«Онда тұрған ештеңе жоқ». Трамптың «11 780 дауыс тап» деген әңгімесі жарияланды

0
21

АҚШ президенті Дональд Трамп таяуда телефон әңгімесінде Джорджия штатының билігінен президент сайлауының қорытындысын қайта қарап, өзіне жетпей қалған «дауыстарды табуын» талап еткен деп хабарлайды америкалық БАҚ.

Журналистердің қолына Трамп пен Джорджия штатының мемлекеттік хатшысы Брэд Раффенспергермен телефон әңгімесі түскен.

«Мен тек 11 780 дауысты табуды сұраймын… себебі осы штатта біз жеңіске жеттік», – деген Трамптың сөздеріне «Интерфакс» сілтеме келтіреді.

Трамп осыған дейін Джорджия және өзге де штаттарда «көп бюллетеньдер тасталғаннан кейін» жеңіліс таптық деп мәлімдеген.

«Джорджия тұрғындары және елдің бәрі сайлау нәтижесіне разы емес. Егер дауысты қайта санадық деп айтсаңдар, онда тұрған ештеңе жоқ», – деген телефон әңгімесінде АҚШ президенті.

Америкалық БАҚ президент ресми жоғары лауазымды тұлғаларға қысым көрсетуге тырысып жатыр деп есептейді. Джорджия штатында билікте республикашылдар отыр.