Бюджетпен есеп айырысу есебі мен аудиті

0

Тақырыбы: Бюджетпен есеп айырысу есебі мен аудиті

ЖОСПАР

1-бөлім. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының
есебі………………………………………………………………………………….3
2-бөлім. Міндеттемелердің арнайы аудиті…………………….10
2.1. Еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығының аудиті…12
Қорытынды……………………………………………………………………..13

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………14

1-бөлім. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.

Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгiленген тәртiппен салықтардың өсiмақы мен айыптар есептелген сомаларын көре аламыз, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғалардың әрекетi (әркетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң актiлерi бойынша хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарайды.

Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі.

Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтардың бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымының еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорының шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызмктпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

Салық санының есептеу объектісі салық салу ставкасы. Әлеуметтік салықты төлеу есепті айдан кейінгі айдың 15 –нен кешіктірмей жүргізді. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 – інен кешіктірмей тоқсан санының тапсырылып отырады. Осы бөлім жер қойнауын пайдалануға кемсіне шарттар бойынша туындайтын салық міндеттемелерін орындауға байланысты ерекшеліктерді және 1–ші үстеме пайда салығын; 2 – ші жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы
төлемдерін; 2 — бонустарды: а) қол қойылатынын; б) коннерциялық табуды; 3 – ші роялтиді; 4 – ші өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасыныңүлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.

Әлеуметтік салықты Қазақстан Республикасының президенті заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлер, адвакаттар төлейді. Кірістер түрінде жұмыс берушінің қызметтерге төленетін шығындары аталған төлеушілер үшін салық санының объектісі болып табылады.

Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады.

Д–т:«Жалпы жәнек әкімшілік шығындар» деп аталатын шот.
К – т: «Әлеуметтік салық» деп аталатьын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:
Д – т: «Әлеуметтік салық» деп аталатьын шот.
К – т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кейінге қалдырылған корпаративтік табыс салығының есебі.
Бухгалтерлік есепте табыстың сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құрылады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарының бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешелігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасындағы айырмашылығы пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе уақытша болып бөлінеді.

Тұрақты айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік табыстың анықт ау барысында есепте алынатын табыс пен шығындардың кейбір ббөлігі слық салынатын табыстын санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылығы қатарына мыналар жатады:

— Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық.
— Бюджетке төленетін айыппүл ықпалшралары.
— Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар.
— Қазақстан Республикасы Үкметі белгілеген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкідік және т.б

Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңедегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

Уақытша айырмашылық мыналардың нәтиежесінде пайда болады:
— Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есібінде – кассалық әдіс бойынша).
— Бухгалтерлік есеп пен салық есібінде амортизациалық
айырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданылады.

— Негізгі құралдарды бухглтерлік есептен шығару мен салықтық есептен оларды есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы да басқалардан.
Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтиежесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпаративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізілді. бұл пассивті шот кридиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінгі қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны салық органына есептік салық негізіне негізгі жылдың 31 наурыздан кешіктірмей табыс етеді.
Корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация, декларациядан және кәсіптік табыс салығы бойынша салық салу объектісінен салық салуға байланысты объектілер туралы ауыртпалықты ашу жөніндегі қосындысынан тұрады.

Жеке тұлғалардың ұсталынатың табыс салық
Есепті жыл бойы салық слынатын табысқа ие болған жеке тұлғалдардан салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардаң жылдық жиынтық табысының еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкелік қызметінен алынатын табыстары және тағы да басқа табыстар кіреді.

Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активті келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздары, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл материалдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан, құрамында асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төленетін табыстарының құрамы салық кодексінде құрылады.
Табыс салығының мөлшері ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталанын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасы көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай – ақ бір жолғы төлем түрінде
берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта.

Д – т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»
К – т: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Қосылған құн салығы товарды ( жұмыстарды қызмет көрсетеді) өнімнің және олардың арыздарына қосылған, оларды өткізу бойынша салықтың санын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондықтан Қазақстан Республикасының аумағындағы товарлар кезіндегі аударымды білдіреді. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық обьектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитінде салынға салық сомасы, ал дебитінде бюджетке аударылған және субьектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде рәсімделген салық шотына бойынша төленген сомалар жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелінген қосылған құңға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынатын тауарға, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсететі қызмет, орындаған жұмысы үшін төленген қосылған құнға салынатын салық сомалардың арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.

Салықтың санын айналым бойынша бюжетке төленуге тиіс. Қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған салықтың сомасы арасындағы айырымы реттеуде анықталды.

Қосылған құн салығының ставкасы 16% -ке тең болды. 2004 жылдан бастап 15% -ке тең. 2007 жылдан бастап 14% -ке тең болды. Белгілі товарды өткізу бойынша айналымға қосылған құн салығы олардан ставка бойынша салынады. Салықтың санын икемді бойынша қосылған құн салығының ставкасы 10% -ке тең болды.
Қосылған құн салығы төлеуші әрбір салықтың кезеңі үшін, қосылған құн салығы бойынша декларацияны салықтың, кезеңінен келесі айдың 15-ке дейін кешіктірмеуге тиіс.

Акциздік салықтар

Акциздік салықтар дегеніміз – салынатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылды. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрманында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығы есептегенде:

Д – т: «Алынуға тиісті борштар» деп аталатын шот
К – т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңды бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиісі. Салықтар бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорының бухгалтериясында:
Д – т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты
К – т: «Жер салығы»
«Мүлкіне салық» деп аталатын шоттар түрінде екі жақты жазу жазылады.
Сондай – ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:
— шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы
— жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерімен салығы және т.б

Салықтардың, алымдары мен міндетті төлемдерің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарынды қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шоттардың кердитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен есептелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.

Бюджетпен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар

№ Операциялар мазмұны дт кт

1 2 3 4
1 Заңды ұйымдардан бюджетке алынатын корпаративтік табыс салығы сомасы 851 631
2 Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының;
— ұлғаюына;
— азаюына.

562
631

631
562

3 Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операцияларға байланысты табыстар (зияндар) салығының сомасына 862-864 631

4 Төтенше жағдайларға және тоқтатылған
Операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты, өзгерген салық сомасына 631 861-864
5 Заңды ұйымдардың бюджетке нақты аударған корпаративтік табыс салығы сомасы 631 441
6 Ағымдағы кезенде пайда болған немесе жойып жіберудің нәтиежесінде уақытша айырмашылық (бухгалтерлік есеп пен салық есебінің талаптарының айырмашылығының нәтиежесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық

851

632
7 632-«Кейінге қалдырылған табыс салығы» деп аталатын шотқа түзетулер енгізуге байланысты:
— салық мөлшерін ұлғайтуға;
— салық мөлшерін азайтуға.

851
632

632
851
8 Пайда болған немесе жойып жіберудің нәтежесінде кездескен уақытша айырма салық сомасы на:
— бюджетке төлеуге;
— зиянды жабу нәтиежесіне есептелген.

632
632

631
851
9 Активті қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсімі, салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде 541 632
10 Салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кездінде 632 541
11 Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жұмыс, қызмет) үшін талап етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасына 301-303 633
12 Орны толтыратын қосылған құнсалығы сомасы мен есептелінген қосылған құн салығы сомасының өзара жабылуына 633 331
13 Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасы 633 441
14 Жеке тұлғаларға есептелген табыс салық сомасы 681 639
15 Серіктестіктерге қатысушылардың дивидентері мен табыстарынан, олардың үлестіріне қарай, төлеғнетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық сомасына
621,622
687
639
16 Жеке тұлғалардың еңбекақысынан ұсталған табыс салығы сомасы бюджетке аударылғаны 639 441
17 Бюджетке артық аударылған салық сомасының қайтарылуы 441 634-639
18 Есептелген әлеуметтік салық сомасы 821 635
19 Есептелген әлеуметтік салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылады 635 441
20 Есептелген акциз салық сомасы 301 634
21 Есептелген акциз салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылады 634 441
22 Есептелген жер салығы сомасы 821 636
23 Есептелген жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылады 636 441
24 Есептелген мүлік салығы сомасы 821 637
25 Есептелген мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылады 637 441
26 Есептелген көлік құралдарының салық сомасы 821 638
27 Есептелген көлік құралдарының салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылады 638 441

2-бөлім. Міндеттемелердің арнайы аудиті

Міндеттемелер — өткен мәмілердің немесе өткен оқиғалардың нәтиежесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктеледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:
— банктердің ұзақ мерзімді қарыздары
— банктердің тыс ұзақ мерзімді қарыздары
— мерзімі шегерілген корпаративтік табыс салығы
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор
бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың Бас кітаптың жоғарыда аталған шоттары мен журнал ордердің мәліметтеріне қаоап сәйкестігін анықтауға тиіс.
Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес,

антикалық есептің мәліметтері келтіріледі. Басқаша айтсақ, баланыстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бібіріне және елшілес ұйымдарға беретін қарыздары», баптары аналитикалық есеп мәліметтері негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аудару тиіс.

Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтиежелермен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен заңдылығын да, сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен мерзімділігін тексеруі тиіс.
Сонымен қатар аудитор қарыз және алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай-ақ кәсіп орынынның өтелмеген қарыз (несие) қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банке тиесілі процентті көрсету жайлы шешім (бұл тураы есеп сасатында жазылуы керек) қабылдағанын анықтауға тиіс. Проценттер сомасы банктердің қарыздары жөніндегі проценттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелері есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептеген шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетінін назарда ұстауға тиіс.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің сондай-ақ «Кейінге қалдырылған салықтар( бабы жатады. Бұл отандық бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа обьектісі, жаңа термин, оның және «Салықтық төлем», «Табыс салығы», «Бухгалтерлік табыс», «Салықтық табыс», «Салықтық әсер» т.б мазмұны 11 «Табыс салығы бойынша есеп» БЕС-те ашылып көрсетіледі.

Олардың кейбірін қарастырсақ:

1) есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық әсер есебі негізде анықталады. Бұл тәсілде табыс салығы кіріс алу барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде қарастырылады және тиісті табыс пайда болған кезеңге есептеледі;
2) есепті кезеңде пайда болған уақытша айырманың салықтық әсері салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста «Кейінге қалдырылған салықтар» бабы бойынша көрсетіледі;
3) бап бойынша кезкң басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын айқындау үшін Бас кітаптың 632 «Кейінге қалдырылғае корпарациялық табыс салығы» шотының және 5 журнал ордердің осы шотының мәліметтерімен салыстыру керек;
4) 632 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі;
а) 851 «Корпарациялық табыс салығы бойынша шығыстар»
шотымен бірге корреспонденциялық болашақта төлеуге
тиісті салықтар сомасы;
ә) Д-т 851 шотының К-т 632 шотының салықтық
мөлшерлемесі ұлғаюына байланысты тузету енгізу;
б) Д-т 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін
қосымша төленбеген капитал» шоты К-т 632 «Кейінге
қалдырылған корпарациялық табыс салығы» шотының
салықтық есептегі өсімінің арту кезендегі активтерді
қайта бағалауға байланысты әлеуметті салықтық әсер
сомасы;
5) 632 шот дебиті бойынша мыналар көрсетіледі:
а) уақытша айырмалардың пайда пайда болуы мен
жойылуы нәтиежесіндетөленуге тиісті немесе 631
«Төленетін корпарациялық табыс салығы» және 851
«Корпарациялық табыс салығы бойынша шығыстар»
шоттарымен бірге корреспонденцияда зиянды өтеу
нәтежесінде есепке жатқызылатын салықтар сомасы;
ә) салықтық мөлшерлемесінің 632 шоты К-т 851 шотының кемуіне байланысты түзету еңгізу;
б) 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін
қосымша төленбеген капитал» шоттарымен корреспонденция бухгалтерлік есептегі өсімнен салықтық есептесулердегі қайта бағалау сомасы.

2.1. Еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығының аудиті

Аудитор жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдардың толықтығы мен одардың өз уақытында жүзеге асырылуына зерттеу жүргізеді, яғнм төмендегілер тексеріледі:

— жеке табыс салығы
— зейнет ақы қорына аударымдар
— бұрын берілген авансар бойынша борыштардың, сондай-ақ арифметикалық қате жіберу арқылы артық берілген сомалардың қайтарылуы;
— есебі берілуге тиісті сомалар бойынша борыштардың жойылу;
— жұмыскердің кінәсінен кәсіпорынның шеккен материалдық зиянының орнын толтыру;
— орындау құжаттары бойынша.

Еңбек ақыдан басқадай ұсталымдар тек жұмыскердің келісімімен ғана жүзеге асырылу мүмкін.

Жеке табыс салығы. ҚР Салық кодексімен және ҚР Қаржы Министрлігінің салық комитеті Төрағасының «Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы» бұйырығымен (01,12,2004ж.,№613) белгіленген тәртіп және мөлшер бойынша ұсталынады/75,102/.

Табыстың бұл түрінен жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысулардың дұрыстығы мен олардың өз уақытында жүзеге асырылуы үшін өз жұмыскеріне табыс төлейтін жұмыс беруші жауап береді. Жеке табыс салығы жұмыскердің нақты алған табысынан ұсталып, бюджетке аударылады. Есептелген табыс сомасы жұмыскерге төленбеген жағдайда, жұмыскерден жеке табыс салығы ұсталынбайды және жеке табыс салығын бюджетке аудару міндеті туындамайды.

Зейнетақы қорына ұсталымдар ҚР Үкіметінің «міндетті зейнет ақы жарналарын есептеу, ұстау және жинақтаушы зейнет ақы қорларына аудару ережелері» жөніндегі Қаулысына (15,03,1999ж.,№245) сәйкес 10% мөлшерінде жүзеге асырылады/103/.
Орындау қағаздары бойынша ұсталымдар тек ол қағаздар болғанда ғана жұмыскердің жеке өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Қорытынды

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және т.б.
Салық салудың негізгі қағидалары сақталып, салық салуда қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру қағидалары біршама өз шешімін тапқан.
Республикада жаңа салық заңын дайындау жөнінде жұмыс басталды. Бұл Қазақстан Республика Президентінің заң күші бар “Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы”

“Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығымен аяқ талды. Осы жаңа заңның ережелері 2001 жылдың 12 маусымнан бастап күшіне енді. Ол бұрынғы нақты өмір мен туындай бастаған қарым-қатынастардың талаптарына жауап бермейтін салық заңын түбегейлі түрде реформаларды.

Жаңа салық заңының негізгі мақсаты шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығын азайтуды қамтамасыз ету болатын. Бұл жағдайға сан алуан мақсаттық қорларға қаржыларды таратуды қысқарту, сондай-ақ өз күшіндегі салық санын кеміту жолымен қол жеткізілді.

Салық салу тәртібін жүйелеу, қазіргі салықтардың тұрақтылығы және мемлекеттегі салықтық құқық қарым-қатынастарын реттейтін біртұтас заңның болуы барлық салық төлеушілердің мемлекет бюджетіне қанша және қашан төлеуін білудің негізін жасады. Мұндай заңдық норма салық төлеуші мен салық заңын сақтауды және мемлекет алдында салықтық міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ететін салық органдарының қарым-қатынастарын мүлдем жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. З.Н. Әжібаева. Аудит; Оқулық-Алматы 2006
2. Д.О. Абленов. Аудит негіздері; Оқулық-Алматы 2005
3. Н.Айыпұлы. Бухгалтерлік есеп; Оқулық


Тегтер:ағымдағы міндеттемелер аудитібюджет дегеніміз небюджет жүйесі дегеніміз небюджет тапшылығы дегеніміз небюджет туралы рефератбюджет қаражаты дегеніміз небюджет құрылымы дегеніміз небюджетпен есеп айырысу аудитібюджетпен есеп айырысу есебібюджетпен есеп айырысу есебі курстық жұмысбюджетпен есеп айырысу операцияларының есебіжалпы және әкімшілік шығындар аудитіжеке табыс салығыжеке табыс салығы бойынша декларацияжеке табыс салығы есептержеке табыс салығы рефератжеке табыс салығын есептеужеке табыс салығын есептеу формуласыжеке табыс салығын төлеушілержеке табыс салығының ставкаларыжер салығы сомасын есептеужергілікті бюджет дегеніміз неміндеттемелер аудитіміндеттемелер аудиті рефератміндеттемелер есебі және аудитіміндеттемелер мен капиталдың аудитіміндеттемелердің аудитімемлекеттік бюджет дегеніміз нереспубликалық бюджет дегеніміз несалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралысалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы адилетқызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудитіқызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебіұзақ мерзімді міндеттемелер аудитіәкімшілік шығындарәкімшілік шығындар есебіәкімшілік шығындарының есебіәлеуметтік салықәлеуметтік салық есептеуәлеуметтік салық рефератәлеуметтік салық ставкасы