Парламент сайлауының қорытындысы шықты
Орталық сайлау комиссиясында ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары жариялады.
Сайлауда 7 241 562 қазақстандық дауыс берілді.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы мынадай болды:
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 659 019 дауыс немесе 9,10 пайыз дауыс;
- Nur Otan партиясы — 5 148 74 дауыс немесе 71,09 пайыз дауыс;
- «Ақ жол» партиясы — 792 828 дауыс немесе 10,95 пайыз дауыс;
- «Ауыл» партиясы — 383 023 дауыс немесе 5, 29 пайыз дауыс;
- ADAL саяси партиясы — 258 618 дауыс немесе 3,58 пайыз дауыс.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша да Мәжіліске 7 пайыздан аса дауыс жинаған үш партия өтті.
Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, «Ақ жолда» 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутаттық мандат бар.
Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.
Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды.
Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 9,03 пайыз дауыс;
- Nur Otan партиясы — 71,97 пайыз дауыс;
- «Ауыл» партиясы — 5,75 пайыз дауыс;
- «Ақ жол» партиясы — 10,18 пайыз дауыс;
- ADAL саяси партиясы — 3,07 пайыз дауыс.