«Көмектесіңдер! Мен Қытайдағы түрмеде отырмын»: ұйғырдың хаты арандату ма әлде мұсылманның жан айғайы ма?

1

Біздің сайт жазған ұйғырдың хаты туралы ақпарат қоғамда зор дүмпу тудырды.

80 мыңға жуық қаралым жинаған ақпарат бұл мәселенің өте ауыр екенін көрсетеді. Себебі, Қытайда саяси лагерлерінде тек ұйғырлар ғана емес, мұсылман текті қазақтар да отыр.

Санкт-Петербург тұрғыны сатып алынған аяқ киімнен «Көмектесіңіздер. Мен Қытайдағы түрмеде отырмын. Өтінемін көмектесіңіз. Ұйғыр» деген жазуы бар парақ табады. Бұл ақпарат шыққаннан кейін бүкіл әлемде Қытайдан тауарларының белгілі бөлшегін немесе өзін өндіретін компанияларға қатысты дау туып. Оларды тексеру басталды.

Бір жағынан, бұл құқық қорғаушылардың мұсылман үмбетінің ҚХР-дағы ұлттық азшылық тағдыры туралы алаңдаушылығын тағы бір рет туғызды, екінші жағынан, ақпараттың фейк немесе шын екеніне күмәнмен қарағандар да болды.

Хабар ғаламторға тарағаннан кейін желі қолданушылары қайтадан ҚХР түркі халықтарының (атап айтқанда, ұйғырлардың) проблемаларын қайта талқылай бастады.

Өз кезегінде, Пекин ресми түрде исламды және басқа діндерді ұстанушыларға жасалған қысымдарды жоққа шығарады.

Бұл оқиға туралы: «Біріншіден, жазба ұйғыр немесе қытай тілінде емес, ағылшын тілінде жазылған. Екіншіден, бұл аяқ киімнің мекен-жайы да, өндірушісі де, автордың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында екендігі де көрсетілмеген. Осыған байланысты көптеген күмәндар бар, мүмкін бұл жағдайда қандай да бір арандатушылық туралы айтуға болады. Ұйғырларды мәжбүрлі еңбекпен қайта тәрбиелеу туралы әңгіме батыстық бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жазылып жүр», деп санайды қытайтанушы сарапшы.

Дегенмен сарапшының бұл пікірімен келіспейтіндер де көп.

Қытайдың қазақтарға жасаған қысымына шыдамай, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, босқын мәртебесін алған қазақтар да бар екенін еске салайық. 2019 жылы Сайрагүл Сауытбай ісі де қазақстандықтардың есінде.