Қазақша слайд —  Нерв тіні. Нерв тінінің жасқа байланысты гистологиясы мен регенерациясы — презентация

0

Қазақша слайд —  Нерв тіні. Нерв тінінің жасқа байланысты гистологиясы мен регенерациясы — презентация

Нейрондық теорияның негізгі қағидалары.

І. Кіріспе

Нерв тіні туралы жалпы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Нейроглия

2.Нерв талшықтары

3.Нерв ұштары

ІІІ. Қорытынды

Нерв тіні

Нерв тіні нерв жүйесінің құрылымдық элементі. Эктодермадан дамиды. Нерв тіні нерв клеткаларынан, немесе нейрондардан және глиалық клеткалардан немесе глиоциттерден тұрады. Нерв тінінің құрамында рецепторлық жасушалар да болады. Нейроглияның клеткалар саны нейрондарға қарағанда 10 есе көп. Бұл жасушалар орталық нерв жүйесінің жасушаларын қоршап, олардың арасындағы кеңістікті толтырып, механикалық тіректік функция атқарады.

Нерв тіні

Нерв тіні арнайы қызметтерді атқаратын: тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, нерв импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз ететін, бір — бірімен нерв жасушалары немесе нейрондары мен нейроглияның жиынтығы. Нерв тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма алғашқыда қалыңдап – нерв пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп, ортасы науа тәрізді майысып,  ең соңында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір – бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді. Бұл тін барлық тіндер  мен мүшелердің реттелуін, олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады.

Нейроглия

Нейроглия — нерв тінінің көмекші және маңызды құрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импульстарын өткізбейді, бірақ олар нерв ұлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады.

¢Нейроглия

Нейроглия нерв тінінде сан алуан қызмет атқаратын нерв тінінің аралық заты. Нейроглияның жасушалары үлкен екі топқа бөлінеді. Олар: глиоциттер немесе макроглия.

Макроглияға жататындар: эпендимоглия, астроглия және олигодендроглия.

Микроглия жүйке жүйесінің макрофагтары болып саналады. сүйек миындағы қанның миоциттерінен дамиды. Микроглияциттер қозғалмалы. Тітіркену процесі кезінде бұлардың пішіні өзгертіп отырады. Бұндай кезде оларды дән тәрізді шарлар деп те атайды.

 

Нейроглия

Глиа клеткаларының метоболизмдік активтігі өздерін қоршаған жасушаларының метоболизміне тығыз байланысты деп есептейді. Жадыға сақтау процестеріне қатысатын болуы керек деген жорамал да бар. Шванн жасушалары деп аталатын нейроглияның серіктері миелинген нерв талшықтарының қабықшаларын синтездейді, ал қалған жасушалар фагацитоздық қызмет атқарады. Нейроглияның екә түрі бар: нерв түтігінен дамитын макроглия мен мезенхимадан пайда болатын микроглия.

 

Нерв талшықтары

Глиалық қабықшалармен қапталған нерв жасушаларының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары ми мен жұлынның өткізуші жолдарын, ал шет жағында нервтерді құрайды. Орталық нерв жүйесінде нерв талшықтары мидың ақ затының құрамына кіреді. Нерв талшығының басты бөлігін нерв талшықтарының құрамындағы нейрондардың өсінділері болып саналатын орталық цилиндр құрайды, ал талшықтың қабықшасын құраушы глиалық клеткаларды леммоциттер немесе “Шванн жасушалары” деп атайды. Қабықшаларының құрылысына қарай нерв талшығының екі түрін: миеленсіз және миеленді нерв талшықтарын ажыратады.

Нерв талшықтары

 

Миеленсіз нерв талшықтары

Миеленсіз нерв талшығы – бірнеше орталық цилиндр немесе нейронның өсіндісінен және нейролеммациттерден түзілген қабықшалардан тұрады. Миеленсіз нерв талшығының құрамында миелин болмайды.

Миеленсіз нерв талшығын жұқа дәнекер тінілік базальдік мембранамен қапталған. Электрондық микроскоп талшықтың орталық цилиндрі Шванн жасушасының цитоплазмасына батып тұратынын және нерв жасушаларының өсінділері Шванн жасушаларының плазмалеммасының қос қатпарына асылып тұрғандай болып көрінетінін байқаған. Плазмалық мембрананың осы қос қабатын мезоксон деп атайды.

 

Миеленді нерв талшықтары

Миеленді нерв талшықтары орталық цилиндрден, миелин қабатынан және нейролеммадан тұрады. Орталық жәнре шеткі нерв жүйесінде байқалады. Бұл талшықтар нерв импулстарын өте тез және дәл өткізеді. Изолятор рөлін атқарады деп есептеледі. Миелин нерв талшығын толықтай қаптамайды, белгілі аралықта үзіледі.

Нерв ұштары

Нерв талшықтарының бәрі нерв ұштары деп аталатын сезгіш нейрондар дендриттерінің тармақталған ұштары болып саналатын ерекше рецепторлық аппаратпен аяқталады. Функциялық ерекшелігіне қарап нерв ұштарын эффекторлық және сезімдік деп ажыратады. Эффекторлық нерв ұштары қозғаушы және секреторлық болып бөлінеді.

Қозғаушы нерв ұштары ми мен жұлынның қозғалтқыш ядроларында және вегетативтік жүйенің ядроларында жайғасқан қозғалтқыш жасушалардың нейриттерінің бұтақтарының ұштарынан түзіледі. Бұлардың қатысымен нерв импульстері жұмысшы органдардың жасушаларына беріледі. Көлденең салалы бұлшық еттегі қозғаушы ұштарды нерв – бұлшық еттік синапстар немесе моторлық түйіндер дейді. Бұлар жұланның алдыңғы мүйіздерінің немесе мидың моторлық ядроларының клеткаларының нейриттерінің ұштары.

 

Әдебиеттер

“Гистология” Аяпова Ж.О.

“Гистология және эмбриология негіздері” М. Нұрышев

“Жалпы гистология негіздері” Қ.А. Сапаров

“Гистология дәрістер жинағы” Аяпова Ж.О.

“АТЛАС, гистология, цитология және эмбриология” Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй

 

Жүктеу