Тоқаев: Гена, еліміз өзіңмен мақтанады!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін әлем чемпионы атағын қорғап қалған Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.
«Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!» — деп жазды президент.
Естеріңізге сала кетсек, 19 желтоқсанда Геннадий Головкин қарсыласы Камил Шереметаны 7-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Төрт рет нокдаунға түсіп үлгерген қарсыласы жекпе-жекті әрі қарай жалғастырудан бас тартты.