Алматыда қос ғашық ұлының атын «Плов в Коробочке» деп қойды

0
2948
Көркем сурет

Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО блогерлерге баласының атын «Қорапқа салынған Плов» деп қоюға рұқсат бермеді. Жаңа туған нәрестенің ата-анасы шенеуніктерді сотқа бермек. Олар өз кезегінде мұны бала құқығын қорғап қалу үшін жасағанын айтады, деп хабарлайды Arnapress.kz сайты.

Әнуар мен Маринаның жасы жиырмадан енді асқан. Өткен жылы отбасын құрып, желтоқсанда тұңғыштары дүниеге келді. Бақытты ата-ана есімді ұзақ таңдағанын айтады.

«Біз әрдайым түрлі брендпен жұмыс істейміз. Ұл болса Карслберг немесе Хайникен, ал қыз болса Милавица немесе Сяоми деп қоймақ болдық. Самсонит, 1xbet, Билайн есімдерін де қарастырдық. Ауызда жүрген аттарды таңдамақ болдық.
Кейін тұңғышымыздың атын Қазақстанмен байланыстырып қойған дұрыс деп шештік. Осылайша Бейбіт Әлібеков және Қораптағы Плов деген екі атқа тоқтадық. Соңғы шешімді қабылдау қиын болса да, мұны жасадық», – дейді Әнуар.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету