Денсаумин Қазақстандағы COVID-19 пациенттерінің статистикасын жариялайды
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 20 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 822 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 124 710 жетті.
Үстіміздегі жылдың 21 қарашадағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 838 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 154 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды.. Бір тәулік ішінде 91 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 41 002, өлім жағдайлары — 425, барлығы 29 960 адам сауығып шықты