Гауһартаспен көмкерілген: Жапонияда 10 мың доллар тұратын бетперделер сәнге айналды

0

Жапонияның Токио қаласында масканың люкс түрі сәнге айналып жатыр. ХХ ғасырдың 90-жылдарынан асқан танымалдылыққа ие болған дүкеннен бетперденің 200-ден астам түрін табуға болады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бағалы інжу мен гауһар таспен көмкерілген қымбат маскалар Mask.com брендіне тиесілі. Біреуінің құны шамамен миллион йен, яғни 9 600 доллар болады.

Мұндай қымбат бетперде шығарған бренд мақсаты — пандемия кезінде зиян шеккен сән индустриясына қолдау көрсету.

Гауһар тасты маскалар 0,7 каратты асыл таспен және 300-ден астам Сваровски кристалымен көмкерілген, ал інжу бетперделер 330-ға жуық Акойя інжуінен «өрілген».

Дегенмен жапондық маска әлемдегі ең қымбат бетперде емес. Израильдік зергер 250 грамм 18 каратты алтыннан әзірлеген масканың құны — 1,5 миллион доллар.