Тағдырға жазған кездесу: Жаңаөзенде қақаған аязда көшеге тастаған нәрестені ерлі-зайыпты асырап алды
Жаңаөзенде көшеден табылған нәрестені ерлі-зайыпты асырап алды. Бұл туралы Маңғыстаудағы мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сара Ермұханова мәлім етті, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.
«Нәрестені асырап алғысы келетін ата-ана оны бірінші рет көруге келген кезде бәріміз көз жасымызды тия алмадық. Бәріміз үшін тағдырға жазылған кездесу болды. Отбасы көптен бері сәбилі бола алмай жүр екен. Олар нәрестені далаға тастап кеткені туралы жаңалықтардан оқып, кейін оны бірден алып кетпек болған екен. Қазір отбасы қамқоршы рөлінде, әдетте қамқоршылар кейін ата-ана болып жатады. Бұл тек уақыттың еншісіндегі дүние», — дейді Ермұханова.
Естеріңізге сала кетсек, 11 қыркүйек күні Жаңаөзенде нәресте табылған еді. Ол кезде дәрігерлер жағдайы ауыр екенін айтты. Ұл баланың салмағы 740 грамм болды. Ауруханаға 31 градус темпуратурамен түсті.