Головкин жеңіске жетіп, рекорд орнатты

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36) қарсыласы Камил Шереметаны (21-1, 5) нокаутқа жіберіп, өзі армандағандай рекорд орнатты. Ол IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды.

Бүгін Геннадий Головкин кәсіби бокстағы 43-жекпе-жегін өткізді. Карьерасында бір рет қана жеңілген спортшы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап қалды. Кездесу 12 раундқа жоспарланған еді, техникалық нокаутпен сегізінші раундта аяқтауға тура келді.

Аталған жекпе-жекке GGG боксшылар арасында әйгілі, бір кездері Конан МакГрегорды дайындаған диетолог маманмен жұмыс істеді. Көпшілік оның дене сымбатының жақсы өзгеріске ұшырағанын айтып жатыр.

38 жастағы Головкиннің 21-рет әлем чемпионы титулын қорғауы — бұл дивизиондағы жаңа рекорд. Бұған дейін Бернард Хопкинс екеуі орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғау бойынша тең түсіп тұрған-ды.

Геннадий Головкин алғаш WBA нұсқасы бойынша чемпион атағын 2011 жылы 17 маусымда Кассим Оумоймен өткізген жекпе-жегінде қорғаған болатын.