«Дәріхана басшыларынан ұят кетті!»: Танымал тележүргізуші 10 мың теңгелік дәріні 40 мыңға алғанын айтып ашынды
Танымал тележүргізуші Гүлнәзия Жалғасқызы локдаун кезінде керек дәрісін таппаған кездері болғанын және арзан бағадағы дәріні 4 есе қымбат бағада сатып алуға мәжбүр болғанын айтып ашынды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Менің бір ғана ішімді күйдіргені – сол кездегі жағдай. Бір ампуласы 10 мың теңге тұратын дәріні 40 мыңға, он данасын 400 мыңға сатып алуға мәжбүр болдым. Сол уақытта тек журналист ретінде емес, ана ретінде де ашуландым. Неге осындай елде тұрып дәріні арзан бағада ала алмаймыз? Бірақбіз күрестік. Президенттің араласуының арқасында барлығы реттеле бастады» — дейді ол отандық бағдарламалардың бірінде.
СҚ «Фармация» баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова өз кезегінде бұдан былай осындай жағдай орын алса, 1439 нөміріне хабарласу керектігін айтты. Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың 1 500 түрлі дәріні тегін алуға құқы бар екенін мәлім етті. Бұл дәрілердің тізімін жергілікті емханалардан білуге болады.