«Құдды жас қыздай»: Гүлнұр Оразымбетова мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандырды (фото)

0

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде бар дене сымбатын паш етіп, ерлер қауымын өзіне қаратты. Көпшілік екі баланы дүниеге әкеліп, қырықтан асып кеткен өнер иесінің мінсіз мүсінін осындай қалыпта сақтап қалғанына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында дәлізде жүріп кеде жатқан видеосын жариялап, ойламаған жерден желідегілердің қызу талқысына қалды. Бейнежазбадан эстрада жұлдызының жылтыраған әрі денесіне қатты жабысып тұратын қара түсті көйлек киіп алғанын байқауға болады.

Шоу-бизнес өкілі музыка қосылған бойда кәсіби сәнбикелер секілді подиумда жүріп келе жатқандай кейіп танытады. Өнер иесінінің аталмыш видеосы желідегі барша ер адамдардың назарын аудартты. Азаматтар Гүлнұр Оразымбетованың қырық жастан асқан шағында осындай мінсіз мүсінге ие екеніне тамсана қараған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Гүлнұр Оразымбетова (@gulnurorazymbetova)

Олар екі баланың анасы бола тұра талдырмаш дене сымбатын сақтап қалған әртіске деген мақтау сөздерін жаудырған.

«Отсыз» , «Ең мықты адам ол сізсіз», «Сұлусыз», «Ақылына көркі сай Гүлнұр», «Сізді қатты жақсы көремін», «Ғашық еттің өзіңе», «Гүлнұр фигураң сондай әдемі. Жүрісің бір бөлек», «Екі баланың анасы бола тұра осындай талдырмаш денеңіздің болуы керемет», «Фигураңыз от. Құдды жас қыздай», «Сізге қарап, жасыңыз қырықтан асып кетті деп айтуға қимайсың», «Ешкімге сыр бермеңіз. Дұрысы сол. Не болса да шешетін өзіңіз. Мықты болыңыз» деп жазуда көпшілік.