Журналист: Құралай ханымдай Құранды ойыншық қылған псевдожанашырларды бағалау — Қазақстаннан талантты жастарды қашыру

0

Отандық журналист Кенжекей Тоқтамұратқызы жуырда «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленген Құралай Ошақбаеваны сынға алды. Осы уақытқа дейін дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева да одан қазақ қыз-келіншектерін адастырмауды сұраған еді.

«Ел ішінде өзіне Құралай ханым деп ат қойып алған мына ханым Құралай ханым экономиканың, болмаса мәдениеттің, болмаса, денсаулық сақтаудың нақты қай саласын дамытқаны үшін «Ерен еңбегі» деген медаль алып отыр? Әлде карантин кезінде дүкен ашып, би кешін ұйымдастырғаны үшін бе? Пандемия кезінде бәріміз жанталасып жатқанда, Бәйтеректің жанына барып, медитация-сымақ жасағаны үшін бе? Әлде дәрігерлердің жанына барып, ерікті болды ма екен? Журналистер сияқты күні-түні стихия туралы ақпарат таратты ма? Шынымен айтыңыздаршы, бәлкім біз білмейтін бір еңбегі бар шығар, а? Знаете, медаль жалко емес, ешкімге соқтықтпай жүре берсе, шаруамыз не.

Бірақ, халықты, әсіресе, қыз-келіншектерді деградацияға бастап, мандаринге ине тақ, мен жазып берген коды бар әмиян алсаң, шіріген бай боласың деп, дамуға емес, құлдырауға үйрететін, қасиетті Құран Кәрімнің аяттарын дәптеріне көшіріп, ойыншық қылатын мұндай псевдопсихолог, псеводжанашырларды бағалап, ал нағыз қара еңбектің адамын, ол ұстаз болсын, ол дәрігер болсын, елеусіз қалдыру — Қазақстаннан таланатты жастардың қашып кетуіне әкеп соқтырады. Ауадан ақша жасамай, еңбетеніп, салықты толтырып отырған адамдарды ызаландырады. Сондықтан, жоғарыдағы сұрақтарыма жауап беріңіздерші, жауабы бар болса, хоть он медель тағынсын. Сұрақтарыма жауап бере алады-ау деген адамдарды тегтедім, ұмытқаным болса, белгілей кетіңіздер», — деп жазды журналист.

Құралай Ошақбаева «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына үміткерлер тізіміне енді.