Туыстары өлді деп мәйітханаға апарған ер адам тіріліп кетті

0
580

Кенияда туыстары өлдіге санап мәйітханаға апарған ер адам тірі болып шықты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң, жақындары оны ауруханаға жеткізеді. Алайда дәрігерлер оның жол-жөнекей көз жұмғанын айтады. Десе де ақ халаттылардың бірі Гирберт Черуйота оны әлі де бақылауға кеңес береді. Туыстары оның сөзіне құлақ аспай, науқасты мәйітханаға алып барады.

Мәйітхана қызметкерлері оны бальзамдауға дайындап жатқан кезде қозғалғанын байқап, ауруханаға қайта жеткізеді. Көп ұзамай денсаулығы жақсарған Питер Киген үйіне жіберіледі.