23 қараша күнгі ауа райы болжамы

0

23 қараша күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Республиканың кейбір аймағында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын болуы да мүмкін. Желдің күші секундына секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріңде тұман түсуі ықтимал.