«Жуынып жатқанда ток ұрған»: Қызылордада 17 жастағы қыз қайтыс болды

0
2364

Қызылордада 17 жастағы қыз жуынып жатқанда ток ұрып қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп жазды «Түркістан» газеті.

Қайғылы жағдай 19 қарашада болған.

«Шиелі ауданы Н.Бекежанов ауылындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жуыну кезінде қыз бала абайсызда электр жылытқышқа құлап, ток ұру салдарынан қайтыс болды» делінген ТЖД баспасөз мәлімдемесінде.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз