Қазақша слайд – Доғалы Протез Құрылғысын Жоспарлау – презентация

0
134

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ                                                                                                         С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОСПАР:

Доғалы Протез Құрылғысын Жоспарлау:

  1. Протезді кіргізу және шығару жолдарын анықтау
  2. Тіреу тістерінде меже сызығының анағұрлым ыңғайлы орналасуын және соған сәйкес кламмерлер орнын табу үшін модельге белгі қою
  3. Доғаның және протездің басқа элементтерінің таңдай және төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісіндегі орнын анықтау

 

Параллелориметр екі және одан да көп тіс бетінің және жақтың басқа бөліктерінің мысалы альвеолярлы өсіндінің салыстырмалы параллельдігін анықтайтын прибор болып табылады.    

Параллелориметрдің негізінде бір ғана принцип жатыр: қандай да бір ығысқан вертикальды стержень барлық жағдайда өзінің бастапқы орнына параллель болып табылады.

Параллелориметр осы тістердің параллельді вертикальды жазықтарда орналасқан нүктелерді анықтауға, сонымен қатар протездің кіргізу және шығару жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Параллелориметр  құрылымы, бөлшектерінің көрсетілімдері:

Стойка. Стойка осі бойымен қажетті биіктікте  бекітуге болатын қозғалмалы бөлшектері бар кронштейн орналасады.

Кронштейн. Оның үстінде параллельдікті анықтауға болатын әртүрлі құралдар бекітіледі.

Шарлы шарнирі бар үстелше. Оның үстінде мүсін орналастырылады. Үстелшені әртүрлі жазықтықта қисайтуға болады.

Анализдейтін стерженьдер. Оның көмегімен межелеу сызығының ең ыңғайлы деген бағытын анықтайды

Саңырауқұлақ тәрізді стерженьдер. Тіс қалташығының тереңдігін анықтайды. Әртүрлі өлшемдері болады: 0,25; 0,5; 0,75мм.

Графитті стержень. Межелеу сызығын сызу үшін қолданылады.

Протезді кіргізу және шығару жолдары.

Кіргізу жолдары-протездің кламмерлік элементтерінің тіреуші тістерімен бастапқы жанасуынан бастап протез орны тіндеріне дейінгі жасайтын протез қимылы болып табылады.

Протезді кіргізудің төмендегідей жолдарының болуы мүмкін:

Вертикальды

Вертикальды оң

Вертикальды сол

Вертикальды артқы

Вертикальды алдыңғы

Параллелориметрдегі модельді зерттеу тістің меже сызығын, яғни тіс бетін окклюзиялық (тіреу) және ретенциялық (ұстап тұрушы немесе мойын аралық) деп аталатын екі бөлікке бөлетін сызықты анықтаудан

тұрады. Меже сызығы мен қызыл иек қыры арасындағы астыңғы ішкі бөлік, яғни кламмердің эласикалық созылмалы бөлігінде протез ретенциясын қамтамасыз ететін белдеу орналасады. Тіреу тістердің меже сызығын анықтау кламмерлік элементтерді дұрыс бөлуге және біруақытта протезді кіргізудің ұтымды жолын табуға мүмкіндік береді.

Протезді кіргізудің 3 әдісі белгілі:

Еріксіз әдіс

Тіреу тістердің ұзын осьтерінің орташа иілуін анықтау әдіс

Таңдау әдісі

Еріксіз әдіс

Жоғары мықтылықтағы гипстен құйылған мүсінді тістің окклюзиялық жазықтығы саңырауқұлақ тәрізді стерженіне перпендикуляр болатындай етіп, параллелориметр үстелінің үстіне қойып орнатады. Сосын әрбір тіреу тістеріне параллеориметр грифелін жеткізіп, меже сызығын сызады. Осы әдісте параллелориметрияның меже сызығы анатомиялық экватормен сәйкес келмеуі мүмкін,өйткені оның орналасуы тістің табиғи иілуіне байланысты болады, сондықтан бірқатар жеке тістерде кламмерді орналастыру үшін жағдайдың қолайсыз болуы да мүмкін.

Тіреу тістердің ұзын осьтерінің орташа иілуін анықтау әдісі.

Мүсін негізінің қырларын бір-біріне параллель болатындай етіп кеседі. Мүсінді параллелориметр үстеліне бекітеді. Содан кейңн тіреу тістерінің біреуінің вертикальды осін табады. Параллеориметрдің анализдеуші стержені тістің ұзын осіне сәйкес келетіндей етіп, мүсін бар үстельді орналастырады. Тістің ұзын осінің бағытын мүсін негізінің ұқсас бетіне сызады.  Мұнан кейін тістер қатарының арғы бетінде орналасқан екінші тіреу тістің вертикальды осін анықтайды, сонымен қатар оны мүсіннің бүйір бетіне түсіреді. Сосын алынған сызықтарды параллельді горизантальды сызықтармен жалғастырады. Горизантальды сызықтар жартылай белгіленгеннен кейін тіреу тістерінің орташа шамамен алғандағы осі анықталады. Мүсіннің басқа қатпарындағы тістердің орташа осін де осылай анықтаймыз.Бұл әдістің кемшілігі сол, алдыңғы тістерде орналасқан кламмерлер мен көркемдік жағынан бірқатар талаптар ескерілмейді.

Таңдау әдісі

Мүсін параллелориметр үстіне бекітіледі. Сосын тістің окклюзиялық беті анализдеуші стерженьге (нольдік иілу) перпендикулярлы болатындай етіп, үстелді орналастырады. Анализдеуші стерженьді әрбәр тіреу тістеріне қойып, тіреп және ұстап тұратын жерлердің (белдеулердің) болуына және олардың шамасын рет-ретімен анықтайды. Бір немесе бірнеше тістерде кламмер элементтерін орналастыру үшін қолйлы жақсы жағдайдың қалыптасуы байқалса, ал басқаларында жағдайдың қанағатсыз, яғни қолйсыз болуы да мүмкін. Бұл кезде мүсін иілудің басқа бұрышымен қарастырылуы керек. Модель иілуінің негізгі 4 түрі бар: алдыңғы, артқы, оң бүйір және сол бүйір. Мүсін иілуінің анағұрлым қолайлысын таңдап алып, анализдеуші стерженьді грифельге ауыстырады және тіреу тістерінде меже сызығын сызады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Интернет. Google.kz.
  2. 2. В.Н.Копейкин, Л.М.Демнер, Зубопротезная техника.

 

Жүктеу