Что за идиотизм, бұл тағы қайдан пайда болған жүйе, Тоқаев мырза: Қоғам белсендісі жұмыспен қамту орталығын сынады

0

Елдегі ең көп сын айтылатын саланың бірі жұмыспен қамту саласы.

Белгілі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы жұмыспен қамтудағы қитұрқылықтар туралы айтты. Мемлекет жұмыссыздардың санын азайтып көрсету үшін жасалып отырған кейбір көңілге қонымсыз жайттерді айтқан белсенді: «Бұл тағы қайдан пайда болған жүйе, Тоқаев мырза?» деп мемлекет басшысына сұрақ қояды.

«Бұ биліктің «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы жасап отырған қитұрқылығын қараңыздар:

Мысалы, мені бір жекеменшік мекеме жұмысқа алмақ болды. Бірақ ол мекеме өз бетінше қызметкерлерді жұмысқа қабылдай алмайтын көрінеді.
Ол үшін мен «Жұмыспен қамту орталығына» «жұмыссыз» ретінде тіркелуім керек екен. Сосын мені жұмысқа алатын мекеме «бізде осындай вакансияға жұмысшы керек» деп «Жұмыспен қамтуға» сұрау жібереді екен. Сосын ол орталық мені керемет боп «жұмыспен қамтып», жаңағы мекемеге жібереді екен. Тек содан кейін ғана «бір-бірімізді тапқан» мекемеге мен жұмысқа тұра алады екенмін.
Что за идиотизм???
Тіпті, сол бюрократтық процедуралардан өтейін-ақ деп, «жұмыссыз» ретінде тіркеле қояйын десең, «сенің ИПың бар, жұмыссыз емессің» деп, тіркемейді екен!..😡 (Ол ИПның жұмыс істемей тұрғанына 3 жыл болды! Жауып тастауға болар еді, тіпті, карантин алдында жабу туралы электронды өтініш те бергем, бірақ, неге екенін, әлі жабылған жоқ… Ал карантин басталып, 42500-дің жырын жырлаған кезде, ИПымның жабылмағанына қуандым, рас… Ал қазір жапқым келмейді, болашақта бір жобаларды жасауға керек болады деп, жаппай жүрмін…)
Айтайын дегенім, мекеме мені жұмысқа алғысы келеді, мен ол мекемеде жұмыс істегім келеді, бір-бірімізді керек етіп отырмыз, бірақ ортадан мына нұржүйенің «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бүйректен сирақ шығарып, килігіп отыр!
Бұл тағы қайдан пайда болған жүйе, Тоқаев мырза?
«Жұмыспен қамту орталығы» өз бетінше барып тіркелген жұмыссыздарды жұмыспен қамтып алсыншы алдымен!
Әлде «біз осынша адамды жұмыспен қамтыдық» деп, өтірік есептеріне біз сияқты «бір-бірін өз беттерінше тапқан» жұмыс беруші — жұмысшыларды да өздерінің «жақсы атына» иеленіп, отчетына қосу үшін көрсетіп отырған көтензорлықтарың ба???
«Дебилизм» десе, «дебил» емеспіз дейсіңдер тағы…😡
Сендерге 3-4-5-6…10 түрлі қызмет, жұмыс, бизнес жасауға болады да, мен какой-то обороты жоқ ИПым болғаны үшін ешқайда жұмысқа тұруға хақым жоқ па сонда???
Жұмыс беруші де, қанша жерден мені жұмысқа алғысы келде де, шарасыз.
Жұмыс таптым деп қуанған мен де шарасыз. Және осының бәрі қайдағы бір «далбай» жүйені ойлап тапқан иттің кесірінен! Әйтпесе, былтыр ғана «ИПың бар, жоқ» демей-ақ, сол сайтта жұмыс істегем, оған дейін Жүргеновте де істегем… Қашан мұндай былықпайды енгізіп үлгергенін бір құдай біледі! Мені жұмысқа алмау үшін, арнайы маған арнап ойлап тарқан заңдары шығар!»