Мұқтаж жанға соңғы ақшасын санап берген оқушы «Жыл меценаты» атанды

0

Мұқтаж жанға көмектескен ақтаулық оқушы Сәбина Ерғалиқызы «Қызық LIVE» бағдарламасының нұсқасы бойынша «Жыл меценаты» атанды.

Сәбина Ерғалиқызы 2020 жылы қайыр сұраған адамның жанынан өтіп кетпей, әмиянындағы соңғы ақшаны санап берген болатын. Барша қазақстандық оның осы әрекетіне сүйсінген болатын. Артынша оның Ақтаудағы мектептің 2-сыныбында оқитыны белгілі болды.

2020 жылды қортындылаған «Қызық LIVE» бағдарламасы да кішкентай Сәбинаның әркетіне сүйсініп, оны «Жыл меценаты» атағына әбден лайық деп тапқан. Сонымен қатар оған 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген.

Сәбина бағдарлама жүргізушілерінің «егер миллиардер болсаң не істейсін» деген сұрағына үйсіз адамдарға үй сатып алып беретінін айтқан.