18 жылдан соң ұлды болған Заттыбек елге алғыс айтып, көзіне жас алды

0

Үйленгеніне 18 жыл толғаннан кейін асыға күткен атұстары дүниеге келген Заттыбек Көпбосынұлы өзіне тілеулес болған көпшілікке алғыс айтып, көзіне жас алды деп жазады «31» арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Заттыбек. Фото: Әншінің жеке парақшасынан алынды

Заттыбек. Фото: Әншінің жеке парақшасынан алынды

«Үйленгенімізге он жыл болғанда Алла тағала қыз берген. Мың да бір шүкір. Ол қыз да жетіге таяп қалды. Енді міне алты жылдан кейін ұлды болдық. Мұны тілмен айтып жеткізу қиын.

Барлығына ризамын. Алладан сұрадық. Менімен бірге ел сұрады. Батасын беріп, тілеулес болды. Кеше «ұлды болдым» деген кезде танымайтын қаймана қазақтың өзі тілегін білдірді.

Бұл мен үшін бақыт. Қатты толқып тұрмын», — деді көңілі босап кеткен Заттыбек Көпбосынұлы.

Сондай-ақ, әнші ұлы Биханның төрт келіден аса салмақпен дүниеге келгенін айтты.

Айта кетейік, Заттыбек Көпбосынұлы қырықтан асқан шағында ұлды болып, келіншегі мен баласын перзентханадан лимузинмен шығарып алған болатын.