Алмазбек Атамбаевқа кесілген үкім күшін жойды
Қырғызстан соты Алмазбек Атамбаевтың ісін қайта қарауға жіберді. Бұған дейін кесілген үкім өз күшін жойды.
«Бұған дейінгі екі инстанция үкімінің күші жойылды. Іс Первомай аудандық сотына қайта қарау үшін жіберілді», — деп жазылған ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Алмазбек Атамбаевқа қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатып жіберді деген айып тағылып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.