Қытай АҚШ-пен сауда соғысында жеңіске жетті — Сараптама
Америка Құрама Штаттары қытай экспансиясының жолын кесу үшін ТикТок пен Huawei сынды технологиясымен күресіп жатқанда, Пекин тарихтағы ең ірі экономикалық топтардың бірін құра алды. Тек ресми клуб немесе келіссөздер алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен еркін сауда аймағы ретінде де бұл топ ерекше.
Бұл туралы KzNews.kz ақпараттық агенттігі жазды.
Бұл әрине, Қытайды мақтау емес. Соңғы оқиғалар негізінде екі алпауыт елдің саяси текетіресіне берілген баға.
RCEP — қысқартудың осы төрт бас әрпі қазір Азия-Тынық мұхиты аймағының он бес елін біріктіреді, олардың үлесіне дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің үштен бір бөлігі және әлем халқының үштен бір бөлігі кіреді. 15 қарашада Қытай мен оның серіктестері АҚШ-тың әлемдегі экономикалық көшбасшылығына сәтті «соққы берді».
Тарихтағы ең ірі келісімдердің бірі — жан-жақты аймақтық экономикалық серіктестікке қол қойды. Келіссөздер сегіз жыл бойы жүргізілді, осы уақыт аралығында мемлекеттер әр түрлі президенттердің тұсында бәсекеге қабілетті Қытай Транс-Тынық мұхиты серіктестігін құруға қол жеткізді. Қазір бұл өңірде RCEP-ге бәсекелес жоқ.
Кешенді серіктестік Қытай, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және он АСЕАН елдері үшін Бруней, Мьянма, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Филиппин, Сингапур, жалпы еркін сауда аймағын (бірыңғай ережелермен, салықпен және өндіріс стандарттарымен) құрайды.
Мәміленің ауқымынан басқа, қатысушылардың кейбірінің саяси таңдауы да таңқаларлық. Вашингтонға бүйректері бұрылып тұратын Канберра мен Токионың Бейжіңмен келісімге қол қоюы американдықтардың тіпті жақын серіктестерге экономикалық және саяси ықпалынан айырылуының айқын белгісі болып отыр.
Аустралиялықтар мен жапондықтар корейлермен бірге өз дау-дамайларына батып кеткен Вашингтонмен достықтың ара-тұра уақытша пайдасының орнына сенімді жеңістерді таңдады (бұл сайлаумен жақын арада аяқталуы екіталай).
Енді Үндістан үшін «талас» басталады. Әзірге ол жан-жақты серіктестікке қосылудан бас тартты, бірақ көп ұзамай шешімін өзгертуі мүмкін. Алайда, Нью-Делиде де өзінің жоспарлары бар — Үнді-Тынық мұхит аймағы тұжырымдамасы, ол АҚШ-пен бірге Қытайға қарсы блокқа айналуы мүмкін және Ресейді тарту әрекеттері болуы ықтимал.
Қорытынды қарапайым: әлемді экономикалық қайта бөлу аяқталмайды. RCEP құруға әсер ету аймақтары үшін күрес те ешқашан аяқталмайды.