Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

0

Тақырыбы: Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ………………………………………………………………….3

І. ТАРАУ. ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 

1.1. Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны…………………………………………..6

1.2. Қарым-қатынастың түрлері………………………………………………………………….10

1.3. Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік

мәні…………………………………………………………………………………..15 

ІІ. ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1. Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы

рөлі……………………………………………………………………………………..19

2.2. Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы………………………………..25

2.3.  Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары…………30

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………36

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………..39

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Халқымыз бала  тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау — әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.

«Бала тәрбиесі — бесіктен басталады»— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  өзінің  халыққа  арналған «ЖАҢА  ӘЛЕМДЕГІ  ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты  Жолдауының  «Тоғызыншы  бағытында – Жоғарғы  технологияларды  енгізуге  және  инновацияларды  қолдауға  бағытталған  біртұтас  мемлекеттік  стратегия  жүргізу  жүйесін  өте  мұқият  зерделеген  жөн »  деп  атап   көрсетті.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Кез келген адам дүниеге келсімен-ақ  екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, баланы қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігі белгілі. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.

Бала қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына  машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. Әрине қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакль көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе – жүз, не жанама, не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.

Осындай қарым-қатынастың мән –мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр.

Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балынң қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны;

Қарым-қатынастың түрлерін анықтау;

— Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні;

—  Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөлі;

— Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы;

— Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан — 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие  туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне  сүйеніп жасалған.

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері және тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.

«Қарым-қатынас психологиясының теориялық мәселелері» деп аталатын бөлімде қарым-қатынастың қоғамдағы рөлі, қарым-қатынастың түрлері және баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні қарастырылады.

«Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі» деп аталатын бөлімде мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы және баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары қарастырылады. 

І. ТАРАУ. ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1.1. Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны.

Қарым-қатынас — бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.

Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.

 Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.

Қарым-қатынастың бірінші жағы-70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.

Қарым-қатынастың екінші жағы — қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы — қарым-қатьшас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамга тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.

Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.

Сонымен, сөйлеу — бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. «Сөйлеу» және «тіл» ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.

Қарым-қатынастың интерактивті жағы — бұл адамдардың өзара байланысын,олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.

Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын  қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік,          реттеу-коммуникативтік және аффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастагы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара эртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.

Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.

Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.

Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.

Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде.

Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан,осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.

Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.

Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесіңде ойлаумен бірге пайда болды және адамзатгың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге дамыды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста қалыптасады.Сананың негізгі қызметі — тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де оларды бірлікте алсақ,тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу — қарым-қатынастың іс-әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу — іс-әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.

Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді.

Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.

1.2. Қарым-қатынастың түрлері.

Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса да, адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады.  Кездейсоқ, онша мәні болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз қарым-қатынас та, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Қарым-қа-тынасты ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық, жолдастық, достық) деп екі топқа белуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік ауқымына қатысты: мұғалім — шәкірт, бастық — қарамағындағы қызметкер, дәрігер — емделуші және тағы басқадай. Жеке адамға байланысты қарым-қатынастар да нақты бір қызмет аясында басталуы да мүмкін.

Алғашқы топтың қарым-қатынастары праволық және моральдық (мұның үлесі аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық нормалардың арасынан алдымен қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың ролі үлкен. Ал жеке бастың қарым-қатынастарын негізінен моральдық нормалар белгілейді де, әдетте, мүдделер ортақтығымен, екі жақты ықыласпен, құрмет сезімімен байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты.

Нақты өмірде қарым-қатынастардың бұл екі түрі бір-бірінен онша алшақтамайды. Мысалы, кез келген класта оқушылар арасындағы қарым-қатынастың екі жүйесі болады. Бұл ең алдымен жауапты тәуелділік жүйесі немесе іс бабындағы қарым-қатынастар (староста, комсорг және т. б.),  екіншіден, достық немесе жай таныстық қарым-қатынастар жүйесі. Бұл екі жүйе бір-бірімен байланысты,  өзара кірігіп те жатады,  бірақ толық

үйлесіп   кетпейді.

Қарым-қатынастың әр түріне бейім адамдардың бір-біріне қояр-талаптары да әр басқа, мысалы, класс старостасы немесе таныс таңдаудағы көзқарастары да әр қилы. Айталық, староста айтқанды екі етпейтін, жинақы және тиісінше талапшыл болуға міндетті. Жеке басқа қатысты қарым-қатынастар жүйесінде оқушының класта қаншалықты таиымал болуы оның өз тобында  жоғары   бағаланатын сипаттары   мен ерекшеліктеріне байланысты.

Кластағы жеке қарым-қатынастар жүйесінде оқушының танымал болуы неге қатысты? Психологтардың зерттеулері нақты бір оқушының класта танымал болуына әсер ететін әр түрлі жағдайларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұған ең алдымен балалардың жекелеген ерекшеліктері мен мінезі жатады. Мысалы, «коллектившілдер», яғни қоғамдық, коллективтік тұрғыдан өздерін іс арқылы көрсете білетін оқушылар қара басының қамын көбірек ойлайтын «өзімшілдерден» гері өз класында анағұрлым танымал болады. Мінезі ауыр, ұстамды, қайырымды адамдардың коллективте құрметке бөленуіне толық мүмкіндіктері болады. Әрине, қандай болмасын өлшем мәні оқушылардың жасына қарай өзгеріп отырады, ол қыздар мен ұлдарда бірдей болмайды. Төменгі кластарда оқушының кластағы жағдайына оның сабақ үлгерімі, тәртібі, сондай-ақ сыртқы пішіні ықпал етеді. Жоғары кластарда бұл өлшемдерге — ақыл-ой сипаты, ой-өріс кеңдігі, кейде күштілік пен ептілік (ұлдарда), сыртқы сұлулық (қыздарда), сәнді және қолға түсе бермейтін заттардың болуы (немесе болмауы)   жатады.

Психологтар тағы бір заңдылықты анықтады: оқушы өз класын жоғары бағалаған сайын, оньщ жеке қарым-қатынастар жүйесінде алатын орны жоғарылай түседі, басқаша айтқанда, ұжым оған деген кластың құрмет сезімін қайтарғандай болады.

Бұл топта кімнің танымал екендігіне қарап, онда қандай қасиет қадірлі саналатынын білуге болады. Мысалы, рухани байлықты бағалауға бейімі аз кластарда қолға түсе бермейтін қымбат заттары бар оқушылар танымал болуы мүмкін.

Қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен сырластығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Таныстардық, достардың, жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель достықтың үш түрін: достың игілігі үшін, өзі қанағат табу үшін және өзара пайдакүнемдікке негізделген достық деп белген еді. Адамдар тек қана таза достық аясындағы ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастардың басқа түрінде де бір-бірімен қарым-қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі жағдайда араласуы мүмкін. Қарым-қатынастардың ең терең түрі — бір-бірін сүйген адамдардың арасында болады.

Мұнан кейін мұғалім басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға дұрыс баға беру және өзінің мінез-құлқын қалыптастыру үшін жоғары класс оқушыларына қажетті ұғымдардың бірқатарын түсіндіруі тиіс. Мұндай ұғымдарға: ынтымақтастық пен бәсеке, қарым-қатынастың демократиялық және беделге негізделген түрлері, топ басылар мен солардың «жетегінде жүрушілер» сияқтылар жатады. Мұғалім тақырыптың осы бөлімін оқушылардың бұл мәселе бойынша түсінігін анықтап алу үшін әңгіме түрінде өткізуіне болады.

1-кесте. Топтағы қарым-қатынас түрлері.

Топтағы қарым-қатынас түрлері. Топтағы қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беру.
1. Жеке тұлғалық қарым-қатынас Адамның эмоциялық симпатикалық тұрғыда бір-бірінің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалап, мойындап қалауы бойынша жасалынатын қарым-қатынас.
2. Іскерлік қарым-қатынас. Қандай да бір мәселені, істі шешуге жасалынатын қарым-қатынас, қалаудан тыс ұнамаған адам болса да белгілі бір себеп арқылы қарым-қатынас жасау.
3. Мақсатты қарым-қатынас. Адамның алдын ала мақсат қоюынан туындайтын қарым-қатынас.
4. Инструменталды (мақсатсыз) қарым-қатынас. Кездейсоқ түрде болатын қарым-қатынас.
5. Вербалды қарым-қатынас. Сөздік жүйені қолдана отырып жасалатын қарым-қатынас.
6. Вербалды емес қарым-қатынас. Дыбыстық жүйені қолданбастан түрлі ым-ишараны қолдану арқылы байланыс жасау қарым-қатынасы.
7. Материалды қарым-қатынас. Адамның өзара байланысында алмасатын нәрсе – материалдық заттар қолданатын қарым-қатынас.
8. Когнитивті қарым-қатынас. Адамдардың бір-бірімен байланысында алмасатын мәлімет-білім, ептілік, дағды.
9. Кондициялық қарым-қатынас. Адамның эмоциялық, физиологиялық күйлерін алмастыру қасиеті (екі адамның бір-бірімен мұңдасуы).
10. Мотивациялық қарым-қатынас. Аамның қажеттіліктері, қызығушылықтары мотивтерінің алмасуын қамтамасыз ететін қарым-қатынас.
11. Іс-әрекетті қарым-қатынас. Адамдар өзара байланысында қимыл-қозғалыс түрлі операцияларды алмастыратын қарым-қатынас.
12. Шартсыз қарым-қатынас. Адамның табиғатынан берілген дене мүшелерімен байланыс жасау қарым-қатынасы.
13. Шартты қарым-қатынас. Табиғи және мәдени заттармен байланыс жасау арқылы қарым-қатынас.
14. Тікелей қарым-қатынас. Адамдардың бірін-бірі қабылдай отырып, жест-мимикалардың алмасуына байланысты жасалатын қарым-қатынас.
15. Жанама қарым-қатынас. Делдалдардың көмегімен байланыс жасау, делдал біреу арқылы қарым-қатынас жасау.
16. Ресми қарым-қатынас. Қызмет бабындағы адам арасында қалыптасады, олар заңмен белгіленіп, ережелер мен  нормаларға сәйкес реттеліп отыратын қарым-қатынас.
17. Бейресми қарым-қатынас. Ресми емес топтар арасындағы, ешқандай заң мен ережелерге бағынбайтын қарым-қатынас.
18. Субардинациялық қарым-қатынас. Бұл қарым-қатынас негізінде адамдар бір-біріне бағынышты екенін мойындап, бұйрықты, басшының шешімін ұжымда қабылданған міндеттерін бұлжытпай орындап отырады.
19. Жекелік қарым-қатынас. Атқаратын жұмысынан тәуелсіз қалыптасатын адамдар арасындағы қарым-қатынас.
20. Рационалды қарым-қатынас. Басты орында адамдардың бір-бірі туралы ақпараттар мен қоршаған ортадағы объективті бағаларын тудыратын қарым-қатынас.
21. Эмоционалды қарым-қатынас. Рационалдыға керісінше, адамдардың бір-бірін қабылдауы барысында қалыптасатын субъективті баға негізінде пайда болатын қарым-қатынас.

 

Тіршілік иелерінің өзара байланысының негізінде психиканың дамуына әсер ететін байланыс психолоогияда қарым-қатынас деп аталады.

Қарым қатынас арқылы адамзатқа берілген психикалық даму қамтамасыз етіледі. Ол қарым-қатынас үйренуден басталады:

  1. Вербалды үйренуден – тікелей еліктеу;
  2. Вербалды емес үйрену – сөздік жүйені меңгеру.

Адамның қарым-қатынас информация алмасудың жеке дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туады. Олардың бәрін коммуникацияның жеке дара жағдайы деп қарауға болады.

Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу адамның қарым-қатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-қатынасының сөзден тыс жолдары: келбет, ым, мимика, серіктестерінің бір-біріне қатыс жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс – дене құрылысы, түсі иіс-мағыналы информацияның сиганл қызметін атқарып отыр.

Соңғы кездерде психологияның зерттеулерінде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, апртенрлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Американың қарым-қатынас психолоогиясында бұл бағытты зерттеулерге проксемика деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас бар: көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшілдік.

1.3. Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың

тәжірибелік   мәні.

Баланың қоғамға бейімделуі үшін қажетті дағдыларды, құндылықтарды және әлеуметтік мінез-құлықты дамыту керек. Бұл бірнеше сапаларға тәуелді. Олардың ең маңыздылары: баланың темпераменті, ұлты, таптық жігі, баланың отбасында ұстанатын діні, құрдастарымен қарым-қатынасы, тарихи дәуір және отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы.

Бала — ата-анасының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде, ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.

Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді.

Біріншіден, бекіту: балалардың қылығын мадақтау және жазалау. Ата-ана бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді, бұл жүйе уақыт өте келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады.

Екіншіден, сәйкестендіру: ата-анаға ұқсауға ұмтылып, еліктеу.

Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі әлемін біліп, өмірлік мәселелеріне ретпен, орынды араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын және коммуникативті сапаларын қалыптастырады.

Тәрбиелеудің шеткі стилдері, мейлі ол авторитарлы немесе еркіне жіберуші стил болсын теріс нәтижелер береді. Авторитарлы стил баланы ата-анадан оқшаулануға әкеледі, бала өзін отбасында керексіз сезінеді.

Ата-ана талаптары негізсіз болса, онда ол балада апатия мен енжарлықты тудырады. Өз еркіне жіберу стилінде бала ата-анасының өзінде жұмысы жоқ деп түсінеді. Егер балаға қызығу танытпайтын ата-ана болса, олар еліктеу мен сәйкестендіру нысаны бола алмайды, ал басқа әсерлер: мектеп, құрдастар, БАҚ бұл бос орынды ешқашан толтыра алмайды, сөйтіп бала қиын өзгермелі әлемде жетекшісіз қалады.

Ата-ана көңілінің әлсіреуі және оның гипертрофиясы әлсіз «Мені» бар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

Сонымен қатар, ата-ана мен баланың қарым-қатынасының эмоционалды жағы да өте маңызды. Ата-ана махаббаты мен көңілі жетіспесе, балалардың өзін-езі бағалауы төмендейді. Бұл балалар есейгенде түрлі психофизиологиялық және психосоматикалық бұзылыстарға, жүйкелік ауруларға тап болады.

Отбасындағы мұндай жайсыз ахуал және «қиын» ата-ана қарым-қатынасы кебіне баланың кіші балалық шағында, кейін жасөспірімдік кезеңінде мінез-құлық ауытқушылықтарына әкеледі. Мұндай балалар психологиялық есеймейді, жасына байланысты нормалардан қалыс қалып, өз қылығы мен мінез-құлқын тиісті нормалармен сәйкестендіре алмауы мүмкін.

Мектепте мұғалімдер мен психологтерді мазалайтын басты мәселе -қиын балалар. Баланың қиын мінез-құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым-қатынасына байланысты екені анықталады.

Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал басқа біреулеріне ол самарқау күйде қалады, бір кісілерді жақсы көрсе, екіншілерін жек көреді, ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі де толық түсіне қоймайды.

Баланың қатынасы — ерекше эмоциялық күй. Қарым-қатынас пен араласу — өзара байланысты, ажырағысыз құбылыстар. Жөні түзу адамның басқалармен араласуы қарым-қатынассыз болмақ емес. Эмоциялық күй — қарым-қатынас — адамнын мінез-құлқынан, бет құбылысынан және тағы басқа қимылдарыңан біршама анық көрінеді.

Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады.

Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді. Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар — қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады. Балалар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақ тарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.

Балалардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде даудамайды, жанжалды қатынастар өрбиді. Балалар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.

Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды.

Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы Тең құқықты қатынастар — қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады. Балалар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

ІІ. ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1. Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін

қалыптастырудағы рөлі.

Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану адамның күрделі және қызықты, мыш-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының, этикалық мәдениетінің сапалық жақтары Н.К.Крупскаяның, А.Жақыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л.И.Рувинскийдің, А.С.Макаренконың, Н.И.Болдыревтың т.б. жаңашыл педагогтердің еңбектеріндеп этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ болашақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауы тиіс.

Мұғалімнің рухани дүниесін зерттеу, оның қызметін жан-жақты әрі терең талдау жасау – қазіргі педагогика ғылымының басты міндеті.

Педагогикалық еңбектің күрделі саласына – педагогикалық қарым-

қатынас жатады, өйткені тек сонда ғана педагогикалық үрдісті қамтамасыз етіп балаларды тәрбиелей аламыз. Біздің педагогикалық даралылығымыз адамдарға қызмет ететін болады. Сондықтан психологтар мен педагогтар осыған ықпал етуі тиіс.

Жас педагогтар жаңадан үйреніп жүрген практикадағы студенттер

сыныппен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін біледі. А.С.Макаренко былай деп жазған болатын:”Мен үшін менім практикамда сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәрбиелі мұғалімдер үшін мұндай “түкке тұрмайтындар”: қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай отырып, қалай дауыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бұған бізді ешкім үйретпейді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажетті үлкен шеберліктің мәні осы болуы тиіс.”

Оқушылар мен педагогикалық өзара ұсақ-түйек жоқ: көзқарасы, көз

жанарының қозғалысы, дене қимылы т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес кәсіптік іскерлік қарым -қатынас жасаймыз.

Көпшілік алдында сөйлеушілерде байқалатын негізгі сезім

түсініктері мынадай:

  1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік;
  2. Толық ұғынып, әрі түсінік бере алмай қобалжу;
  3. Қарым-қатынас мақсатында еленбейтін өзгерістер;
  4. Бұрын пайдаланған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түсінік;
  5. Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деп түсініп, бірақ нені екенін айқындай алмау;
  6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық;
  7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының қозғалыстық жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезінуі;
  8. Қарым-қатынастың формадағы мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі;
  9. Өзіңді дұрыс түсіну үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық;
  • Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу;
  • Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы;

Сабақты жоспарлау барысында сынып оқушылары арасында өзара

қарым-қатынас туындайды. Міне, осыны педагогтық қарым-қатынасының бірнеше кезеңдерін педагогикалық қарым-қатынас моделі деп аталады. Сабақ әзірленудің белгілі формасы бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу және сыныптық қарым-қатынасты болжау. Сабаққа дайындалу барысында оқу материалы бойынша әңгіме өткізуді жоспарлау.

Мұнда әңгімелесу материалдарын ойластыру құру қажеттігі

болғанымен оқушылардың дамуына ықпал ететін қажетті әлеуметтік психологиялық жағының маңызы зор.

Педагогикалық қарым-қатынастың екі кезеңі: сабақты оқушының

танымдық іс-әрекетін меңгеру және тәрбиелеу ең алдымен қарым-қатынасты меңгеру арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынастың екінші сатысы – ауызша қарым-қатынас, бұл процесс өте күрделі. Мысалы, педагог жаңа мәселені материалды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселені айқындайды.

Психолог Леонтьев А.А. мұғалімнің нашар оқушымен қарым-қатынасы жайлы берген түсінігі үлгі өнеге боларлық бір қызығы мұндай мінез-құлықты педагогтар мойындай бермейді. Мысалы , сыныпқа холерик мұғалім, яғни жүйке жүйесі мықты, бірақ біркелкі емес адам келді дейік, “Ал, Сидоров жауап бер” Ал, Сидоров болса, айталық флегматик, оның жауап қатуы тым баяу. Ол, орнынан жайлап тұрып, жауап брместен бұрын біраз ойланады. Ал, мұғалім холерик, міне сондықтан ол бірнеше секундтан киін-ақ күйшіктеніп, шыдамы кете бастайды. Өйткені ол қарым-қатынас жасап отырған баланың жүйке жүйесінің типін ескермейді. Егер де өзінің жұмыс істеуге тура келетін сыныпта 7 холерик, 12 сангвиник, 5 флегматик және 6 меланхолик мұндай топтардың әрқайсысымен психологиялық байланыс жасау және әрбір баланың жан-дүниесіне ене білуі керек.

  1. Ол жақсы оқушыға қарағанда нашар оқушыға жауап беруіне аз уақыт беруі, яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді. Егер жауап бұрыс болмаса ол сұрақты қайталап жатпайды. Көмектеспеді де сол мезетте басқасынан сұрайды немесе дұрыс жауабын өзі айтады.
  2. Ол ымырашылдыққа салынады тез береген жауапты оңай және оң бағалайды.
  3. Сонымен қоса ол нашар оқушының қате жауабы шін жиі ұрсып сөгеді.
  4. Тиісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.
  5. Нашар оқушының жауабын тырысып, оның көтерген қолын байқамаған болып басқасын шақырады.
  6. Сирек күледі, жақсы оқушыдан гөрі нашар оқушыға сирек қарайды, сирек шақырады. Кейде сабақта онымен мүлде жұмыс істемейді.

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл мұғалімнің сабақ үстіндегі

немесе сабақтан тыс кезіндегі жағымды психологиялық климатты тудыруы және де ол мамандық байланыс болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас дұрыс болмауы – қорқынышты, сенімсіздікті, әлсіздікті, естің, зейіннің, өздіген ойлаудың, ынта мен ептіліктің жойылуын көрсетеді. Педагогикалық қарым-қатынас функциясы.Қарым қатынастың функциясы – жеке адамның өзін-өзі жетілуі мен өзін-өзіне серт қоюы болып табылады. Педагогтың мәселені оқушылармен өзінің “мендігін” сәйкестендіріп, жекелеген түсінік, өзін-өзі бағалаудың құрылымын қарап, болашағын қарастыру керек. Олардың функциясы, яғни оқушыларды сүйе білу, түсіне білу, өзара қатынасын сезіне білуі, олардың қабілетін бағалап, жеке ерекшелігін ескеруі болып табылады. Сонда да педагогикалық қарым-қатынас функциясы қарастырылады.

2-кесте. Педагогикалық қарым-қатынас құрылымының кезеңдері.

Педагогикалық қарым-қатынас құрылымының кезеңдері
Модельдеу (моделирование). Коммуникативті шабуыл Қарым-қатынасты басқару
Бұл аудитория білімін қарастырады. Бұл жаппай топпен жұмыс істеумен байланысты және олардың мұғалім алдын сабақ айтып, бағалауы.

 

Өзін-өзі айту қажет: сынып жұмысын тез қосатын техника қажет және өзінің құрастыруының пен динамикалық әсер етуімен сыныпты билеу керек.

 

Оқушылардың талпынысын көтермелеу және диалогты қатынасты орнатып, ұйымдастыру керек. Өзінің ойыңды түзеп, реальды, шыншыл шарт жасау қажет.

 

 

Мұғалімнің қарым-қатынас стилі.

Қарым-қатынас екі жаққа бөлінеді:

  1. Қатынас (байланыс),
  2. Өзара әсер ету.

Мұғалімдердің қарым-қатынас рол стилінің негізгісі қарастырған

А.А.Леонтьев, ол былай белгілеген: “жағымсыз” және “тұрақсыз” мұғалімдер көбінесе жағымсыз қатынаста алады дейді. Бұл дегеніміз мектепке қарсылық денегімізді білдіреді. Тәрбиенің негізгі үш стилі бар. А.Н. Лутошкинаның “өзін-өзі қалай ұстау керек”  деген еңбегі бойынша:

  1. Авторитарлық стиль. Мұғалім мұнда үлкен роль атқарады және ол өзінің бұйрығымен кіммен отыру керек, қалай жұмыс жасау керек екенін көрсетеді. Мұнда өзара қатынастың формасы – бұйрық, шешім қабылдау, ескертпе.
  2. Демократиялық стиль. Бұл жалпы аудиториямен жұмыс болып табылады. Мұғалім топ ішінен әрқайсысынан оның сұрап бір шешім ақылдаса отырып құрайды. Өзін-өзі басқару қалыптастыру, еркіндік пайда болады. Бұнда мұғалім оқушыға жеке жұмыстар беріп оның талпынысын алады. Мұндай стильді мұғалімнің байланыс амалы – сұраныс, ақыл,жөн сұрау және ақпарат алмасу.
  3. Либералды стиль. Мұғалім ұжымның ойына, өміріне қатыспайды. Өзінің формальды жұмысын атқарады. Белсенді топты араластырмайды. Авторитет бұл тұста болмайды, әлеуметтанушылардың айтуынша, мұндай ұжымда невротиктер құралады. Топ жағымсыз психикалық қызметті тудырады.

Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

  1. Қарым -қатынасқа сабырлы, мәнерлі, мейірімді, тонның сақталуы.

а) әңгімелесушіні тыңдай білу;

ә) сұрақ қоя білу;

б) өз сөзіңді талдай білу;

в) басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрену;

г) келесі адамды түсіне білу;

ғ) кез келген жағдаяттық қарым-қатынаста өзіңді бақылай білу,

  1. Көрермендермен (тыңдаушылармен) қарым-қатынасқа түсуге үйрену.

а) аудиторияға қарап жұмыс істеу;

ә) тыңдаушының реакциясын бақылау және ұғыну;

  1. өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету.

а) еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрену;

ә) сөйлеуге, әңгіме бастар алдында мұғалімнің сыртқы келбеті әңгімеге дайындығының тыңдаушының әңгімеге деген көзқарасын түсінуге ынтызарлығын көрсетеді;

б) өзінің сезіміңді әңгімелеушіге немесе тыңдаушыға бере алу қабілеті.

2.2. Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы.

Адамзат тарихын бағзы заманнан қазіргі күнге дейін бағдарлайтын болсақ, өшпейтін, өлмейтін, әрқашан жетісу үстінде тұрған құбылыс ретінді ең алдымен қарым-қатынасты  атауға болады. Қарым-қатынас арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Қарым-қатынасты дұрыс пайдалану адамның сөздерді дұрыс пайдалануына, яғни сөйлеу дағдысына байланысты. Қарым-қатынас мәдениеті жетілген балалардың ойы ұшқыр болып, шешен де, әсерлі сөйлей біледі.

Қазіргі қарым-қатынас мәдениеті жетілген балалардың  ойы ұшқыр болып көрінеді. Қазіргі кедегі мектепке дейінгі оқу-тәрбие процесінің міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамысз ету, оның қабілеттерін анықтау үшін дамыту және қоғамдағы баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Психологиялық тұрғысынан  мектепке дейінгі балаалардың қарым-қатынастың мынадай түрлері бары анықталады:

— Туылғаннан екі айлық кезеңіне дейінгі уақытта бала өзіне назар аударғанды қажетсінеді. Бұл кезеңде бала тербеткенді, қарағанды сезеді. Сондықтан бұл кезең жеке тұлғалық жағдаяттық деп аталады.

— Екі айлықтан үш жас аралығындағы баланың қарым-қатынасы көбінесе заттарға қарай әуестенеді. Заттармен онайды, қимылдайды, үлкендермен қарым-қатынас жасайды. Бұл кезең заттық- қимылдық деп аталады.

— Үш жастан бес жасқа дейінгі балалардың танымдық қабілеттері қатты дамиды. Бұл кезеңде балалар ану не? Мынау кім? Деген сұрақтар беру арқылы ересектермен қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан бұл кезең жа баланың қарым-қатынасы көбінесе заттарға қарай әуестенеді. Заттармен онайды, қимылдайды, үлкендермен қарым-қатынас жасайды. Бұл кезең заттық- қимылдық деп аталады.

— Үш жастан бес жасқа дейінгі балалардың танымдық қабілеттері қатты дамиды. Бұл кезеңде балалар ану не? Мынау кім? Деген сұрақтар беру арқылы ересектермен қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан бұл кезең жағдаятсыз танымдық  деп аталады.

— Жеке тұлғалық жағдаятсыз кезеңі. Бұл кезеңде балалар өздерімен ақылдасқанды, пікірлескенді, өзін көрсетуге құмар болады. Мұндай құмарлық барлық уақытта болғандықтан бұл жағдаятсыз деп аталады.(5-7 жас) Логикалық жағдаятсыз кезең (6-8) Бұл кезеңде балалар өздерінің сөздеріне мән беріп сөйлеуге үйренеді. Қарым-қатынас жасаудың элементтерін қолданады. Жалпы алғанда психикалық тұрғыдан қарым-қатынас балаларда мынадай қасиеттерді қалыптастырады:

  1. Ересектердің жақсы мінездерін көшіреді;
  2. Ересектердің жинаған өмір тәжірибелерін үйренеді;
  3. Еересектердің талап қоюының арқасында жаңа білім, білік және дағдыларға ие болады.;
  4. Ересектердің сөзін ұғыну негізінде өздерінің пікірлерін дәлелдеуге үйренеді;
  5. Қарым-қатынас кезінде балалар ересектердің қимылы мен сөздерін көшіреді.

Балалардың бойында осындай қасиет қалыптастыруға өзінің септігін тигізетін қарым-қатынас құрылысы мынадай:

Қарым – қатынас

∕                      |                         

               Қарым-қатынас                Қарым-қатынас           Қарым-қатынас         

              мақсаты                           міндеттері                              қажетсінуі

             ∕                                                                                                 ∕

Қарым-қатынас                                             Қарым-қатынас түрлері

   нынасы                                                                   ∕

Қарым-қатынас

 құралдары

 

1- сызбанұсқа. Қарым-қатынастың құрылысы.

Қарым-қатынас нысаны – басқа адам немесе адамдар.

Қарым-қатынас қажетсінуі – адамдармен қарым-қатынас негізінде басқа адамдарды танып біледі. Сол арқылы өзін таниды, жеке бағалайды. Қарым-қатынас міндеті- адамдардың қарым-қатынасына түспей тұрып, алдын ала ойлаған мақсатына жету жолдары. Қарым-қатынас түрлеріне ауызша және жазбаша, сәулелі және қимылдық жатады.

Қарым-қатынас құралдары қатысымдық тұлғалалардан: сөз, сөйлем, фразеологиялық тіркес және мәтіннен тұрады. Қарым-қатынас мақсатына адамдардың бір-біріне мұң-мұқтажын, пікірін, сезімін т.б. жеткізу жатады. Тізбе түрінде қарым-қатынас осылай көрсетіледі.

Ең алдымен баланың ның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік,         реттеу-коммуникативтік        және аффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастагы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара эртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.

Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.

Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.

Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.

Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде.

Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан,осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.

Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.

Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесіңде ойлаумен бірге пайда болды және адамзатгың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге дамыды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста қалыптасады.Сананың негізгі қызметі — тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де оларды бірлікте алсақ,тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу — қарым-қатынастың іс-әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу — іс-әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.

Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді.

Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.

2.3.  Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

Мектеп жасына дейінгі мезгіл – баланың адамдар арасындағы қарым-қатынасты танып білетін кезі. 5-6 жаста бала өте сезімтал келеді. Үйдегі жайсыздықтар: әке мен шешенің нашар қарым-қатынасы баланың бойында теріс мінездерді қалыптастырады. 5-7 жаста бала басқа адамдардың, көркем шығармадағы кейіпкерлердің, құрдастарының қимыл-әрекеттеріне баға беруге даярлана бастайды. Бұл – жақсылық пен жамандықты, достықты, жәрдем беруді, т.б. мәселелерді байқаған кезі. Жанындағылармен қарым-қатынаста әдеп ережелерін сақтап, өзіне ұнаған балаға ойыншығын беріп, онымен ойнап, жәрдемдеседі. Ал кітап оқып бергенді әбден жақсы көреді. «Бұл не?», «Ол не?» деген сұрақтарын беруден жалықпайды. Ата-ана осының бәріне шыдап, бәріне толық жауап беруге тырысуы тиіс.

Л.С.Выготский мектеп жасына дейінгі бала үш дағдарысты басынан кешеді дейді. Ол кейде білінбей жай, кейде түрі өзгеріп, кейде бұлқан-талқан болған жағдайда өтеді. Осындай кезде де ата-ана ұстамдылық танытқаны абзал.

Мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын. Ойын арқылы арқылы үлкендер мен балалар қарым-қатынасы орнайды, балалар адамдар арасындағы жағдайды түсінеді, әдеп ережелерін ұғады, қоғамдық ортада және үйде өзін қалай ұстауды ұйрене бастайды.

Демек, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қоғамның талабына сай әрбір жас ұрпақтың білім, тәрбие және әлеуметтену деңгейін көтеріп, мінез-құлқын өзгертуге арналған іс-әрекет десек жаңылыспаймыз.

Білім мен тәрбие мәнісін, олардың ажырамас бірлігін бәріміз білеміз. Бұларды біріктіру жөнінде көптеген зерттеушілер (М.Р.Рахимова, Н.И.Палагина, Ж.М.Жұмалиева, Ж.Асанова, т.б.) жаңа бағдарламаларды түзді. Ал баланы қоғамда өмір сүруге үйрету, қоғамдық қатынастарға қалыптастыру, тұрмысқа қажетті білім беру, мәселелері кейінгі кезде «әлеуметтендіру» деген түсінікпен беріліп жүр. Бұл түсінікке американдық социолог Ф.Г.Гиддингс «Теория социализаций» деген еңбегінде анықтама береді. Қоғамда жасаған адам қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, адамгершілік, интеллектуалдық қатынасқа лайықты болып қалыптасады, оны «әлеуметтену», «әлеуметтендіру» деп, ал орысша «социализация» деп атайды.

Адам әлеуметтенудің бірнеше кезеңінен өтеді. Ол жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Мысалы, сәби шақ (0-1 жасқа дейін), балалық кезең (1-3), мектеп жасына дейінгі уақыт (3-7), мектеп жасындағы кезең (1-4 сынып, 5-8 сынып, 10-11 сынып болып бөлінеді), жастық шақ (25-39), екінші жетілген шақ (40-45), жас ұлғайған кезең (55-65), кәрілік (65-75), ұзақ жасау (75-тен жоғары) деп жорамалданып бөлінеді. Мұнда 2-3 жас ары – бері ауытқуы мүмкін.

Адам — әлеуметтанудың объектісі. Әлеуметтік жайсыздықтарға ұшыраған немесе ұшырай бастаған отбасылардағы балаларға тән сипаттың себебтерін академик А.В.Мудрик «Социальная педагогика» (1999) деген кітабында былайша баяндайды:

  1. Нақты себебтер – кемтар болып туылған балалар, тіл мүкістігі, дене бітімінде, психикасында кемшілігі бар балалар, жетімдер, тастанды балалар;
  2. Потенциалды (пайда болған) себебтер – соғыс, су тасқыны, жер сілкіну, өрт және т.б. нәтижесінде қараусыз қалғандар, көші-қонға тұспа-тқс келгендер, метис балалар, кедейлер үйінде тәрбиеленгендер;
  3. Латентті себебтер — өз мүмкіншілігін пайдаланбай қалған балалар.

Әр адамның әлеуметтенуі қиын жағдайда, әр түрлі өтеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың өсуіне типтік себебтер әсер етеді. Мысалы, әке-шешесінің ішімдік ішіп, шылым шегуі, жаман жүріс-тұрысы, анасының нашар тамақтануы, экологиялық ортаның нашарлығы, қалаиаған бала, медициналық нашар ем, бойындағы баласын түсіремін деп дәрі ішу және т.б. Баланың қандай жағдайда туылғаны, мектепке дейінгі кезеңде науқасқа ұшырауы, ата-анасының жаман қарауы, жаман әлеуметтік жағдай, үлкендердің бұйырып сөйлеуі, қорқу, жалғыз қалу, кедейшілік және т.б. жағдайлар да баланың өсуіне теріс әсерін тигізеді. Мұндай ортада өсіп келе жатқан баланың қиялы теріс, мінезі қырсық, ерік-күші әлсіз қалыптасады.

Адамның әлеуметтік құрбандығын жеңілдету үшін тәрбие ісін бақылауға алу қажет. Баланың тәрбиесіне теріс әсерлерді азайту жолында әлеуметтік педагогтер, қызметкерлер игілікті іс атқаруда.

Л.А.Венгердің жетекшілігімен жасалған «Даму» деген бағдарламада, «Аналар мектебі» деген бағдарламаларда (құрастырғандар Л.В.Усенко, Г.С.Сейдекулова) мектепке дейінгі балалар тілінің дамуы үшін көркем әдеби кітаптармен таныстырудың, жұмбақ, әңгімелер оқып берудің маңызы көрсетілмеген. Қазіргі басшылыққа алынып жатқан бағдарлама болғандықтан оны іс жүзіне асыру ата-ана мен тәрбиешінің міндеті деп есептейміз.

Баланың тілін дамытуға арналған іс-шаралар Е.А.Флеринаның, И.О.Соловьеваның, М.М.Конинаның және т.б. еңбектерінде кеңінен баяндалған. Осы аталған оқымыстылардың зерттеулері негізінде, біз тіл мәдениетінің белгілерін былайша ұсынамыз:

3-кесте. Сөйлеу мәдениетінің белгілері.

Сөйлеу мәдениетінің белгілері
Тіл мәдениеті- Тіл тазалығы — Тіл логикасы- Тіл түсініктілігі- Тіл үлгісі-
Мәнісі жоқ сөздерді (нетіп, нағып және т.б.), жаргондарды қолданудың жоқтығы. Айтатын ойды анық білдіру. Сөз байлығы мол, сөзді қиналмай табу. Сөйлер сөз бен ойлаған ойдың бірлігін білдіреді. Сөйлеген сөздер-дің, терминдердің естушіге түсінікті болуы. Айтып жатқан ойға үннің лайық шығуы. Оқиғаға сәйкес  эмоциямен сөйлеу.

 

Бұл айтылған тіл мәдениеті ата-ананың, тәрбиешінің атқарған істеріне қарай (бағдарламада көрсетілген ) қалыптасады.

Американдық психолог әрі социолог Дж, Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдар-
дың жетекшілері, өндірістік-кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасьш анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) әр қилы. Басты мақсаты —- топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдардың өзара қарым қатынастарының үйлесімді болуы, ңемесе бір-бірін ұнатуы, ұнатпауы олардың сезімдік-эмоциялық күйлеріне байланысты.Топ ішіндегі қа-
тынастар социограммасы мен адамдардың таңдауын көрсететін матрицалық кесте — «А>, «Ә» суреттерінде берілген.

Рет

саны

Фамилиясы мен аты                Таңдалғандар және тыс қалғандар
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Әлия ІІ І ІІІ
2 Сая Ж І ІІІ ІІ
3 Гүлім Ә І І ІІІ
4 Дәмелі С ІІІ І
5 Ерік А ІІІ ІІ
6 Әнуар Ғ І ІІІ
7 Тимур Д ІІІ І ІІ
8 Бақыт Б ІІІ І ІІ
Таңдалғандардың жиынтығы 0 0 0 0 1 0 6 1
Екі жақты таңдаулар 0 2 2 2 2 2 0 2

Матрица кестесінде I, II, III деп көрсетілген рим цифрлары таңдалған серіктер ретін білдіреді, ал «—» белгісі партада бірге отырғысы келмейтін құрбыларды көрсетеді. I цифр бойьшша таңдалғандарды Ә-суреттегідей етіп социограмма жасап көрсетуге болады. Ол үшін сыныптағы экспериментке қатыстырылған оқушыларды тавдау алған санына сәйкес 5 топқа бөлу керек. 1-топка таңдауды -көп алғандар жатады. Олар — топ ішіндегі «ұйытқы». 2-топтағылар құрбылары арасында беделді Олар 25—75 % таңдау алған. 3-топтағылар — ішінара, 25% таңдалғандар. 4-топ — бірде-бір таңдау алмай, елеусіз қалғандар.  5-топтағылар — құрбылары жаратпай не менсінбей, бір партада отырғысы келмейтіндер.

Социограмма құрастыру үшін ұлдар  қыздар    белгісімен таңбаланады. Социограммада ұлдарды шеңбер диаметрінің оң жағына, қыздарды сол жағына орналастыру керек .

Кіші топтағы оқушылардың   өзарақарым-қатынасының тұрақтылығы оқу-тәрбие істерін тиімді    әдіс-тәсілдер колдана отырып жүргізгендежемісті болмақ. Социометриялық зерттеу әдісін 4—6 айда бір қайталап, шәкірттердің өзара қатынасын анықтап отыру белгілі бір  нәтиже береді.Бұл социограммада окушылардың топ ішіндегі өзара қарым-қатынас түрлері көрсетілген. Қойылған сұрақтар таңдау критерийлері делінеді. Топтағы адамдардың жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін сыналушыға, мысалы, «Сен туған күніңе кімдерді шақырар едің?» деп сұрақ қойып, «1-кімді, ол келе алмаса, 2-кімді, оның жағдайы болмай қалра, 3-кімді қалар едің?» деп анықтау керек. Сыналушыға теріс жауап беруді талап ететін сұрақтар да қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен кіммен бір партада отырғың келмейді?» деген сұрақ қойылады. Таңдаудың дұрыс және теріс түрлерін белгілеу мынадай сызбалар арқылы бейнеленеді.

Ә» сурет. Топ ішіндегі қарым-қатынас социограммасы.

Жоғарыда аталған диффузиялық топтың тағы бір ерекшелігі — бұл топтағы адамдардың өзара, үйлесім тауып, бір-бірімен сыйысымды   болатындығы. Мәселен,

«Б» сурет. Балалар арасындағы  үйлесімділік қатынастар.

ұзақ сапарға шыққан кеме экипажы, ғарышкерлердің әлемдік кеңістікте ұзақ мезгіл бойы бірге больш, өзара тіл табысуы. Адамдар арасындағы үйлесімділік қатынастар гомеостат аспаптары арқылы зерттеледі. Бұл тәсілде адам организмі мен жүйке жүйесінің қоршаған ортаның қиын жағдайына икемделу мүмкіншіліктері арнайы жасалған үлгі бойынша қарастырылады.

Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әрекеттерінің мақсат-мүддесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асырып отыру көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт — жеке адамның топтың атқаратын іс — әрекеттеріне илануы. Бұл — психологиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады.

Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахаулы дифференцпалдық диагностика тәсілімен зерттеліп, олардыц бағыт-бағдарынан, іс-әрекет түрлерінен келешекте нендей нәтижелер күтуге болады деген мәселе негізгі мақсат етіп қойылады. Дифференциалдық диагностиканың қазақша мағынасы әр қилы іс-әрекеттер мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың, мән-жайын танып білу деген түсінікке саяды.

Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп, әріптестер таңдауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе болып табылады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен бай-ланысты екендігі айқын.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, бүгінгі заман XXI ғасырдын кеш басы, бүкіл дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Біз қанша дамып, басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәт те назардан тыс қалмауы тиіс. Бата — Ұрпақ — Өркен деген ұғым ерекше ескеріліп, бүгінгі күннің шыға қояр ең маңызды мақсаты да жан-жақты бала тәрбиесі болуы тиіс. Демек, жан-жақты жетілген білімді азамат   дайындау   қоғам   алдындағы міндет болғандықтан мектепке дейінгі ұйымның да негізгі мақсаты баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, адамгершілікке баулып, білімге деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Осы дағдыларды меңгерту тәрбиеші мен ата-ана тығыз байланыста болу керек. Ата-аналарды балабақша өміріне қатыстыру жаңа заман  жағдайында  үйлесімді  шешімді талап етеді.   Бұл  мәселені  нәтижелі шешуте бізге «тәй-тәй» бағдарламасы жол ашып отыр. Соростың «тәй-тәй» технологиясы — тәрбие және оқыту процестерін ізгіліктендіруге, демократияландыруға бағыт алған қазіргі кезеңде  әрбір  сәбиге  топтағы бір  не бірнеше   қызмет   таңдауға   еркіндік беру арқылы оның жеке тұлғалық қаблеттерін дамытуды көздейтін халықаралық бағдарлама.

Тәрбие  барысында баланың жеке ерекшелігін, ақыл-ой сезім, тәжірибелік іс-әрекетінің даму деңгейін ескеру, оның айырықша қабілетгілігіне назар аударып, бағыт беріп отыру, білуге құштарлық, еңбекке белсеңділік мотивтерін ескеру.

Мектепке дейінгі тәрбиені кешеңді ұйымдастыру нәтижесінде баланы жан-жақты дамыту арқылы жетілдіре қалыптастыру негізі қаланады. Баланың денсаулыгын нығайту, дене мүсінінің сымбатын жетілдіру, әуенді кимыл-қозғалыс жасату арқылы талғампаздыққа тәрбиелеуге жағдай жасалады.

Мектепте білім берудің негіз ұстанымдарына балалар енді мектепке жан-жақты дайындықпен келуі қажет дегенді білдіреді. Балабақшалар ұйымдарының барлық түрлері мен типтері мемлекет тарапынан қорғалуы және сыртқы дүниемен қарым-қатынасы реттелуі, мектепке дейінгі білім берудің қаржылық қолдау ынталандырылуы қажет. Мектепке дейінгі білім беру институтын сақтап қалудың қажеттігін ойлағанда қоғамның ауқатты топтарының балаларын балабақшада оқыту, тәрбиелеуден гөрі өз қаражаттарын аямай гувернанткалардың жұмысын жоғары бағалау фактісі алаңдатады.

Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар — түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшелінеді.

Сонымен, қарым-қатынастың жетістігінің бастапқы шарты өзара әрекет етуші адамдардың мінез құлқының бір-бірінің күткеніне жауап беру болып табылады. Әлеуметтік бақылау өзара әрекет ету үрдісінде бір-бірімен қатынас жасайтын адамдардың орындалатын рөлдерінің репертуарына сәйкес, іске асып отырады. Әрбір адам әртүрлі рөлдерді атқарады. Рөлдердің көптігі кейде қарама-қайшылық туғызады, рөлдік конфликтілерге экеп соқтырады. Рөлдерді «орындау» әлеуметтік бақылауға тәуелді және міндетті түрде қоғамдық бағасын алады, үлгіден ауытқушылық болса, жазасын алады.

Психологиялық өзара әрекет ету кез-келген түрде әруақытта да белгілі түрткілерге негізделеді және нақты мақсаттарды көздейді. Жоғарыда айтылғандай, өзара әрекет ету өзара түсінушіліксіз мүмкін емес. Қарым-қатынаста әріптес қалай қабылдайды,басқаша айтқанда бір адамның басқа адамды кабылдауы қалай іске асады, бұл — қарым-қатынас психологиясында өте маңызды мәселелердің бірі. Бұл үрдіс қарым-қатынастың міндетті, құрамды бөлігі ретінде қарастырылады және шартты түрде қарым-қатынастың перцептивті жағы (тікелей сезімдік) деп аталады Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар — түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшелінеді.

Тұлға аралық өзара әрекет адамдардың бір-біріне әрекет етуінің бірізділігі. Оны мынадай үлгімен көрсетуге болады: индивид А-ның қылығы индивид В-ның тарапынан кері жауап реакция шақырады, ол өзінің кезегімен, А-ның мінез құлқына әсер етеді.

Сонымен, қарым-қатынастың жетістігінің бастапқы шарты өзара әрекет етуші адамдардың мінез құлқының бір-бірінің күткеніне жауап беру болып табылады. Әлеуметтік бақылау өзара әрекет ету үрдісінде бір-бірімен қатынас жасайтын адамдардың орындалатын рөлдерінің репертуарына сәйкес, іске асып отырады. Әрбір адам әртүрлі рөлдерді атқарады. Рөлдердің көптігі кейде қарама-қайшылық туғызады, рөлдік конфликтілерге экеп соқтырады. Рөлдерді «орындау» әлеуметтік бақылауға тәуелді және міндетті түрде қоғамдық бағасын алады, үлгіден ауытқушылық болса, жазасын алады.

Психологиялық өзара әрекет ету кез-келген түрде әруақытта да белгілі түрткілерге негізделеді және нақты мақсаттарды көздейді. Жоғарыда айтылғандай, өзара әрекет ету өзара түсінушіліксіз мүмкін емес. Қарым-қатынаста әріптес қалай қабылдайды,басқаша айтқанда бір адамның басқа адамды кабылдауы қалай іске асады, бұл — қарым-қатынас психологиясында өте маңызды мәселелердің бірі. Бұл үрдіс қарым-қатынастың міндетті, құрамды бөлігі ретінде қарастырылады және шартты түрде қарым-қатынастың перцептивті жағы (тікелей сезімдік) деп аталады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Тәжібаев Т. «Жалпы психология», Алматы, Қазақ университеті, 1993 ж.
  2. Сәбет Бап-Баба, Жалпы психология. /Жантану негіздері/: -Алматы «Заң әдебиеті», 2003 ж.
  3. Жарықбаев Қ, Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе: Оқу құрал / А, — 2000 ж.
  4. Жалпы психология. Алматы: Білім, — 1996, — 224 б.
  5. Жарықбаев Қ. Психология. Оқулық: — 3 — ші басылым. — Алматы: Білім, 1993 ж.
  6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
  7. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
  8. Елеусізов С. Қарым-қатынас психолоогиясы. Алматы, «Рауан», 1995ж.
  9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2т-Т. I –М., 1989
  • Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктеріктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектертері.Алматы, 1999ж.
  1. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
    сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
  2. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
  3. Мухина В.З. «Детская психология» М. 2001г.
  4. Люблинская Т.С. «Детская психология» М. 1996г.
  5. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
  6. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
  7. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
  8. Айсмонтас Б.Б. Общая психология. Схемы. Москва Владос. 2003.
  9. Намазбаева Ж.Ы., Сангилбаев О.С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. Алматы. 2005.
  10. Стоялеренко Л.Д. Основы психологии. Феникс. Ростов-на-Дону.2001.
  11. Якобсон П.М. Психология чувств и мотивация. М.,1998

Тегтер:бала тілінің дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуБала Тәрбиесібала тәрбиесі отбасынан басталадыбала тәрбиесі туралыбала тәрбиесі туралы кітаптарбала тәрбиесі туралы мақалаларбала тәрбиесі туралы мақалдарбала тәрбиесі туралы нақыл сөздербала тәрбиесі эссебала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлібала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі слайддеструктивті қарым-қатынас түсінігіКурстық жұмыскурстық жұмыс жазуға әдістемелік нұсқаукурстық жұмыс мысалкурстық жұмыс сатып алукурстық жұмыс тақырыптарыкурстық жұмыс үлгікурстық жұмыс үлгісікурстық жұмыс үлгісі педагогикакурстық жұмыстаркурстық жұмысқа қойылатын талаптаркәсіби қарым-қатынас түсінігіпсихологиядағы қарым-қатынас түсінігіқазақ мәдениетіндегі бала тәрбиесіқарым қатынас түсінігі слайдқарым-қатынас түсінігіқарым-қатынас түсінігі және функциясықарым-қатынас түсінігі түрлеріқарым-қатынас түсінігі түрлері формаларықарым-қатынас түсінігі түрлері формалары функцияларықарым-қатынас түсінігін сипаттаңызқұқықтық мәдениет бала қауіпсіздігінің кепіліұлттық мәдениет бала тәрбиесінде