Сотқар ұлын ерекше әдіспен жазалаған әйел жұрттың ықыласына бөленді

0

Сотқар ұлын ерекше әдіспен жазалаған әйел жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды The Sun.

Көпбалалы ананың ұлы сыныптасының пальтосының жеңін кесіп тастаған. Мұны білген анасы ұлына Рождество мерекесіне сыйламақ болған күртені «жәбірленушіге» беріп жіберген.

Әлеуметтік желіде әйел отбасының ұлының әрекетін еш құптамайтынын, осылайша адамдарға жамандық жасамауға үйреткісі келетінін жазған.

«Біз қандай жағдай болмасын адамға кесірі тиетін әрекеттерге түбегейлі қарсымыз. Ұлым өзгеге жасағанды шын сезініп көрген кезде ғана тиылады деп ойлаймын», — деп жазды әйел фейсбуктегі топтардың бірінде.

Сондай-ақ, ол алда баласы ренжіткен адамның ойын «приставкасын» иеленетінін айтты.

Желі қолданушылары әйелдің әрекетін құптап, оған алғыс жаудырды.

«Жауапкершілігі бар әрбір ата-ана осылай жасауы тиіс. Мұндай ата-аналардың жоқтың қасы екені өкінішті», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ал Сіз сотқар ұлыңызды қалай жазалайтын едіңіз?