Қазақстан каратэ-до федерациясы басшысы көз жұмды
Қазақстан каратэ құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов 55 жасында көз жұмды. Қаралы хабарды Ерлан Қарин желі арқылы бөлісті.
«Өкінішке орай, 2020 жыл қазақстандық мықты спортшы Жасталап Санауовтың соңғы минуттарын өзімен бірге ала кетті. Күні кеше бұл қаралы хабарға сене алмай, таныстарға хабарласып қайта-қайта сұрадым. Өкінішке орай, ешкім қателеспеген екен, ол енді арамызда жоқ.
Жаксталап Санауов қазақстандық каратэ қозғалысының негізін салушылардың бірі болды. Ол көп жыл бойы Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарып, әлемге әйгілі каратэ туралы «Jk Fan» журналының отандық нұсқасын шығарып келді», — деп жазды Ерлан Қарин.
Жасталап Санауов жастайынан спортпен шұғылданған. Ол — каратэ-до-дан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, КСРО-ның 3 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және Әлем чемпионы. 11 жыл ішінде Санауов каратэ-додан Қазақстан Федерациясын басқарған. Қазақстан Каратэ-до федерациясы да ресми сайтында көңіл айтты.
«Дүниежүзілік каратэ федерациясы WKF Атқарушы комитетінің мүшесі Жасталап Санауовтың өмірден өткенін естігенде қатты қайғырды. Осы спорт түрінің Азиядағы ең ірі өкілдерінің бірі және Қазақстандағы каратэ тұлғасы Жасталап Санауов бейсенбі күні қайтыс болды», — деп жазылған ресми сайтта.