«Имамнан мешітке тұрақты көмектескенін білдім»: Әлия Әнуарбектің марқұм күйеуі туралы жазбасы жұртты жылатты
Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» атты кинокартинасы арқылы танылған актриса Әлия Әнуарбек жуарда қайтыс болған күйеуі туралы жазба жариялап, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Туған күніне орай Азамат туралы сөз қозғайын. Ер азаматтың көлік есігін ашып беріп, қолын беруіне көзқарасыңыз қандай? Азамат сондай романтик еді. Ол анасына, әпкесіне, маған және қыздарына мейірімді болды. Жұмысында керісінше қатал, салмақты еді. Достары арасында көңілді жүретін. Ең қиын деген келіссөздерді жақсы нәтиже көрсететін.
Балалардың да тілін тез табады. Өзгенің балаларын да жұбатып, оларға өз балаларындай қарайды. Имам көңіл айтуға келген кезде оның мешітке тұрақты түрде көмектесіп жүргенін айтты. Өзімді қамал ішінде отырғандай сезінетінмін. Ол менің қорғаным еді. Мені көп нәрсеге үйретті. Менің ең бірінші ақылшым болды. Біз ешқашан ұрысқан емеспіз. Тату тұрдық. Ол асты ерекше дәмді әзірледі. Достары арасында Азамат қана кәуап жасай алатын еді.
Оған мен емес, сен шығармашылық адамысың дейтін ем. Жас кезінде рэперлер арасында қазақстандық бэтлді жеңіп алды. Ән шығарып, рэп оқыды. Өмір сүріп, сүюге асықты. Әлемдегінің бәрін көрсеткісі келді. Бәріне бірдей асықты. Сен бәрін жасап үлгердің, сүйіктім. Артыңнан өшпес із қалдырдың. Көп адамның жүрегіндесің. Өзің көмек қолын созған адамдардың есіндесің. Достарыңның және менің жүрегімдесің», — деп жазды актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көпшілік бұл жазбаны оқып еріксіз көзіне жас алғанын жазып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, актриса Әлия Әнуарбектің жолдасы 2020 жылы 17 қыркүйекте көз жұмды. Жұптың екі қызы бар.