Қазақша слайд — Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар — презентация

0

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар микоздар деп аталады. Микоздар өздерінің қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері, патогенезі және ауоудың клиникасы бойынша әр түрлі. Олар урбанизацияға байланысты, антибиотиктерді рационалды пайдаланбауда, иммунды жеткіліксіз кезінде адамдар арасында кең таралады.Саңырауқұлақтар – эукариоттар, жасушалары (гифалары) мицелий түзеді- вегетативті жасушасы.    Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Оларды аэробты жағдайда, 28-33 С-де дақылдандырады.

Дақылдық қасиеті.

Саңырауқұлақтарды мынадай қоректiк орталарға егемiз: Сабуро, сулы сусла не болмаса сусла агары. Сулы ортада бетiнде жұқа пленка түзедi, тығыз қоректiк орталарда алғашқа кезде  — түссiз колония, соңында пигменттелген колония түзiледi.

Төменгi саңырауқұлақтардың — гифтерi ұзын жiңiшке жiпшелерден тұрады, гифтер бiр-бiрiмен байланысты септасыз мицелии түзедi. Жоғары саңырауқұлақтардың гифтерiнiң арасында септа түзуiмен сипатталады, мицелары көп жасушалы, кейбiр бөлiктерi субстратқа өсiп егуiн: вегетативтi деп атайды. Ал бос бөлiгi ауалы репродуктивтi деп аталады.

Саңырауқұлақтар спора арқылы, жынысты жəне жыныссыз вегетативтi түрде көбейедi.

Саңырауқұлақтардың жануарлар ағзаларында жасушаларының жəй белгiлерi бар. Олар гетеротрофты типпен, витаминдердi қажет етумен қоректенедi. Саңырауқұлақтар- хлорафильсiз, гетеротрофты, аэробты не болмаса факультативтi анаэробты микроорганизмдер. Саңырауқұлақтар əр түрлi ферменттер түзедi. Кейбiр түрлерi күштi токсиндердi бөледi.

 хлорофилсіз, гетеротрофты аэробтар және факультативті анаэробты микроорганизмдер

-көпшілігі қоректік ортаға талғамсыз (көбісі минимальді ингредиентті қоректік ортада өседі), бірақ арнайы қоректік орта қажет ететін саңырауқұлақтар да бар. (Сабуро, Чапека, Сусло агары, сүйық сусло)

сұйық орталарда қабық түзеді

Тығыз орталарда жас колониялар мөлдір, спора түзу кезеңінде пигменттелген болады.

-көбіне мезофилы (20-45С), бірақ екі табақшада 25С және 37С өсіреді, ол диморфизмді анықтауға мүмкіндік береді.

Қоршаған орта факторларына сезiмталдығы саңырауқұлақтардың түрiне байланысты. Күн сəулесiнiң əсерi ұзақ немесе сұйық ортаға əсер етсе ғана жояды қайнатуда бiрнеше минут шыдайды. Фунфицидты əсерге 3-7% уксус қышқылын, 1%-2%-салицил жəне бензол қышқылдары.

Зақымдалудың орналасуы бойынша микоздар 4 топқа бөлiнедi:

  1. Терең микоздар (кокцидиоз, гистоплазмоз, бластомикоздар).
  2. Терi астылық не болмаса субкутанды микоздар (споротрихоз, хромомикоз, мадуромикоз).
  3. Эпидермомикоз, эпидермистi шаштарды, тырнақтарды зақымдайтың дермофитияны туғызатың қоздырғыштар болып табылады.
  4. Беткейлiк микоздар не болмаса кератомикоздар (түрлi-түстi лишаи, қара лишай т.б.). Бөлек топты опортунистикалық микоздар: шартты патогендi саңырауқұлақтардың қоздырғыштары.

 

     Терең микозда бiрiншiлiк зақымдалуда, өкпеге өтiп, өткiр түрдегi пневмонияны туғызады. Созылмалы түрдегi формасы сирек кездеседi. Олар өте баяу түрде дамып, iрiңдi гранулометозды зақымдалумен ерекшеленедi. Қоздырғыштар гемотогендi жол арқылы тарап, бүкiл организмдегi кез-келген ағзаларда жəне тканьдерде метастатикалық абцесстермен гранулометозды тудырады. Терең микоздарда жоғары сезiмталдықтың баяу типтегi реакциясының жүрумен сипатталады. Терең микоздардың микробиологиялық диагностикасында микроскопиялық зерттеу тəсiлi бойынша қоздырғыштың өзiне тəн морфологиясын анықтайды. Саңырауқұлақтардың таза дақылын алу үшiн микологиялық зерттеу жүргiзедi.

    Субкутанды микоздар ауылды жерлерде көп кездеседi. Ауру бiлiнбей басталып, баяу прогрессивтi түрде терi астында абцесс жəне гранулометозды пайда болумен, көбiнесе терi беткейiне дейiн дамумен сипатталады. Инфекция лимфатикалық жол арқылы регионарлы лимфа бездерiнде iрiңдi, гранулематозды зақымдалумен жүреді.  Эпидермомикоздар созылмалы түрдегi инфекциямен сипатталады. Қабыну ошақтары лифицирленген жерде локальды болады, деструкцияға бейiмсiз. Эпидермимикозбен ауырған ауруларды жоғары сезiмталдылықтың баяу типтегi реакциясы дамиды.

ЭПИДЕРМОМИКОЗДАР  – эпидермис, шаш, тырнақтың зақымдалуы (дерматомикоз). Ауру  белсенді зақымдалған ошақпен байланысқан соң пайда болады. Қоздырғыштар теріде көбейеді. Ауру өмірге қауіп төндірмейді, косметикалық проблемалар тудырады. Тірі тіндерде инвазиясы сирек кездеседі. Сирек жағдайда иммундытапшылықты адамдарда айналымдағы тіндердің кенеттен зақымдалуы көрінеді.

Беткейлік  (сапрофитиялар) – шаш және эпидермистің беткейлік, мүйізді қабаттың зақымдалуы (кератомикоз, түрлі түсті және қара теміреткі және т.б.). Қоздырғыштың антигендеріне иммундық реакциялары жоқ. Косметикалық мәселелер тудырады, өмірге қауіпі жоқ.  Көбінесе арнайы емді қажет етпейді.

Адамның сағырауқұлақпен зақымдалуының 3 негізгі түрлері

токсикалық (мицетизм, микотоксикоз – саңырауқұлақтармен және токсиндермен улану);

сенсибилизациялаушы (микогенді аллергия);

инфекционды (микоздың түзілуі)

Лабораториялық диагностикасы

Микоздардың клиникалық көрінісі полиморфты, сондықтан барлық жағдайда диагноз лабороториялық әдіс зерттеулерімен анықталуы тиіс, және олардың нәтижесі дұрыс алынған патологиялық материалға байланысты болады.

Жағынды жасау үшін алынған бөліндіні мақталы тампонмен алып, кейін 2 мл қоректік ортасы бар пробиркаға орналастырады. (Сабуро сорпасы). Микроскопияға жағындыны   Фолькман қасықшасымен немесе  әйнек затпен

алады.

Микробиологиялық диагностика

Зерттеу материалы: ірің,қақырық, тырнақ,зақымдалған шаш, ликвор, қан, жіс, ішкі мүшелер, лимфа түйіндері және т.б.

Нақты диагнозды микроскопиялық зерттеу негiзiнде сүйенiп қоюға болмайды, өйткенi Candida тобына жататын саңырауқұлақтар қалыпты микрофлораға жатады жəне сау адамдарда табылуы мүмкiн. Сол үшiн қоректiк ортадағы (сусло-агар, Сабур ортасы сындық егiндiсi яғни Петри ыдысындағы) қажет. Сонымен қатар қан сарысуындағы антиденесi диагнозды толықтырада, негiзiнде идентификациялайды.

Микроскопиялық  әдіс .

Экспресс-әдіс (1-2 сағ). Арнайы бояулармен бояйды, өйткені гематоксилин эозинмен бояғанд саңырауқұлақ жасушалары анықталмайды.

 Грам бойынша

 10% КОН өңдеу – саңырауқұлақтардың құрылысын анықтап, тері фрагментіне, тырнақ, шаш, қынап бөліндісінен анықтап көруге мүмкіндік береді. КОН кератин жасушаларын бұзады, бірақ саңырауқұлақ жасушаларын өзгеріссіз қалдырады.

Тушпен немесе нитрозинмен бояу – капсуланған жасушалары анықталғанда қолданылады. Cryptococcus neoformans.

Романовский-Гимзе немесе Райт бойынша бояу – қан жағындылары

Гридли бойынша бояу – лейкофуксин хроматы және альдегидті фуксинмен және метионин сарысымен өңдеу. (сары фонда жасушалар қызғылт-күлгін түске боялады)

Иммунофлюоресценция

Езілген тамшы препараты – көгерткіш саңырауқұлақтар

Жүктеу