Ең жоғары зейнетақы 506 мың теңге: БЖЗҚ төлемдерге қатысты ақпарат жариялады
Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады.
Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.
Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.
Оның ішінде:
- зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.
Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.