Алматыда қоршауға соғылған көліктің күл-талқаны шықты

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

105 0 0

Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі зардап шегіп, жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесі қиылысында көлік апаты болды.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Рысқұлов бойымен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатады. Тілендиев көшесімен қиылыстан өте бергенде, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік бордюрге шығып, металл дуалдың төрт бөлігін бұзыпты.


©
Sputnik /

Алматыдағы жол апаты

Жол апатынан көлік жүргізушісі зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.