Желі қолданушысы шағымданды: Семей қалалық полиция бастығы қызметінен босатылады

0

Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы Мақсат Зекенов жуырда қызметінен босатылмақ, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Arnapress.kz мәліметінше, ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты кезінде осылай деп мәлімдеген.

Қалалық ПД басшысына қатысты іс Facebook әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі жіберген шағымы негізінде қозғалған. Ол Мақсат Зекеновты полиция бөлімінің жеке құрамынан ақша бопсалады деп айыптады. Осы орайда аймақ әкімі оның қызметтен босатылатынын хабарлады.

«Біз Интернетте көрініс тапқан барлық фактілерді мұқият талдаймыз. Жақын арада басқарма бастығы немесе Семей қалалық полициясы басқармасының жетекшісі қызметінен кетеді. Біз барлық мәселелермен бірдей айналысамыз», — деді Даниал Ахметов.

Мақсат Зекенов Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы болып 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол ОПБ-ны, яғни қалалың орталық полиция бөлімін басқарды.