Үш адам зиян шекті. Ақтауда көлік аударылған жол апаты видеоға түсіп қалды
Ақтауда екі көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасында үш адам зиян шекті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты 8 қаңтар күні болған. «Шығыс-1» және «Шығыс-2» шағын аудандарының арасында Audi B4 және Toyota 4Runner көліктері соқтығысты. Бірінші көлік жүргізушісі жол бермеді. Көліктердің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалған.
«Үш адам зиян шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 610-бабы бойынша, хаттама толтырылды», — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.