Анасының бетіне торт жапсырған кім екені анықталды (видео)

0

«Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамның құтын қашырған кез келген әрекет бұзақылық ретінде қарастырылады. Жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамауда ұстайтын боламыз…”

Өткен аптада қазақстандық интернет қолданушылар анасының бетіне торт жапсырған баланың видеосын таратып, айыптаған еді. Ал бүгін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі елдегі TikTok қолданушыларына маңызды ескерту жасады.


Бейнехабарламада жоғарыда аталған баланың да әрекеті көрсетіледі. Соған қарағанда, ол оқиға Өзбекстанда болған болуы мүмкін, деп хабарлады egemen.kz.

“Кейінгі уақытта қоғамда жағымсыз тенденция қанат жайып келеді. Оның ішінде жастар арасында өзіне назар аударту үшін түсірілетін ақылға қонымсыз видеолар ғана емес, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын видеолар да TikTok  платформасында көбейіп барады.  Құрметті жастар және ата-аналар, сіздердің қоғамға келтірген жайсыздықтарыңыз бен жақындарыңызды мазақ ету әрекеттеріңіз жалғаса береді деп ойламаңыздар!

Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамның құтын қашырған кез келген әрекет бұзақылық ретінде қарастырылады. Жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамауда ұстайтын боламыз. Тәртіп сақтап, шектен шықпауларыңызды ескертеміз. Заңға қайшы келмеулеріңізді сұраймыз”, – деді Өзбекстан ІІМ ақпарат жетекшісі Шохрух Гиясов.