БАӘ мен Түркия Қазақстанға ерекше сый жасады (видео)

0

Тәуелсіздік мерекесіне орай әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифа мен Анкарадағы ТОВВ ғимаратынан Қазақстанның көк туы көрсетілді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Сағат 21:40 шамасында Тәуелсіздік мерекесіне орай Бурдж Халифа ғимаратындағы экраннан Қазақстанның көк туы көрсетілді», — делінген Біріккен Араб Әмірлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы, Анкара қаласының төрінде Түркия палаталар және биржалар одағы (TOBB) ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді.

 

«Дос әрі бауырлас ел қазақстанның тәуелсіздік күнін шын жүректен құттықтаймын. 16 желтоқсан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанды мойындаған алғашқы мемлекет- Түркия болды. Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшымыз Режеп Тайип Ердоғанның көшбасшылығында қарым- қатынастарымыз 2009 ж. стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Қазақстанмен ынтымақтастығымызды ортақ тарих, тіл және мәдениет тұрғысынан барлып салада қарыштап нығайтып келеміз. Тәуелсіздік алауыңыз әрқашан Қазақстанның жарқын жолының шамшырағы болсын!» — деді Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлұ.