«Дәрігерлерді мазаламайын деп»: Әйел моншада босанып, шақалақты суға батырып өлтірді
Башқұртстанда 27 жастағы ана өзінің жаңа туған сәбиін өлтірді деп айыпталды. Сот оны шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Әйел 2020 жылдың 8 наурызында жергілікті ауруханаға «өлі туған» шақалағын алып келеді. Ол табиғи жолмен шетінегенін айтып сендірмек болады. Алайда сот-медициналық сараптама нәрестені анасының өз қолымен өлтіргенін дәлелдеді.
Тергеу мәліметтерінше, әйел нәрестені тірі қалдыруды басынан жоспарламаған. Осы орайда дәрігерлерге жүгінбей, оны өзі өлтіруді жөн санаған. Моншада өзі босанып, шақалақты тазиктегі суға батырып өлтірген.
«Тергеу барысында әйелдің қылмысқа қатыстылығы бары анықталды, өзі де кінәсін мойындады. Сот оны 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Оның алғашқы бір жылы — сынақ мерзімі болмақ», — деді РФ Тергеу қызметінің ресми өкілдері.