Нұр-Сұлтанда баспанаға құжат қабылдау басталды

0

Нұр-Сұлтанның Тұрғын үй орталығы 2-9 желтоқсан аралығында «халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары» үшін сатып алу құқығынсыз жа берілетін баспанаға құжат қабылдау басталатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Барлығы 309 пәтер бөлінді, оның ішінде:

  • 165 бір бөлмелі пәтер (34-36 шаршы метр);
  • 141 екі бөлмелі пәтер (48-51 шаршы метр);
  • 3 үш бөлмелі пәтер (68 шаршы метр).

Орналасқан жері: Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай, Сарыбұлақ өзенінің бойындағы тұрғын үй кешені – Лот Б-7.

Әлеуметтік әлжуаз топтарға кімдер жатады:

  • жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түріне шалдыққан азаматтар;
  • жасы бойынша зейнетке шыққандар;
  • жетім балалар;
  • қандас;
  • экологиялық апат салдарынан баспанасынан айырылғандар;
  • қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар.

Айта кетсек, 309 пәтердің 93-і жетім балаларға қарастырылып отыр.

Құжат тапсыру шарттары

Өтініш 2-9 желтоқсан аралығында қабылданады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді?

Құжат қабылдау zhilfond.kz сайты арқылы («Онлайн қызметтер» бөлімі — «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға өтініш беру») тек электронды түрде жүргізіледі.

Пәтер «Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы» санаты бойынша елордада баспана кезегінде тұрғандарға ғана беріледі.

Ай сайынғы жалға алу құны – 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта.

Қалай тапсыруға болады

  • ЭЦҚ кілті;
  • балалардың туу туралы куәлігі/отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
  • өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болған жағдайда).

Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz сайты мен Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/capital_life/20201130/15613972/baspana-qujat.html