Әлия Назарбаева: Фильмді көруге шақырамын. Себебі ол ұлы адам жайында түсірілген

0

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева «Штрихи к портрету» фильміне қатысты өз ойын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Жанұямызбен Елбасымыз туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің үш сериясын көріп шықтық. Материал үшін фильмді жасаушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамын және бәрін, әсіресе, жас ұрпақ өкілдерін, уақыт тауып, фильмді көріп шығуға шақырамын. Әкем туралы болғаннан емес, себебі бұл фильм ұлы адам жайында түсірілген. Барлығымыз саясаткерді басқа қырынан тани аламыз, оның жанын көруге мүмкіндік бар», — деді ол.

Елбасының кіші қызы деректі фильмдегі кадрларды да көрсетті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кіші қызы және оның балалары туралы баяндайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

«Әлияның Алдияр дейтін ұлы бар. Мен оны қатты жақсы көремін. Оның тағы бір қарындасы дүниеге келген. Оларға барғанда кішкентай Алдияр мойнымнан құшақтайды да, маған не әкелдің деп тұрып алады. Мен оның шоколадты жақсы көретінін білемін. Кел, мына қалтама қолыңды сал деймін. Осындай сәттерде бәрін ұмытасың», — дейді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 

Сонымен қатар, Елбасы үлкен қызы Дариғаның балалары туралы сөз қозғады.

«Дариғаның қызы — Венера қызды болды. Сонда ол менің ең кішкентай шөберем болады. Қолыма ұстап көргенде салмағы да жоқ сияқты», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.