Ресейлік саясаткер Астрахан мен Орынбор қазақтікі екенін ескертті (ВИДЕО)

0

“Әрине, Ұлы дала – қазақтардың, түркілердің, көшпелі халықтың мекені. Орыстар империялық отарлау саясаты болғандықтан, сол жерге қоныстанды. Қазақтардың орыс халқына өшпенділіксіз қарағаны үшін рахмет”, – деді ол.

Ресейлік саясаткер, қоғам белсендісі, журналист Максим Шевченко РФ Мемлекеттік думасының депутаттары Вячеслав Никонов, Евгений Федоров пен Владимир Жириновскийдің Қазақстан территориясына қатысты айтқан мәлімдемелеріне қарсы пікір білдірді. Ол, керек десе, Астрахан мен Орынбор облыстарында түпкілікті халық – қазақтар екенін ескертті.

“Единая Россия” билеуші партиясының депутаттарына рахмет. Олар Ресей Федерациясындағы қазақтардың көзін ашып, біздің “қызғылт көзілдірігімізді” шешті. Путин сіздің “қызғылт көзілдірігіңізді” шешпеді ме? Ол сіздерде мемлекет болған жоқ деді. Енді “сен маған бауыр емессің” деген сөздің мағынасын түсіндім. “Единая Россия” деген не? Мен болсам, ешқашан олай есептеген емеспін. Мен Астраханда қазақтар – байырғы халық, Орынбор облысында да түпкілікті халық – қазақтар деп есептеймін”, – деді Шеченко өзінің тікелей эфирдегі видеосында.

Осы орайда, ол қазақтардың Қазақстанда тұрып жатқан орыс халқына оң көзқараста болып келгеніне алғысын жеткізді.”Әрине, Ұлы дала – қазақтардың, түркілердің, көшпелі халықтың мекені. Орыстар империялық отарлау саясаты болғандықтан, сол жерге қоныстанды. Қазақтардың орыс халқына өшпенділіксіз қарағаны үшін рахмет. Сонда тұратын, Оралда, Қарағандыда, Алматыда көбірек тұратын орыстарға қазақтар бауырындай қарайды. Қазақ халқы – өте жақсы халық. Қонақжай және өр мінезді. Оларды қорлаудың қажеті жоқ”, – деді Максим Шевченко.

Алтын Орда