Қазақ болғаның үшін мақтан тұтатын кеш

0

Желтоқсан 6, 2018

117

0

Қазмедиа орталығының киноконцерт залында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Men qazaqpyn» атты халықаралық мегажобаның гала концерті өтті.

Шара аясында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Men qazaqpyn» жобасының жеңімпаздарын терме, күй, ән жанрлары бойынша марапаттады.
Айта кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрілігінің қолдауымен «Қазақстан РТРК» АҚ бірлесіп алғаш рет 2017 жылы «Men qazaqpyn» халықаралық телевизиялық мегажобасын жүзеге асырған болатын.
Жобаның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші-термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу мақсатында  атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.

А.Ахметқазы.

Суреттерді түсірген С.Мағзұмов