Белсенді Ардақ Әшім: КНБ Қытайдікі болды

0

Экономист Ардақ Әшім әлеуметтік желідегі парақшасында сайлау комиссиясының мүшелігіне қатысты жағдайды баяндап, қатты таңғалғанын жеткізді.

«Алматы қаласында мемлекеттік сайлау учаскесінде, сайлау комиссиясының мүшесі болып қытай азаматы неге жүр???!!! Бұл аздай, ең сорақысы мен масқаралығы сол — қытайлық Джу Цзинь Цзы ҚР ҰҚК/КНБ офицері де екен.

Ол Алматыдағы ҰҚК тергеу изоляторындағы жабық учаскедегі мемлекеттік сайлау комиссиясының мүшесі. Мынау не сұмдық?! Шынында біздің елді қытай сатып алған ба?! Дабыл қағыңыздар! Мына сұмдыққа көз жұма салуға болмайды! Демек КНБ-ні де, қытай алды деген сөз! Барынша репост жасап таратыңыздар!» — деп жазды Ардақ Әшім.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады. Оны 900-ге жуық адам бөлісіп, түрлі жағымсыз пікір қалдырды.