталған тұлғаның дайындығын қалыптастыру мәселесі, болашақ гуманитарлы бағдарланған маманның моделін жасау проблемасы.
Болашақ маманның моделін жасауға кірісу барысында тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің пәндік және қызметтік жақтарынан басқа тұлғалық жағын ескеру маңызды болады, сонымен бірге маман іс-әрекетінің шығармашылық жақтарын. Шынында, қазіргі білімберудің міндеті ұрпақтан ұрпаққа түрлі ғылымдарды жеткізу, технократиялық бағдарланған білімдер, біліктер мен дағдылардың қалыптасуын қамтамасыздандыру деп танылмайды. Білімберу сферасы “материалды және рухани әлемның тұтас суретін қалыптастыруға, рухани, мәдени, адамгершілік құндылықтарды олардың ұлттық және жалпыадамзаттық түсінуіндегі” міндетті (Б.С.Гершунский).
Сонымен, ажырамас параметрлері ретінде, болашақ маманның моделін құрайтын, келесілерді қарастыруды ұсынылады:
1. Сауаттылық, оқытушылық деңгейі деп түсініледі, қазіргі адамның әрекеттенуі үшін қоғамда талап етілетін және оған қосқанда қажетті білімдерді, белгілі бір ғылым мен техникада, өнердегі және т.б. мағлұматтарды білуді қамтиді.
2. Біліктілік– қажетті кең ой-өрістің және тұрлі мәселелерді түсіну тереңдігі бойынша белгілі бір таңдаушылықтың болуын қамтитын жүйе.
3. Кәсіби құзырлылық дегеніміз өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен, тұлғаның жеке ерекшеліктерімен, оның білім алуға ұмтылыстарымен, шығармашылыққа қабілеттілігімен, іске жауапкершілігімен анықталатын жүйе.
4. Мәдениет дегеніміз белгілі бір іс-әрекетті немесе білімдер кәсібін меңгеруде қол жеткізген жетілудің деңгейі.
5. Менталитет дегеніміз әлемді қабылдаудың терең негіздерін, мінез-құлық пен дүниетанымдық негіздерін, адамның қылығы мен оның қоғамның өміріне түрлі жақтарын қамтитын жүйе.

Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамытудың моделіне маман мәдениетінің негізгі компонентері (білімдер, біліктер, дағдылар, тұлғалық қасиеттер; кәсіби-шығармашылық және эмоциялық тұрғысынан құнды іс-әрекет тәжірибесі; кәсіби этика); кәсіби-тұлғалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері (мотивациялық; бағдарлаушылық; бағалаушылық; мазмұндық-операционалдық); болашақ маман моделінің қомпоненттері (сауаттылық; біліктілік; кәсіби құзырлылық; мәдениет; менталитет) кіреді. Осы моделдің сұлбасы төмендегі №1-ші суретте көрсетілген:

№1-ші сурет. Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамыту моделінің сұлбасы.