Головкин: Қазақстан, Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Мұның бәрі Отаным үшін!

0
546

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады.

Бокс кеші Флорида штаты Голливудтегі Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Төрт рет нокдаунға түскен Шеремета 8-раундқа шығудан бас тартты. Десе де ол төрт нокдауннан кейін орнынан тұрып жұртты таңғалдырды.

«Бұл жоғары деңгей болғандықтан, тосынсый болды деп айта алмаймын. Камил Шеремета — тамаша боксшы. Қоя беріңдер, таңғалып тұрғаным жоқ. Уақытым көп болып, өзіммен көп жұмыс жүргіздім, сондықтан өзімді жайлы сезініп тұрмын. Жанымда мені қолдайтын жақсы адамдарым көп. Командаммен ерекше мақтанамын», — деді Головкин жекпе-жектен кейін.

Сондай-ақ, ол «Канело» мен Смит арасында өтетін кездесуге қатысты да пікір білдірді.

«Мен мықты қарсыластар үшін, барлығы үшін ашықпын — мен үшін, бизнес үшін және DAZN үшін. Ертең тамаша ивент болады деген үміттемін. Мықтысы жеңіп,мен сол адам үшін ашық боламын», — деді GGG жеңісінен кейін берген сұхбатта.

Instagram парақшасында «Рахмет, Қазақстан!» деп туған еліне қолдауы үшін алғыс айтты.