Алматы облысында енесі келінін есінен танса да, тоқтамай ұрды: сот аяқталды

0

Талдықорғанда БАҚ пен әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған келін мен ене арасындағы сот ісі аяқталды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қазан айының басында жас келіншек Талдықорған ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Медициналық көмек көрсетілген соң ол енесі соққыға жыққанын айтты. Кейін әйел полицияға арыз жазды.

«НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facеbook-те сот үкіміне наразы екенін жазды.

«17 қараша күні әкімшілік істер жөніндегі Талдықорған мамандандырылған сотында судья Мамытова М.И. әйелді әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындады» — деп жазды Таңсәрі.

Таңсәрі прокуратурадан бұл іске байланысты қылмыстық жаза қолдануды сұрады.

«7 қазан күні күйеуінің үйінде тұрып жатқан 1996 жылғы жәбірленушіге курьерлік қызмет қателесіп гүл әкелген. Бұдан соң курьер кешірім сұрап, гүлді алып кетіп, басқа пәтерге апарған. 1972 жылғы енесі бұл кезде мас болып, келіні ұлының көзіне шөп салды деп санаған. Соңы соққыға жығумен аяқталды.

Әйел келіні есінен танып қалған кезде де ұруды тоқтатпаған. Салдарынан келіні жансақтау бөліміне жеткізіліп, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. Медициналық тексеру кезінде енесі ашық түрдегі туберкулезге шалдыққаны белгілі болды. Осы уақыт бойы емделіп жатқанын ешкімге айтпаған. Келініне жұқтырды» — делінген жазбада.

Келіні туберкулез жұқтырғанын растады. Емделіп жатыр. Жәбірленуші қазір күйеуімен тұрмайды, ажырасу процесі жүріп жатыр.

«Мен еш нәрсе талап етпеймін. Мен тек әділдікті қалаймын. Егер тиісті жаза қолданылмаса, өзге әйелдер зардап шегеді. Жағдай бұдан да қиын болуы мүмкін. Азаматтық позициямды танытып, проблема туралы айтқым келеді. Пиар үшін жасап отырған жоқпын», — деді зардап шегуші.

Сот мәліметіне сәйкес, сот актілері заңды күшіне енген жоқ. Тараптар шағым түсіре алады.